Тәуелсіздік мәңгі жасасын

Елдің еңсесін тіктеп, халық болып тәу еткен Тәуелсіздігімізге биыл – 31 жыл. Осыған орай, бүгін Ақ үй ауылдық клубында іс-шара болып өтті. Сәні мен салтанаты жарасқан кеш барысы алдағы бейнесюжетте.

Қ.К.Тоқаев: «Келесі жыл қазіргіден де қиынырақ әрі күрделі болуы мүмкін»

Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері турасында есеп берілді. Сонымен қатар, Үкіметтің 2023 жылға арналған жоспары қарастырылды. Президент болып өткен отырыста биыл еліміз тап болған сын-қатерлерге қарсы тиімді жұмыс істей алмады деп Үкіметті сынға алды. Нақтырақ сюжет көрейік.

Жас та болса көпке үлгілі отбасы

«Жігітке жеті өнер де аз» деген сөз бар қазақта. Ақ үй ауылында тұратын Үсен Жарқынбенков есімді азамат турасында есітуіңіз бар ма еді? Өзі темірді теріше илейтін дәнекерлеуші, электрик одан қала берді қолынан келетін барлық іспен айналысып кете беретін ол, поэзияны жанына серік еткен сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Бақытты отбасының кілті болып отырған жан бүгінде 4 ұл-қыз тәрбиелеп, олардың бойына қазақ ақындарының өмір жолын, шығармаларын сіңіруді қолға алған. Нақтырақ алдағы сюжетте.

Студенттердің сыбайлас жемқорлық туралы пікірі

Бүгін – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн. Осыған орай, Қапланбек жоғары агротехникалық колледжінде дебат болып өтті. Ұйымдастырудағы мақсат – студенттер бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Қос тарап арасында қыза түскен пікірталас барсынын алдағы сюжеттен көрейік.

Жылғалықтармен жүздесу

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әкімдер әр аптада халықпен кездесулер өткізуде. Жоспарға сәйкес, бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрполат Талипов Жылға жұртшылығымен жүздесті. Жиында, ең алдымен, саяси реформалар турасында айтып, мұнан соң өткен кездесуде халық тарапынан айтылған 8 сауалдың бүгінгі күнде шешілу процесін баяндап өтті.

Ақыл мен білім ордасы

Кітапхана – ұлттың рухани азығы. Сәйкесінше, еліміздің ертеңі еңселі, келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болуы үшін, ең алдымен, жастарымыз білімді болуы шарт. Жасыратыны жоқ, бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Қазіргі таңда Келес ауданындағы орталық кітапханада 262 578 кітап қоры бар. Ондағы ұжым құнды кітаптарды сақтап ғана қоймай, оны насихаттап, көпшілікке қолжетімді болуы үшін азды-көпті жұмыстар атқаруда. Нақтырақ сюжет көрейік.

Сарыағашқа алғашқы қар жауды

Сарыағашқа алғашқы қар жауды. Соңғы жылдары өңірге ақ ұлпаның жаууы сиреген еді. Бүгінгі толассыз жауған қар таңертең көлік жүргізушілеріне өз кедергісін тигізді. Жол қатынасының үзілмеуі және жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында 3 техника жұмылдырылып, 8 тоннаға жуық құм айрықша маңызы бар көшелерге себілді. Дей тұрғанмен, көлік жүргізушілердің айтар алғыс пен уәжі де бар. Нақтырақ сюжет көрейік.

5000-ға жуық ағаш екті

Келестіктер 5000-ға жуық көшет екті. Келес ауданында күз мезгілінде басталған науқан ауа райының қолайсыздығына қарамай, бүгін өз жалғасын тапты. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өтіп жатқан бұл игі іске 70-ке жуық азамат жұмылдырылды. Сонымен, ағаш егу бойынша жоспарланған меже 95 пайызға орындалған. Мамандар осылай деп отыр. Нақтырақ сюжет көрейік.

Жұмыс жүйелі ме?

Әкімдердің халықпен кездесулері жалғасуда. Бұл жолғы кездесу керуені Жібек жолы ауылдық округінде болып өтті. Жиынды ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрполат Талипов өткізді. Жоспарға сәйкес, әдеттегідей өткен кездесуде халық тарапынан айтылған талап- тілектердің орындалуы турасында баяндама жасады.

Қаңтарда үзілген жас ғұмыр…

Еліміздің тыныштығын сақтау жолында құрбан болып, небәрі 19 жасында қандықол қарақшылардың қолынан қыршын кеткен қазақтың батыр оғланы – Дәулет Жұпарбековтың есімі еш уақытта ел есінен кетпейді. Елім деп соққан жұдырықтай жүректің өшпес ерлігін тек сарыағаштықтар емес, барша қазақстандықтар жүрегінде сақтайтыны анық. Қаһарман ұлдың Отан алдындағы ұлы міндеті халық жадында мәңгі жаңғырып қала бермек.