Оңалту орталығындағы мереке

Сарыағаш ауданындағы Оңалту орталығының балалары да жаңа жыл мерекесін ерекше етіп қарсы алды. Бүгін ЖРО-ның жанынан құрылған «Адал көмек» еріктілер клубының жастары орталыққа барып, балаларды шаттық пен қуанышқа бөлеп, сый-сияпаттар тарту етті. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Қызылжарлық балаларды қуанышқа бөледі

Жаңа жыл – балалар үшін ғажайыпқа толы, ең ерекше мереке. Бүгін Қызылжар ауылдық мәдениет үйінде, жаңа жыл мерекесі қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балалаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында, ауыл әкімінің шыршасы ұйымдастырылды. Онда мәдениет үйінің өнер майталмандары бүлдіршіндерге театрландырылған қойылымдар көрсетіп, қуанышқа бөледі. Салтанатты кеш барысында алғаш боп сөз алған ауылдың зиялы қауым өкілдері баршаны мерекемен құттықтап, ақ жарма тілектерін білдірді.
Кезекті сессия

Сарыағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс XXIX сессия отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі М.Отаршев, аудандық мәслихат хатшысы, ауыл әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты. Онда бірқатар мәселелер қаралып, мәслихат регламентіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар айтылды. Нақтырақ сюжет көрейік.
Ақылдылар сайысында кім жеңіске жетті?

IQ батл интеллектуалды ойыны оқушылар арасында жалғасын тапты. Аталмыш шара ел ертеңі болған жас ұрпақтың интеллектуалды ойлау қабілетін арттыру, оқу-білімге құштар ету және білім деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл сайысқа ауданымыздағы білім ұяларынан 21 топ қатысты. Ендеше, талас пен тартысқа толы білім сайысы туралы толығырақ алдағы сюжетте.
«Табысты отбасы» жобасы аясындағы кездесу

«Табысты отбасы» – азаматтардың табысты болуына ықпал жасайтын пилоттық жоба. Бұл жоба еліміздегі 5 өңірде жүзеге асуда. Олардың қатарында Сарыағаш ауданы да бар. Әлеуметтік жоба аясында қазіргі таңда 27 сарыағаштықтар қатысып, 5 бағыт бойынша білім алуда. Ал бүгін қатысушылармен пилоттық жобаны қаржылдандырып отырған «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері кездесті. Нақтырақ тілші бейнематериалында.
Сарыағаштық ұстаздар тәжірибе алмасты

Бүгін №75 Ж.Жабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде математика-информатика пәндерінен аудандық семинар болып өтті. Шараға өңіріміздегі білім ұяларынан 70-тен аса мұғалім қатысып, жыр алыбы Жамбыл атындағы мектептің білікті де білімді, шебер ұстаздарының өткен дәрістерін бақылап, мол тәжірибе алды. Нақтырақ сюжет көрейік.
Ағылшын тілі пәнінен аудандық семинар өтті

Авторлар: Халима Мақсатқызы, Асан Қазақбаев
Енді заңдарды мәжіліс қабылдайды

Енді заңдарды Мәжіліс қабылдайды, ал Сенат мақұлдап, Президенттің қол қоюына жібереді. Бұл туралы Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық төрағасы Арман Қожахметов Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында баяндады. Осылайша, қос тараптың депутаттары Парламенттің регламентіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қарастырды.
Тәуелсіздікке тағзым

Бүгінде Қазастан Республикасы – бүкіл әлем қауымдастығы мойындаған Тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Бүгін қазақстандықтар үшін қастерлі болған Тәуелсіздік күніне орай, Қызылжар ауылдық мәдениет үйінде «Тәуелсіздікке тағзым» атты салтанатты шара болып өтті. Мемлекеттік әнұранның әуелеуімен басталған шараға қатысқан Сарыағаш ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрполат Талипов мінберде сөз алып, тәуелсіздік туралы толғана сөйлеп, жиылған қауымды атаулы мерекемен құттықтады.
Құркелестіктермен кездесу өтті

Әкімдердің халықпен кездесулері жалғасуда. Бұл жолғы кездесу керуені Құркелес ауылдық округінде болып өтті. Онда аудан әкімнің міндетін уақытша атқарушы Нұрполат Талипов халықпен кездесіп, биылғы жылда өткен саяси науқандар, Поезиденттің тапсырмалары турасында сөз қозғап, өткен кездесуде халық тарапынан көтерілген 12 мәселенің шешілуі барысын баяндады.