Қызылжарлық жас боксшылар

Сарыағаш ауданында қазіргі таңда жас жеткіншектердің боксқа деген қызығушылығы жоғары. Содан кейін болса керек, өңірімізде бала Бекзаттар мен Головкиндердің қатары күн санап артып келеді. Толығырақ сюжет көрейік.

Еріктілердің көмегі

Сарыағаштың ерікті жастары жарады. Жалынды жастар ауа райының қолайсыздығына байланысты қаланы қалың қардан тазартып жүрген тазалықшыларға ыстық шай мен тіскебасарлар таратты. Онан бөлек, өздері де қолдарына күрек алып, қар тазалау жұмыстарына қолғабыс жасады. Онан бөлек, 1 топ еріктілер ақ ұлпаның қалыңдығын көтере алмай тұрған шыршаларды да қардан тазартты.  Нақтырақ сюжет көрейік. Авторлар: Халима Мақсатқызы, Аман […]

Облыс әкімінің Келес ауданына жұмыс сапары

«Ауыл шаруашылығын әртараптандыруға күш салу керек». Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды ала таңның атысымен, сарышұнақ аязға қарамай Келес ауданына іссапармен келді. Онда өңірдегі шаруа қожалықтардың біріне табан тіреп, шаруалардың үніне құлап түріп, сонымен қатар елді мекендерді дамыту жолдарын саралады. Тақырыпты толығырақ алдағы бейнесюжеттен көрейік.

Былапыт сөз айтпауға дайынсыз ба?

Аңдамай сөйлеймін деп, айыппұл арқалап қалмаңыз! Елімізде енді қоғамдық орындарда былапыт сөздер айтып, біреудің ар-намысына тиіп, қорлаған жандарға салынатын айыппұл 4 есе өседі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысының орынбасары Азамат Күрімбаев мәлімдеді. Бұл хабарды сарыағаштықтар қалай қабылдады? Пікірі қандай? Сюжет көрейік.

Қалың қармен күрес

Кешеден бастап толассыз жауған ақ ұлпа баршаны әбігерге салды. Сәйкесінше, ҚР бойынша 122 жол учаскесі жабық. Дәл осындай уақытта қалың қардан көшені тазалайтын тазалықшыларға артылар жүк ауыр. Таңнан бері республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар көшелерде коммуналдық қызмет тарапынан тиісті жұмыстар жүруде.

Аладопты алақанда ойнатқан ауылдастар

Ұшқын ауылдық округінде Тоқаш Бердияров мектебінің 2003 жылғы түлектерінің ұйымдастыруымен «Спорт – денсаулық кепілі» атты волейболдан сайыс болып өтті. Өткізудегі басты мақсат – бұқаралық спортты дамыту, ауылдағы жастарды спортқа баулу және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Ендеше аладопты алақанда ойнатқан ауылдағы ағайындар туралы толығырақ сюжет көрейік.

Шәкірттерге сәуле шашқан – Гүлзинат Пернебаева

Қазақта ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы деген сөз бар. Жетістікке жетіп, белгілі бір саланың шыңына жеткен адаммен сұхбаттасып көріңізші, кез келгенінің мұғалімі жақсы болғанын аңғарасыз. Ал біздің бүгін айтайын деп отырғанымыз, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеу мен оларға білім нәрін сіңіруге жұмсаған, мұғалімдерге арналған марапаттардың басым көпшілігіне қол жеткізген, тек оқушылардың ғана емес, елдің сүйікті ұстазына айналған – №75 Жамбыл Жабаев ж.о.б.б.м. мұғалімі Гүлзинат Пернебаева жайында. Сюжет көрейік.

Үкіметтегі ауыс-түйіс: Біреулер кетер, біреулер келер

Үкіметтегі ауыс-түйіс. Жаңа жылда бірқатар министрлер жылы орнымен қош айтысып, олардың орнына су жаңа Үкімет мүшелері тағайындалды. Естеріңізде болса, өткен жылдың соңында Қ.К.Тоқаев Үкіметте кадрлық өзгерістер болатынын айтып өткен еді. Енді, міне, араға көп уақыт салмай, 5 министр қызметінен кетіп, жаңа Үкімет мүшелері тағайындалды.

Сарыағаштың үздіктері марапатталды

Күні кеше Қызылжар ауылдық мәдениет үйінде әр салада жемісті еңбек еткен, сан саланың қыр-сырын меңгерген азаматтарға «Жыл үздігі-2022» номинациясын тапсыру салтанатты кеші өтті. Мерекелік жиынға қатысып, алғаш болып сөз алған аудан әкімі жыл бойы атқарылған ілкімді істерге тоқталып, жиылған қауымды жаңа жылмен құттықтады. Ендеше, 29 аталым бойынша лайықты марапат иеленіп, жыл үздіктерінің қатарынан табылған кімдер? Сюжет көрейік.

«Ойдым-ойдым шұңқырдан құтылдық»

Бұқаралық ақпарат құралдарында жыр болған, қала тұрғындарына мұң болған Майлықожа көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатқанынан хабардар боласыздар. Осы уақытқа дейін «аты дардай ақын Майлықожаның құрметіне берілген көшенің сыйқы сын көтермейді»-, деп жан ұшыра жергілікті тұрғындардың қақпаған есігі қалмаған болатын. Енді, міне, жоспарға сәйкес асфальттің бірінші қабаты төселіп, күні кеше екінші қабаты да төселіп аяқталуға шақ. Жолдың сапасын тексеруге арнайы барған аудан әкімі онда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.