Республикалық оқу-жаттығу жиыны өтті

Бауыржан Қонысбаев кеден бекетінде аты жаман ауру «аусылды» жою мақсатында ҚР бойынша алғашқы симуляциялық оқу-жаттығу жиыны өтті. Оған көрші мемлекеттермен шекаралас жатқан еліміздегі өңірлердің ветеринария саласының мамандары келіп арнайы қатысып, тәжірибе алмасты. Нақтырақ алдағы бейнесюжеттен көрейік.

Таланттыны танытқан байқау

“Арай – 2023” байқауы өз мәресіне жетті. Бүгінгінің Әміресі мен мәдени іс-шара жүргізушілерінің шын шеберлерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шарада талантымен талайды таңдай қақтырған 20-ға жуық жас қатысып, бағын сынады. Сайысқа арнайы қатысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

Су тасқынын алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстары

Биыл Түркістан облысы су басу қаупі жоғары өңірлердің қатарына енді. Күннің күрт жылуын ескерсек, қар да тез-ақ еріп, сай-саланы су алып, қызыл су үйлерге кіріп кету қаупі де жоқ емес. Естеріңізде болса, Үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Қазақстан көктемде ақ ұлпаның еруі салдарынан болатын су тасқынына толық дайын емес» екендігін жеткізген болатын. Ал Сарыағаш ше? Тосыннан келетін табиғи апатқа жергілікті төтеншеліктер төтеп бере ала ма? Тілші анықтап көрді.

Тасқын су болу қаупі бар

Биыл еліміздің 13 өңірінде су тасу қаупі бар. Бұл қатарға Түркістан облысы да кірді. Бүгін болып өткен Үкімет отырсында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және бірқатар әкімдер күннің күрт жылып, қардың қарқынды еруі салдарынан өңірлерде су тасқынын алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Топ жарған студенттер

«Арыстанбаб» жоғары колледжінің талантты да дарынды студенттері бұл жолы да жарады. Олар «Қазақстан үміті» VI Республикалық шығармашылық конкурсқа қатысып6 бірқатар жүлделерді қанжығасына байлап, колледждің одан қала берді Сарыағаш ауданының мерейін үстем етті. Тақырыпты толығырақ жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылған студенттермен сұхбаттасып қайтқан тілші жалғастырады.

Сайлау науқаны басталды

Елімізде Парламент мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау науқаны басталды. Депутаттыққа үміті бар азаматтар 20 күн ішінде яғни 8-ақпанға дейін тіркеліп үлгеруі керек. Сайлаудың талаптары қандай? Кімдер өзін-өзі ұсына алады? Сюжет көрейік.

Соңғы қоңырау 25-мамырда соғылмайды

Енді соңғы қоңырау 25-мамырда соғылмайды. Бұл туралы Оқу ағарту министрлігі хабарлады. Оқу аптасының ұзақтығы 36 апта болады. 31-мамыр оқу жылының соңғы күні. Осылайша, оқушылардың мектеппен қоштасу салтанаты 1-маусым Халықаралық балалалар мейрамымен тұспа-тұс келіп отыр.

Ашық есік күні өтті

Қазіргі таңда елімізде волонтерлар клубының саны күн санап артып келеді. Бұл дегеніміз қайырымдылық жасап, құлағанға көмек қолын созатын қайырымды жас буынның да қатары көбеюде дегенді білдіреді. Бүгін аудандық Жастар ресурстық орталығында кезекті «Бізбен бірге – волонтер бол» атты ашық есік күні өтті.

Аудан әкімі ақсақалдардың батасын алды

Сарыағаш ауданының жаңадан тағайындалған әкімі Арман Абдуллаев жұмыс аптасын өңірдегі аузы дуалы, көпті көрген көнекөз қарияларымен жүздесу арқылы бастады. Ақсақалдарымыз әкімге ақ батасын беріп, өңірдегі өзекті мәселелерді де өңір басшысына жеткізді. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.