ҚР Мәжілісінде тауарлар туралы жаңа заң жобасы қаралды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында маңызды заң жобасы қаралды. Депутаттар тауарлардың шығарылған елін айқындауға қатысты заңнамалық өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ резервтегі қызмет мәселелерін реттеу жөніндегі түзетулерді талқылады.

Президент сұқбатына өз ойларын білдірді

Парламент Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Аманжол Әлтай мен Жарқынбек Амантайұлы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ана тілі» басылымына берген сұхбатына қатысты өздерінің азаматтық пікірлерін білдірді.

Парижде ән салып, әлемді тамсандырған Әміре

Биыл қазақтың әнін әлемге танытқан, болмысы бөлек азамат Әміре Қашаубаевтың Париж төрінде өткен дүниежүзілік көрмеде ән салғанына – 100 жыл. Осыған орай, Сарыағаш ауданының мәдениет үйінің ұйымдастыруымен деректі концерттік бағдарлама түсірілді. Онда Әміре шырқап кеткен қазақтың әндерін сарыағаштық өнер майталмандары шырқады. Толығырақ, алдағы бейнесюжетте.

Сарыағаштық сазгер Қазақстанның алтын кітабында

Сарыағаштық сазгер, балаларға арналған 100-ден астам әннің авторы Әбдіғафур Кенжебаев “Қазақстанның алтын кітабына” енді. “Эделвейс” басылымынан шығатын кітапта белгілі бір салада жетістікке жеткен, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айырықша үлес қосқан ел азаматтары жарияланады. Толығырақ, алдағы бейнесюжетте.

Баспана сыйлады

Облыс бойынша «Үлгілі ауыл» байқауында жүлделі екінші орынға ие болған Мәдениет ауылының азаматтары бұл жолы тағы да айрандай ұйыған ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсетті. Жергілікті халық әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасының үйлі болуына мұрындық болып, шаңырақтың кілтін жаппай жұртшылықпен табыстап, игі істің жүзеге асуына септігін тигізген барша азаматтар алғысқа бөленді. Толығырақ, тілші сюжетінде.

Мобильді топтың кезекті отырысы

Келес ауданында аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаевтың қатысуымен өткен маңызды жиында өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды ерте анықтау және оларды қолдау көрсету мәселелері кеңінен талқыланды. Мобильді топ мүшелерімен ұйымдастырылған бұл кездесуде ауданның түрлі мамандары өз баяндамаларын жасады. Жиынды аудан әкімінің орынбасары жүргізіп, күн тәртібінде көтерілген маңызды мәселелер бойынша терең талқылау жүргізілді.

Төмен пайызбен баспаналы болыңыз!

Баспаналы болғысы келетін жандарға арнап “Отбасы банк” АҚ Алып сауда қалашығында “Ипотека day” шарасын өткізді. ЖРО орталығының қатысуымен өткен бірегей мүмкіндіктер алаңында сарыағаштықтар банк қызметкерлері, сондай-ақ құрылыс компанияларының өкілдерімен бетпе-бет жүздесіп, мағлұматтар алды. Толығырақ, тілші сюжетінде.

Келес: Үздік жастар марапатталды

Киелі Келес жерінде аудан жастарының азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, аудан жастарының білім, ғылым, өнер, мәдени шығармашылық деңгейінің артуына, өңірдегі жастар саясатындағы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, әр түрлі салада жетістікке жеткен жастарды қолдау мақсатында Келес ауданы әкімінің «Жыл үздігі-2024» жастар премиясы болып өтті. Шараны аудан әкімі Жәнібек Есенұлы ашып, марапат иелерін құттықтады.

Алғашқы жайлы мектеп ашылды

Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған алғашқы мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Дербісек ауылдық округінде бой көтерген білім ордасы 900 шәкіртке арналған.