Қызылжар: Ауғанстан ардагерлеріне тағзым

9 жыл 1 ай 18 күн. Бұл мерзім адамзат жылнамасында Ауған соғысы ретінде жазылары анық. Өткен ғасырдың қаралы беттеріне қанды әріппен жазылған соғыстың аяқталғанына 34 жыл толып отыр. Өлім мен өмірдің ортасында әскери антына адал болып, небәрі 18,19 жасында ауған топырағында батылдықпен, қайсарлықпен азаматтық борышын өтеген боздақтардың құрметіне бүгін Қызылжар ауылдық мәдениет үйінде рухани кеш ұйымдастырылды.

Ауған алауы жадымызда

Ауған соғысына нүкте қойылғанына – 34 жыл. Алайда ауған топырғанда сөнген шоқ, өшкен арман ешқашан да ұмытылмайды. Өңірімізде жыл сайын 15 – ақпанда үрдіске сай Ауған соғысының ардагерлері Жеңіс саябағында бас қосады. Себеп – 20 ғасырдың қаралы беттерінде жазылған әскери қақтығыста ерлікпен қаза тапқан қаруластарын еске алу.

Керуен жолға шықты

Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған ақпараттық керуен ауыл-ауылды аралап жүр. Ондағы мақсат – бұқара халыққа мемлекет тарапынан қарашаға жасалған мүмкіндіктерді жіті таныстыру. Түсіндіру жұмыстары бүгін Ақжар ауылдық округінде басталып, Дербісек, Жібек жолы, Жемісті ауылдық округтерінде жалғасты. Жергілікті тұрғындар көкейдегі сауалдарына тұшымды жауап ала алды ма? Толығырақ сюжет көрейік.

Өнер шыңына Жалынмен

Жалын мектебінде ұйымдастырылған байқаудың мақсаты – көпке танылмаған, оқушылардың бойында тұншыққан талантын паш ету болып табылады. Шығармашылық додаға 7-8-9 сынып оқушылары қатысты. Сайыс талаптарына сәйкес, қоғамда өзекті болған достық және мектептегі сәттерді боямасыз көрсетіп берді. Әділқазы алқалары болса, олардың тақырыпты аша алуына, түсіру сапасы және актер құрамының рөлді сомдай білу қабілетіне баса назар аударып, әділ бағаларын бере білді.

Әкімнің іскерлігіне сенеді

Сарыағаш ауданы әкімінің қызметіне жаңадан кіріскен Арман Айдарұлы 1 ай ішінде 68 елді мекенді аралады. Ондағы басты мақсат – ауыл халқымен етене танысу және ауылдағы өзекті мәселелерді анықтау болатын. Әр жүздесуде мұң-мұқтажын тәптіштеп жеткізген тұрғындардың талап-тілегін қойын дәптеріне жекелей түртіп отырған әкім мырза қараша халыққа қандай уәде берді? Бұқара халық риза ма? Толығырақ Халима Мақсатқызы тарқатады.

«Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»

«Мен өмірге жырлау үшін келгенмін». Бүгін қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 92 жыл. Осыған орай, Ақ үй ауылдық клубында «Өмір – өзен» атты кеш өтті. Бір сағатқа жуық ауылдың таланттылары тынбастан жыр нөсерін кезек-кезегімен төпелетіп, жиылған көпшіліктің көңілін бір сергітті.

Келесте көне тарихтың куәсі болған мұражай бар

Жүзімдік ауылдық округінде көне тарихтың куәсі болған құнды жәдігерлер сақталған мұражай бар. 1990 жылы Келес аудандық атқару комитетінің шешімімен №31 Ш.Уәлиханов мектебінде ашылған мұражайға өткен ғасырларға жетелейтін тарихи экспонаттарды жергілікті ауыл тұрғындары және білім ошағының оқушылары әкеліп жинақтаған екен. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Даланы дүбірлеткен дода

Ұшқын ауылдық округінің 1986 жылы туған азаматтары жалпақ жұртқа көкпар беріп, тағы да айрандай ұйыған ауызбіршіліктің озық үлгісін көрссетті. Дала төсін дүбірлеткен көкпарға Түркістан облысындағы бірқатар аудандар мен қалалардан көкпарсүйер жастар қауымы келіп қатысты. Талас пен тартысқа толы болып өткен ұлттық ойынның барысы – алдағы бейнесюжетте.

Математика патшалығына саяхат

№37 Шәкәрім жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқушылары білім жағынан ауданда алғашқы орында. Көптеген шәкірттің бойына сапалы білім мен саналы тәрбиені сіңіріп келе жатқан білім ошағы осы аптада балалардың ептілігін, зеректігін арттыру мақсатында бірқатар ашық сабақтар ұйымдастырған болатын. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Жыр жауһарлары

Өлкеміздің маңдайына біткен дәстүрлі әннің дүлдүлдері киелі сахнада бас қосты. 3 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Жыр жауһарлары» шарасын ұйымдастырудағы басты мақсат – қазақтың халық әндерін кеңінен насихаттау болып табылады. Ендеше, мәдени мұрамызды ұлықтауға аса қомақты үлес қосқан бүгінгі Ахандар мен Біржан салдардың кешін алдағы сюжеттен көрейік.