Кубок кімге бұйырды?

Өткен жексенбіде Сарыағаш ауданының мемлекеттік қызметшілері шаршы алаңда бас қосты. Қызметте де, спортта да осал емес екендіктерін көрсеткен олар, аудан әкімінің кубогы үшін өткен футбол бәсекесінде бар шаберліктерін ортаға салды. Жеңіс тұғырынан қай команда көрінді? Кубок кімге бұйырды? Сюжет көрейік.
Сарыағаштықтар наурыз мейрамын тойлауды бастап кетті

Санаулы күндерден соң, жер жаһанның жаңарып, күн мен түннің теңескен шағын яғни Наурыз мерекесін тойлаймыз. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасына сәйкес, өңірімізде Әз Наурыз мерекесін 10 күн бойы жоғары деңгейде атап өтеміз. Бүгін «Наурыз – тазалықтың айнасы» атты тақырыппен берекелі мерекенің алғашқы күні де басталып кетті. Толығырақ сюжет көрейік.
Жайылым жер мәселесі қашан шешіледі?

4 жылдан бері дарбазалықтардың шынбайына батқан жайылым мәселесі қашан оң шешімін табады? Ал жаздыгүні топыраққа, қыстыгүні етектен лай кешетін көшелердің сыйқы қай уақытта түзеледі? Халықтың тарапынан қойылған сауалдарға аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза жұртшылығына берген есебінде жауап берді? Толығырақ тілші сюжетінде.
Бақшадағы бұрымдылар байқауы

Шұғылалы көктемнің шуақты күндерімен қатар келетін 8-наурыз Халықаралық қыз-келіншектер мерекесіне орай, Әлімтау ауылдық округіндегі “Жансұлу” бөбекжай балабақшасында «Қыз сыны» байқауы өтті. Арулардың ептілігі мен бар өнерлерін ортаға салатын байқауға қатысқан бұрымдылар жеңіске жету үшін барынша тырысып бақты. Толығырақ, сюжет көрейік.
Топ жарған дарындықтар

Қаншама жылдардан бері қандай білім сайыстары болмасын алдыңғы шептен табылатын өңіріміздегі №4 мамандандырылған Дарын мектебінің шәкірттері бұл жолы да жарады. Олар Республикалық пән олипиадасының облыстық кезеңінде қоржындарын алтын, күміс, қолаға толтырды. Күні кеше сапалы білімі арқасында дарындылар сайысында топ жарған оқушыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Толығырақ тілші сюжетінде.
Ғасырдың дара перзенті

Бүтін бір ұлттың атасына айналған Дінмұхаммед Қоенаевтың 111 жылдық мерейтойы өңірімізде әлі де болсын тойлануда. Бүгін «HIGH SCHOOL OF SARYAGASH» білім ұясында «Ғасырдың дара перзенті» атты рухани іс-шара болып өтті. Келісті кешке «Қонаев» қорының төрағалары да қатысты. Толығырақ сюжет көрейік.
Жастарға бағыт

Жаңа әлемге бет түзеген жалынды жастар – қоғамның қозғаушы күші. Жемқорлықсыз қоғамды құратын да осы жастар қауымы. Күні кеше «Қабланбек» жоғары агротехникалық колледжінде «Жастарға бағыт» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы келелі кездесу болып өтті. Іс-шараға Түркістан облыстық Әділет депртаменті басшысының орынбасары арнайы қатысып, жиылған қауымға бірқатар тиімді ақпарлар берді. Нақтырақ сюжет көрейік.
Жаңашылдыққа жетелеген апталық

Қазіргі таңда білім ошақтарының барлығы заманауи білім беру мақсатында талмай еңбек етуде. Сәйкесінше, мектептерде түрлі пәндерден оқушыларды жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа бастайтын пән апталықтары өтіп жатыр. Соның бір дәлелі, №58 Ә.Марғұлан атындағы білім ұясындағы математика және информатика пәндерінің апталығы.
Ақпарат бүкпесіз айтылады

Аудан әкімі Арман Абдуллаев төртінші билік өкілдері және сарыағаштық әлеуметтік желі белсенділерімен кездесті. Болып өткен бейресми кездесуде жиынға қатысушылар көкейіндегі бірқатар проблемаларды жеткізіп, ұсыныс, талап-тілектерін де айтты. Ал аудан әкімі болса, мәселелер кезең-кезеңімен шешілетіндігін, ортақ шешімге келіп, бірлесе жұмыс істеп, ауданды ары қарай дамыту тетіктерін баяндады.
Жайдарман ойындары басталды

Жайдарлы жайдарман ойындары Сарыағаш ауданында қайта басталды. Қызылжар ауылдық мәдениет үйінде “Қазақстанның болашағы – жалынды жастар” атты тақырыпта өткен маусымашарға барлығы 24 команда қатысты. Олар өздерінің бар өнерлерін ортаға салып, жиылған қауым мен әділқазы алқаларына барынша қағытпа қалжың мен астарлы әзіл арқылы көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға тырысып бақты.