«Әділетті Қазақстан – жалған ұран емес»

«Келер ұрпақтың қандай мемлекетте өмір сүретіні – біздің бүгінгі шешімдерімізге тікелей байланысты». Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен 8-рет сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің алғашқы сессиясы болып өтті. Алғаш болып сөз алған Президент тартысқа толы болып өткен саяси науқанда жеңіске жетіп, Мәжіліс төрінен көрінгендерді құттықтап, алдағы уақытта ел үшін еселі еңбек етеді деген сенімін де білдірді.
Кімдер халық қалаулысы атанды?

19-наурызда кезектен тыс өткен саяси науқан талас пен тартысқа толы болды. Халық алдағы 5 жылда ел үшін еміреніп, бұқара үшін қалтқысыз қызмет жасайды деген кандидаттарға дауысын беріп, өз таңдауларын жасады. Ресми статистикалық мәліметтерге сүйенсек, сайлауға тіркелген 7 партияның ішінен «Amanat» партиясы, әдеттегідей, 53,90 пайызбен озып шығып, алғашқы орында тұр. Ал Келес өңірінен 18 аумақтық сайлау округі бойынша «Amanat» партиясынан халық қалаулылары кімдер болды? Сюжет көрейік.
«Анар апа» мектебінде Наурыз тойланды

Авторлар: Халима Мақсатқызы, Айдос Дәулет
Еске алу турнирі өтті

Білікті маман, 30 жылға жуық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде өлшеусіз еңбек еткен Бахыт Ахметовты ұжымдастары еске алып, республикалық турнир өткізді. Шаршы алаңда болып өткен сайысқа Қазақстанның өзге өңірлерінен де командалар келді. Таласқа толы болып өткен ойын барысын алдағы сюжеттен көрейік.
Депутат кім болмақ?

Сарыағаштықтар жексенбілік демалыс күнін сайлау учаскелеріне барудан бастады яғни бүгін республика бойынша кезектен тыс Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде. Сарыағаш ауданы бойынша таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастаған сайлау учаскелерінде қазіргі таңда жұмыс қызу жүріп жатыр. Елдің ертеңі мен кемел келешегіміз үшін бұқара халық өз таңдауларын жасауда. Бұл ретте аудан әкімі де өзі лайық деп таныған кандидатқа дауысын берді.
Қос ішекті күмбірлеткен балалар

Авторлар: Халима Мақсатқызы, Аман Асылбек
Наурыз көже үлестірді

Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ерсейәт Жайлауұлы
Қайырымды аудан

Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы
Наурыз мейрамы: Көкпар шауып, теңге іліп, аударыспақ ойнады

Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ерлан Сәрсенбеков
Наурыз мейрамы: Жүгіруден марафон өтті

Әз Наурыз мерекесіне орай, бүгін аудан көлемінде ауқымды іс-шара болып өтті. Ала таңның атысымен-ақ салауатты өмір сүру салтын ұстанған 200-ден аса сарыағаштықтар “Спорт – денсаулық кепілі” атты жүгіру марафонына қатысты. 5 шақырым қашықтықты бағындырып, жеңіс тұғырынан қай марафоншылар көрінді? Сюжет көрейік.