180 адамға қуаныш сыйлады

Сарыағаштық жастар тағы да ізгіліктің ілкімді үлгісін көрсетті. Олар қасиетті Рамазан айында Жібек жолы өткізу пунктіне барып, ондағы 30 күн ораза ұстауға ниеттенген жандарға ауыз су мен құрмалады үлестірді.
Колледждерді аралады

Бүгін Арман Абдуллаев аудандағы қагншама жылдық тарихы бар Қапланбек жоғары агротехникалық колледжі мен Арыстанбаб жоғары колледждеріне барды. Аймақ басшысы колледждерді аралау барысында оқыту жүйесі, білім ошақтарының материалдық-техникалық базасымен танысты. Толығырақ тілші сюжетінен көрейік.
Ашық есік күні өтті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау күнін сарыағаштықтар ауқымды түрде атап өтті. Мекеме қызметкерлері, білім ұяларының барлығы дерлік бір мезетте таңғы жаттығу жасаса, ал аудандағы емханаларда ашық есік күні өткізілді. Онда ақ халаттар 100-ге тарта тұрғынды қабылдап, өз кеңестерін берді.Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Жаппай таңғы жаттығу жасады

Бүгін сарыағаштықтардың жұма күнгі таңы сергек басталды. 7-сәуір денсаулық сақтау күніне орай аудандық түрлі мекемелер мен білім ұяларында бір мезетте таңғы жаттығу жасау марафоны өтті. Айта кетерлік жайт, бүгінгі атаулы дата денсаулық сақтау ұйымының 75 жылдығымен тұспас-тұс келіп отыр.
Министрлер іске кірісті

Үкіметте ауыс-түйіс болып, ескі құрамның 80 пайыздан көбі өз орындарын сақтап қалды. Ал 2 министр жаңадан тағайындалды. Үкіметтің алғашқы отырысында министрлер 29 наурызда Президент ҚР Парламенті мәжілісінің бірінші сессиясында берген тапсырмаларды іске асыру бойынша нақты бағыттармен жұмыс істейтіндіктерін айтты. Нақтырақ алдағы сюжетте.
Түлектердің туған жерге тартуы

Осы уақытқа дейін 20 жылдық қарсаңында әр жылы туған азаматтар ауылды көркейту мақсатында талай тірліктерді атқарып жүргенін естіп жүрміз ғой. Ал Шәмші Қалдаяқов мектебінен 2003 жылы түлеп ұшқан түлектердің туған жерге тартуы көпті қуантты. Өздерінің емес, өскелең ұрпақтың саулығын ойлаған азаматтар ауылдың орталығы және көшелерге 19 спорт жабдықтарын орнатты.
«Қисық көлеңке»

1-сәуір Халықаралық күлкі күніне орай, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары “Қисық көлеңке” атты мерекелік бағдарламаны жиылған көпке ұсынды. Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын Қазығұрт ауданында өткен облыстық әзіл-сықақшылар байқауында мәдениет үйінің ұжымы дәл осы шығарманы қойып, жүлделі 2-орын иеленген болатын. Толығырақ, сюжет көрейік.
Ауылым – алтын бесігім

Мәдениеті озған елдің ертеңі – еңселі, болашағы- жарқын болары хақ. Айталық, мәдениет пен өркениеттің мекені болған саялы Сарыағашта тағы бір мәдени кеш өткізу қолға алынды. Енді әр аптаның сенбісі мен жексенбісінде өңірдегі әр ауылдық мәдениет үйлерінің өнерпаздары Жеңіс саябағына келіп, тұрғындарға мәдени әрі рухани кеш сыйлайды. Онан бөлек, бұқаралық спортты дамыту мақсатында түрлі спорттық эстафеталар да ұйымдастырылатын болады.
Күлкіге қарық қылды…

Бүгін аудандағы талай әзілсүйер қауымның басын қосқан жайдарман ойындарының 1/8 финал ойыны болып өтті. Жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған ойын талас пен тартысқа толы болып өтті. Ендеше өзіндік импровизациясымен көзіқарақты көрерменді таңғалдырған әзілкеш жастар турасында алдағы сюжеттен көрейік.
Депутат болдым, мінеки…

Бүгін Келес ауданы әкімдігінің ғимаратына жиналғандардың қарасы басым. Жиналудың да жөні бөлек. Себебі 19-наурызда өткен саяси науқанда жеңіске жетіп, елдің елеулісі, халықтың қалаулысы атанып, көп ішінен суырылып шыққан азаматтарға депутаттық куәлігі мен төсбелгісін табыстайтын күн. Жаңа құрамда – кәсіпкерден бастап, мұғалім дейсіз бе, спортшыға дейін бар. Ал олар алдағы 5 жылда халыққа берген уәдесін орындап, қандай өзгерістер енгізбек? Сюжет көрейік.