Ілгері оқу ордасына – 20 жыл

Бүгін өңіріміздегі іргелі оқу орындарының бірі – Арыстанбаб жоғары колледжінің 20 жылдық мерейтойы болып өтті. Келісті кеш білім ордасының негізін қалаушы, еліміздің рухани өсіп-өркендеуіне өлшеусіз көп үлес қосып, ұрпақ тәрбиелеу ісінде талмай еңбек етіп келе жатқан Арслан Асановтың 70 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.
Өнерім – өмірім

Рухани жаңғыру бағдарламасының іс жүзінде көрініс табуын, сөзбен емес іспен дәлелдеуді қолға алған Ақ үй ауылдық мәдениет клубында рухани кеш болып өтті. «Өнерім – өмірім» атты тақырыпта өткен концерт Пайызов Жомарт Балабекұлының шығармашылығына арналды. Қаны мен жанында күй ойнаған жиылған қауым болса, таңдайынан бал тамған термешінің өнерін тамашалады. Толығырақ сюжет көрейік:
Сарыағашта ерекше балаларға арналған орталық ашылды

Елімізде жыл сайын аутизммен ауыратын, ойлау қабілеті кешеуілдеп дамып келе жатқан балалардың қатары артып келеді. Бір ғана Сарыағаш ауданының өзінде ерекше білімді қажет ететін балалардың саны 1900-ге жетіп отыр. Ал баламды қоғамға бейімдесем, өзге балақайлардың қатарына қоссам деген ата-аналар бауыр еті баласын Шымкент, Алматы, Астана тіпті көрші елдерге емдеуге апаруда. Енді алысқа барып, әуре болатын күндер артта қалды. Себебі өңірімізде «Mega um» атты ерекше балаларға арналған түзету-дамыту орталығы ашылды. Толығырақ тілші сюжетінде
Елдегі алып жылыжайдың іргетасы қаланды

Қазақстандағы алып жылыжайдың іргетасы қаланды. Келес ауданына қарасты Бірлік ауылдық округінде 500 га аумақта орналасатын жылыжай кешені Ресейлік «Эко культура» компаниясының қолдауымен жүзеге аспақ. Егер де жылыжай құрылысы толық аяқталатын болса 8000 мыңға жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады. Сонымен аталған жылыжай кешенінде қандай өнімдер өндіріледі? Құрылыс жұмыстары қашан аяқталауы жоспарлануда? Толығырақ тілші сюжетінен көрейік.
Шекара мәселелері талқыланды

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатысумен көшпелі жиынның жалғасы Сарыағаш аудандық шекара басқармасында жалғасын тапты. Онда Түркістан облысының шекара мәселелерін үйлестіру кеңесі өтіп, маңызды мәселелер талқыланды. Баяндама жасаған жауапты сала мамандары шекара бөлімшелерінің қазіргі жай-күйін баяндады. Толығырақ сюжет көрейік.
Ұстаздар тәжірибе алмасты

Білім білгеніңмен бөлісу арқылы, мұнымен адамның тәжірибесі де арта түседі. Айталық, күні кеше №4 мамандандырылған мектебінде кереметтей іс-шара болып өтті. Алқалы жиынға облыстағы білім ұяларынан 80-нен аса педагогтар келіп қатысты.
Қауіпті қатынастан абай болыңыз!

Сарыағаш ауданында 2000 жылдан бері ЖИТС жұқтырғандардың саны 270-ке жетіп отыр. Осылайша аймағымыз облыста аты жаман ғасыр індетін жұқтыру бойынша көш бастап тұр. Бірғана бастапқы 3 айдың өзінде бес адам СПИД-тің тырнағына ілінген. Дендеп бара жатқан індетті тоқтатуға не кедергі? Дерттен арылу үшін не істеуіміз керек?
Асабаның арланы анықталды

Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда түрлі той-жиында бейәдеп сөздер айтып, бейсауат ойындар ойнатып арзан күлкі үшін тойшыл қауымның сеніміне кір келтіріп жүрген асабалар баршылық. Оларға айтылар сын, берілген ескертулер жетерлік. Дәл осы олқылықтарды жою мақсатында «Асаба – шешендік өнер иесі» атты жас асабалар байқауы өткен болатын.
Бозбала мен бойжеткен

15-сәуір ғашықтар күніне орай Сарыағаштық жарасымды жұптар арасында дәстүрге сай «Бозабала мен бойжеткен» атты байқау болып өтті. Сайысқа қатысуға 18 жұп өтінім берген болса, солардың 11-і ақтық сайысқа жолдама алды. Ал салтанатты шараның ашылуында сөз алған Алдияр Қозыбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.
Қызылша ауруы дендеп барады

Ел бойынша балалар арасында қызылша ауруы дендеп барады. Жыл басынан бері Қазақстанда 60-қа жуық бала аталмыш ауруға шалдыққан, Түркістан облысының өзінен 16 жағдай тіркелген. Сарыағаш ауданы бұл тізімде жоқ. Алайда, аймақта бірде-бір жағдай тіркелмеді деп аяқты кеңге салуға болмайды. Барынша сақтық шараларын сақтау керек дейді мамандар.