Сарыағаштықтар бабалар рухына тағзым етті

9 мамыр! Бұл күн – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Бұл күн – әділеттің әділетсіздікті жеңген күні. Биыл Ұлы жеңіске – 78 жыл. Осыған орай, қаламыздағы Гагарин мектебінде іс-шара болып өтті. Жиынға қатысқан сарыағаштықтар ата-баба рухына тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.
Бабалар рухына тағзым жасады

9-мамыр күні сарыағаштықтар таңның атысымен Жеңіс саябағына қолдарына шоқ қызыл гүлдерін ұстап бас қосты. Мақсат пен мүдде біреу ғана. Сұрапыл соғыста отанды қорғау жолында жанын берген боздақтардың рухына тағзым ету.
Қос мереке тойланды

Қос бірдей патриоттық мереке қарсаңында Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасында салтанатты іс-шара болып өтті. Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған жиында бірқатар азаматтар еткен еселі еңбегі үшін марапатталды. Толығыарқ алдағы бейнесюжетте.
Майдангерге құрмет көрсетті

Бейбітшіліктің пырағы – ҰОС ардагерлерінің саны жыл санап сиреп барады. Сарыағаш ауданы бойынша бір ғана майдангер қалды. Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында аудан басшысы Арман Абдуллаев ерлік жолында қан майданда от кешкен Эрмохон Ишхоновпен жүздесіп, құрмет көрсетті.
Патриоттық әндер байқауы өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінде патриоттық әндерді орындаушылардың үздіктері анықталды. 7-мамыр Отан қорғаушылар күні және 9-мамыр Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылған байқауда туған жер, отан, рухты көтеретін әсем әндерді қатысушылар нақышына келтіре орындап, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Толығырақ алдағы сюжетте:
Ұлт пен ұлысты ұйыстырған білім ордасы

Қазақ тілі ұлт пен ұлысты ұйыстырып отыр. Сарыағаш ауданындағы білім ордаларының бірінде 18-ге тарта түрлі этнос өкілдері тәлім-тәрбие алады. Түрі басқа болса да тілегі бір оқушылар барша қазақстандықтарды 1-мамыр халықтар достығы мейрамымен құттықтап, бейбіт елде тату да тәтті өмір сүріп жатырмыз, бірлігіміз ажырамасын деп өздерінің сәби көңілінен шыққан ақ тілегін жеткізді. Толығырақ тілші сюжетінде.
Кикбоксингтен республикалық чемпионат бастау алды

Кикбоксингтен республикалық чемпионат бастау алды. Аталмыш чемпионат кикбоксингтен спорт шебері, қазақ елінің байрағын талай додаларда желбіреткен Азамат Досымбайды еске алу мақсатында 4 жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Турнирде барлығы 700-ден астам жас кикбоксингші өзара бақсынасуға келген. Ендеше нағыз шапшаң, епті, жүректі балалардың сайысы алдағы бейнесюжетте.
Ақжар ауылындағы дүбірлі той

1-мамыр бірлік күні Ақжар ауылдық округінде жоғары деңгейде аталып өтті. Өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен ерекше форматтағы дүбірлі тойда Сарыағашта тұратын түрлі этнос өкілдері арасында палау пісіруден де сайыс ұйымдастырылды. Ендеше сәні мен салтанаты жарасқан мейрам туралы тілші сюжетінен сөрейік.
Педагогтар тәжірибе алмасты

Жүзімдік ауылдық округіне қарасты «Балдырған» бөбекжай балабақшасында Келес ауданында бұрын-соңды болмаған мектепке дейінгі дайындық ұйымдарының мамандары арасында семинар болып өтті. «Балабақшаның бір күні» атты тақырыпта өткен семинарға барлығы 70-тен астам педагог келіп қатысты. Нақтырақ сюжет көрейік.
Кәсіпкерлердің саны артып келеді

Әлеуметтік жағынан осал топтардағы азаматтардың табысын арттыруға кең мүмкіндіктер жасаған «Табысты отбасы» пилоттық жобасына Сарыағаш ауданынан 70-ке тарта тұрғын қатысты. Нәтижесінде грант жеңімпаздары жеке кәсібін ашып, бүгінде дөңгелеген кәсібінің нәсібін көріп отыр. Жоба авторы Айжани Нурланова өңірімізге арнайы келіп, алғашқы қадамын жасаған жоба түлектерінің жұмысымен танысты. Толығырақ тілші сюжетінде.