Қылмыс жасағандардың қатары артқан

Аудандық мәдениет үйінде 200-ге тарта ата-ананың қатысуымен жиналыс болып өтті. Басқосуда діни экстремизм, нашақорлық, оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтар мен ұсақ қылмыстар сынды бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Толығырақ, тілші сюжетінде.
Дербісектегі көшпелі жиын

Енді әрбір отбасының цифрлық картасы болады. Жаңадан енгізілетін әлеуметтік кодексті халық арасында түсіндіру керуенінің жұмысы Дербісек ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Залға жиналған 5 ауылдық округтің тұрғындары облыстан келген департамент өкілдерінің тың ақпарларын алып, әлеуметтік салаға байланысты көкейде жүрген сауалдарын қойды. Толығырақ, тілші сюжетінде.
18 жерінен пышақтаған

Өз ауласында қансырап, өлім аузында жатқан келіншекті қарапайым такси жүргізушісі құтқарып қалды. Таңғы сағат 7:30 шамасында үй иесіне шабуыл жасаған қаскөй, жәбірленушінің 1 емес 18 жерінен пышақ сұққан. Қанды оқиға өткен жылдың шілдесінде орын алған. Мәселенің жай жапсары толығырақ тілші сюжетінде.
Әкім неке қию куәлігін табыстады

Мәңгілік махаббат үшін ант берген жас отбасылар әкімнің қолынан неке қию куәлігін алды. 15-мамыр Халықаралық отбасы күніне орай, әкімдік ғимаратында ерекше форматтағы жүздесу болып өтті. Келелі басқосуға тек жас отбасылар ғана емес, дүниеге көп бала әкелген алтынқұрсақты аналарымыз да келді. Толығырақ, тілші сюжетінде.
Футбол алаңында – мәдениет қызметкерлері

21-мамыр Мәдениет қызметкерлерінің күніне орай, футболдан сайыс болып өтті. Дәстүрге сай төл мерекеде ұйымдастырылатын жарысқа бұл жолы 5 команда қатысты. Жұмыс пен спортты қатар алып жүретін шығармашыл жандардан құралған қай команда жеңіске қол жеткізді? Тілші сюжетінен көрейік.
«Мектепке қауіпті зат қойылды»

Өңірдегі білім ұяларының бірінде ескерту дабылы қағылды. Ғимараттағы оқушылар мен мектеп ұжымы аз уақыттың ішінде жедел қимылдап аулаға шықты. Осылайша, балалар мен педагогтар антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстарын құзырлы органдармен бірлесе өткізді. Толығырақ, келесі сюжетте.
Дзюдодан Халықаралық турнир өтуде

«Біз діни экстремизмге қарсымыз» атты ұранымен ауданда дзюдодан Халықаралық турнир басталды. Ашық біріншілікке 2010-2011 және 2011-2012 жылы туылған 100-ге тарта жасөспірім қатысуда. Барлығының көздегені бір. Жеңіс тұғырынан көріну. Талас пен тартысқа толы ойын барысы толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Еңбекпен өрілген өмір

Қазақ елі үшін қиын уақытта, өтпелі кезеңде оқырман санының азайып, тоқырауға кетіп бара жатқан кітапханадағы кітап қорын сақтап, кітапхана жұмысының жандануына өз септігін тигізген Баян Айдаровамен аудандық мәдениет үйінде кездесу болып өтті. Келісті кешке ілім-білім жинасам деген оқырмандармен қатар Баян Шоманқызының жанына жақын жандар жиналды. Салтанатты шарада әсем әндер шырқалып, жас ақындар да айтысты. Толығырақ, тілші сюжетінде.
Әкімнің кубогы сарапқа салынды

Аудан әкімнің кубогы үшін футболдан ауыл жастарының арасында тартысқа толы бәсеке болып өтті. Жасыл алаңда жасындай жарқылдаған жастар қызықты әрі тартысқа толы ойын барысын көрсете білді. Сонымен, аудан әкімінің кубогы кімге бұйырды? Сюжет көрейік.
Сарыағаштық жалғыз майдангермен жүздесті

Сарыағаш ауданы бойынша Жеңістің 78 жылдығына тек 1 ғана майдангер жетті. «Даңқ» мемориалына гүл шоқтарын қойып, сұрапыл соғыста қаза тапқан боздақтар мен батыр бабалар рухына тағзым жасаған бір топ ардагерлер мен әскерилер Сарыағаштағы соңғы майдангер Эрмахон Ишхоновтың үйіне табан тіреп, бүгінгі бейбіт күн үшін алғысын білдірді.