Аудан әкімінің кубогы Саякенттің еншісінде

Ақпан айында бастау алған Жайдарман ойындарының бүгін жеңімпаздары анықталды. «Қазақстанның тірегі – жалынды жастар» атты тақырыпта өткен ойында жас жайдарманшылар қазіргі таңда қоғамда өзекті болған күрмеуі шешілмеген проблемаларды әзіл арқылы астарлата жеткізіп, жиылған көпке ерекше көңіл күй сыйлады. Сонымен, биылғы маусымда аудан әкімінің кубогы қай командаға бұйырды? Сюжет көрейік.
Қызылжарлық Ұлбосын Адилова Азия чемпионы атанды

Қызылжарлық Ұлбосын Адилова самбодан Азия чемпионы атанды. Астана қаласында 5-11 маусым аралығында өткен Чемпионатта 80 келі салмақта бағын сынаған ол, қарсыластарын алып та шалып та жығып ел мерейін тағы да асқақтатты. Ел қоржынын алғаш болып алтынмен майлаған, жүрегінде намыс оты ұшқындаған Ұлбосын туралы алдағы сюжеттен көрейік.
Бүлдіршіндер балабақшамен қоштасты

Қоштасып балабақшамен мектепке кетіп барасың! Бүгін Ғани Мұратбаев ауылындағы «А Жан нур» бөбекжай балабақшасындағы балғын балалық шақтың бақытын сезінген 31 бала мектепке жолдама алды. Бақша түлектеріне арнап ұйымдастырылған концерттік шарада олар тамылжыта ән салып, мың бұрала биледі. Ендеше балдәурен күннен оқушылық кезеңге аяқ басқалы отырған балғындар туралы сюжет көрейік.
Шекарашылар гуманитарлық көмек жіберді

«Қаруластар, біз біргеміз!» Абай облысындағы өртке оранған орман мен қызуы басылмаған қызыл жалын күллі қазақты абдыратты. Өртті ауыздықтауға 1530 маман, 300-ден аса техника және 12 тікұшақ жұмылдырылған. Олар күн-түн демей жұмыс істеуде. Осынау қысылтаяң кезеңде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті де бей-жай қарамай, алғашқы гуманитарлық көмек жөнелтті.
Ана мен бала саулығы – басты назарда

Авторлар: Халима Мақсатқызы, Сағындық Ислам
Облыстық семинар өтті

Авторлар: Халима Мақсатқызы, Сағындық Ислам
Тұрғындарды толғандырған проблема көп

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың халықпен кездесуі Жібек жолы ауылдық округінде жалғасты. Мұнда жергілікті тұрғындарды толғандырған мәселелер жеткілікті. Сол баяғы табиғи газ, жайылым, интернет желісі, ауыз су проблемалары. Болып өткен жиында жұртшылық тұщымды жауаптарын ала алды ма? Сюжет көрейік.
Тарихтағы ең жас чемпион

Қазақ боксының тарихындағы ең жас чемпион туған жерге бет бұрды. Өзбекстан Республикасының астанасы – Ташкент төрінде бокстан өткен Әлем чемпионатында аренадағы талайды талантымен тамсандырып, 48 келі салмақта атой салған Санжар Ташкенбайды бүгін аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев ерекше құрметпен қабылдады.
Дербісектіктер қандай проблемалар көтерді?

Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ерлан Сәрсенбеков
Сан соғып қалмас үшін…

«Экономикалық қауіпсіздік: өркендеу мен тұрақтылық кепілі» атты тақырыпта күні кеше Түркістан облысына қарасты барлық аудан мен қалаларда бір мезетте профилактикалық акция болып өтті. Басты мақсат – қаржы пирамидасы мен алаяқтардың құрбаны болудан алдын алу, түрлі құмар ойындарына қарсы иммунитетті қалыптастыру. 300-ге тарта тұрғын қатысқан жиін туралы толығырақ, әріптесім тарқатады.