Өмірі өлеңмен өрілген аналар

Сарыағаш ауданында үй тірлігі мен ақындықты қатар алып жүрген асыл аналарымыз жетерлік. Оған аудандық кітапханада Домбыра күніне орай өткен жыр мүшәйрасында куә болдық. Бүгінгі дүбірлі додаға аймақ бойынша іріктелген 6 жазба ақын қатысты. Олар түрлі тақырыпта қалам тербеп, өскелең ұрпаққа үлгі өнеге боларлықтай туындыларын көпке ұсынып, тиісінше марапаттар иеленді. Толығырақ, тілші сюжетінен көрейік.

Дихан бабалықтар ұлық мейрамды тойлады

Аллаға деген сүйіспеншілік пен адамның шынайы ниетін паш ететін Құрбан айт мейрамын Дихан баба елді мекенінің тұрғындары да жоғары деңгейде тойлады. Таң атысымен-ақ Алла үйіне келіп бір сапта құлшылық жасаған қауым ел амандығы мен жұрт тыныштығын тіледі. Ал туған жердің түтінін түтетіп, бірліктің озық үлгісін көрсетіп жүрген 1991 жылы туған ер азаматтар болса, құрбандық шалып, мешітке келушілерге мерекелік дастархан жайды. Ерекше сән-салтанатымен өткен мереке жайында толығырақ, Халима Мақсатқызының сюжетінде.

«Нашақорлыққа қарсымыз!»

Сарыағаш ауданының жалынды жастары 4 спорт түрінен бақтарын сынады. Аталмыш бәсеке 26-маусым Нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды. Спорттық шараның басты мақсаты – қатысушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.

Шалқарлық түлектерге аттестаттар табысталды

«Шалқар» зияткерлік мектеп-интернатының шабыты шалқар оқушылары жаңа өмірге қадам басты. Шәкірттердің алтын ұясына айналып үлгерген білім ордасынан биыл алғашқы түлектері қолдарына аттестарын алып, биік белестерді бағындыруға бет бұрды. Озат та үлгілі оқушылардың ішінде шет елде тегін білім грантын жеңіп алғандар да бар. Толығырақ, жас түлектерге салтанатты түрде аттестат тапсыру рәсіміне қатысып қайтқан тілші сюжетінен көрейік.

97 жастағы әжейдің орындалған арманы

Қазақта әдемі қарттыққа жеткен әрбір жан шөбересінің қолынан май жалап, алақанынан су ішуді армандайды. Бұл – барлығына бірдей бұйыра бермейтін бақ деседі жұрт. Ал арна тілшісі 97 жастағы ақтөбелік ақ жаулықты әжейдің ұзақ ғұмыр кешудегі сырымен қатар шөбересінің алақанынан май жалаған тарихи сәтіне куә болып қайтқан болатын. Толығырақ, сюжет көрейік.

Жастарға арналған мүмкіндіктер

Мемлекет «оқысам, ілім-білім алсам, алған білімді іс жүзінде дәлелдесем немесе өз кәсібімді дөңгелеткім келеді» деген жастарды қолдауға үнемі дайын. Оған «Cерпін», 2,5 пайыздық несие, «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға» сынды бағдарламалар дәлел. Жастарға арналған мүмкіндіктер турасында толығырақ, тілші сюжетінен көрейік.

Еңселі мешіт ел игілігі үшін

Ақжар ауылдық оркугінде бір мезетте 1200-ге жуық адам құлшылық жасай алатын Алла үйі ел игілі үшін пайдалануға берілді. Киелі мекенде қазығы қағылған мешіттің ашылуына жиналған қауымның қарасы басым болды. Дәстүрге сәйкес, заманауи үлгіде соғылған әсем күмбезді мешіт құран аяттарымен ашылды.