Халық үшін қолжетімділіктер арта түсті

Мемлекеттік қызметтерді алу – әрбір азаматтың заңды құқығы. Осы құқықтарды түсіндіру, халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен ерекше форматтағы брифинг өтті.

Зағиптар – әрқашан қоғам назарында

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Салыбек сарыағаштықтарды қабылдады. Ол «Аялы алақан» және «Қамқор әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» болып, ем алушылармен жүздесіп, өзекті проблемлаарын тыңдады. Толығырақ, тілші сюжетінде.

8 команда жолдама алды

«Жұмысшы мамандықтар – ел тірегі». Дәл осындай тақырыппен ауданда бастау алған кезекті жайдарман әзіл-сықақшылардың кезекті ойыны өтті. 1/8 финалына 10 команда қатысып, олардың 8-і келесі сайысқа жолдама алды. Қағытпа қалжың мен ұмытылмас сәттер орын алған жарыс барысы алдағы сюжетте.

Патриоттық тәрбие мен ұлттық бірлікті нығайту

Сарыағаш ауданында тарихи және маңызды оқиға өтті. «Германиядағы кеңес әскерінің тобы» мен «Варшава келісім тобы» қоғамының ардагерлері өздерінің кезекті кездесуін өткізді. Басқосуды республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Бақыт Сәбденұлы Тастанов жүргізіп, жастарды патриотизм мен отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Картоптарымыз бүлінбей өткізілді»

Елімізде соңғы күндері картоп бағасы шарықтап кеткен еді. Одан бөлек, соңғы он жылда картопқа деген сұраныс рекордтық көрсеткішке жеткен. Осыған орай, ағымдағы жылдың 18 қаңтарында баға өсіміне жол бермеу мақсатында картопты 6 ай мерзімге ел аумағынан әкетуге шектеу қоюға шешім қабылданды. Қазір Сарыағаш сатанциясындағы ахуал қандай? Бірқатар кәсіпкерлер арнамызға сұхбат берген болатын. Сюжет көрелік.

Президент қандай тапсырмалар жүктеді?

«Көрпеге қарап көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет». Үкіметтің кеңейтілген отырысында осылай деген мемлекет басшысы Үкмет және басқа да құзырлы орган өкілдеріне нақты қандай тапсырмалар берді? Сюжет көрелік.

Еңбегімен гүлденген отбасы

Биыл елімізде адал еңбек пен азаматтық құндылықтарды дәріптеуге айрықша мән берілмек. Осы орайда, ауданымызда өз кәсібін адал еңбекпен дөңгелетіп, шаруасын ширатып жүрген еңбекқор азаматтар жетерлік. Солардың бірі – гүл өсірумен айналысып, 10 жылдан астам уақыттан бері осы кәсіптің тұтқасын ұстап келе жатқан Ерғали Мұсабаев.

Мәні қашқан «МӘМС»

Қазақстандықтардың 83 пайызы МӘМС жүйесіне қосылған. Олардың 72 пайызы мемлекет тарапынан қамтамасыз етіп отырған осал топтағы азаматтар. Биылдан бастап МӘМС-те сақтандырылмаған азаматтар онкоскринингтен тегін өтуге мүмкіндік алмақ. Одан бөлек, аталған салаға бірқатар өзгерістер де енгізілмек. Бұл туралы Үкімет сағатында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасап, халық қалаулыларының сауалдарына жауап берді.

Саналы тәрбие – сапалы білімнің негізі

Сарыағаш қаласында орналасқан №60 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық семинар ұйымдастырылды. Білім мен тәжірибенің үйлесімі ретінде өткен шарада «Жасанды интеллект және білім бастауыштан бастау алады» мен «Дарынды, талантты және мотивациясы төмен оқушылармен нәтижеге бағытталған жұмыс түрлері» тақырыптары айрықша назарға алынды. Семинарға қатысқан мұғалімдер тәжірибе алмасып, білім саласында жаңа әдіс-тәсілдермен танысты.

2025 жылы әскери резервтік қызмет енгізілмек

Қазақстан 2025 жылдан бастап резервтік әскери қызметті енгізуді жоспарлап отыр. Бұл заң әскер құрамын толықтыруға қосымша мүмкіндік береді және әскери дайындықты жақсартуға бағытталған. Жаңа заң бойынша «әскери резервші» деген ұғым енгізіліп, азаматтар ерікті түрде әскери қызметке шақырылады. Бұл туралы күні кеше Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында айтылды.