Қандай мамандықтар сұранысқа ие?

2023-2024 оқу жылында жоғары оқу орындарына 88 мың грант бөлінді. Бұл өткен жылдарға қарағанда жоғары көрсеткіш. Биылғы абитуриенттер қандай мамандықтарға басымдық беріп отыр? Таңдаулары қандай? Жалпы өмір бойы өзіңе азық болар мамандықты таңдағанда нені ескерген жөн? Толығырақ, тілші сюжетінде.

Туристерге ерекше әсер сыйлады

Рухани астанамыз – Түркістан төрінде көпке ұсынылған Келес ауданының ауыл шаруашылығы көрмесін қала жұртшылығы жоғары бағалады. Ал елдің әр бұрышынан келген туристер болса, этноауыл аумағында ұлттық ойындар ойнап, ұлтымыздың құнды мұрасын тағы да жаңғыртты. Толығырақ, алдағы сюжетте.

«Жыл басынан 2 адамды пойыз қағып кету оқиғасы орын алған»

Сарыағаш ауданында жыл басынан бері тұрғындардың теміржол бойындағы қауіпсіздікті сақтамағандықтарынан, 2 адамды пойыз қағып кету фактісі тіркелген. Шойын жолдың бойында қауіп көп. Сондықтан да темір жолдан өтерде аса сақ болу қажет! Мамандар осылай деп дабыл қағуда.

Келес ауданының мәдениет күндері өз мәресіне жетті

Келес ауданынының Түркістан қаласындағы 3 күнге созылған мәдениет күндері өз мәресіне жетті. Туристер мен облыс тұрғындары және қала қонақтарына келестік өнерпаздар көтеріңкі көңіл-күй, сондай-ақ мәдени әрі рухани кеш сыйлады. Түркістан аспанын әнмен тербеткен көркемөнерпаздар туралы толығырақ, алдағы сюжетте.

Келес ауданының мәдениет күндері басталды

Түркістан қаласындағы Келес ауданының мәдениет күндері бастау алды. Салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарымыз насихатталған шараның алғашқы күнінде келестік өнерпаздар түрлі қойылымдар қойып, жыраулар түрлі тақырыпта жырлады. Қолөнер шеберлері мен кәсіпкерлер де өз қолдарынан шыққан дүниелерді туристер мен облыс тұрғындары және қонақтарына паш етті.

Кейбір дүкен сатушылары заңға неге бағынбайды?

« Біз 21 жасқа толмаған тұлғаға темекі өнімдерін сатпаймыз». Дәл осы сөздерді кез келген дүкен қабырғасынан байқаған боларсыздар! Мейлі, сеніңіз, сенбеңіз көпшілік дүкен үшін бұл жәй ғана сөз. Ал шынайтуына келгенде, дүкен сатушылары темекі сұрап барған жасөспірімдерден оның жасын, неге, кімге екенін сұрамайды да. Бастысы, саудасы жүрсе болғаны. Арна тілшісі халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодексіндегі 110 бапқа сүйеніп әлеуметтік эксперимент жасап көрген болатын. Ендеше сюжет көрелік.

«Кәсіп бастауға кедергі жоқ, жүрекпен қалау керек»

«Алма піс, аузыма түс» деп жататын жұмыссыздар жетеді елімізде. Кәсіп баста десе – сылтау көп, енді бірі мемлекеттен қолдау жоқ дейді. Десе де, бар ынта-шынтасымен, өз күшімен кәсіп бастап жатқан жастар баршылық. Арна тілшісі сондай еңбекққор азаматтармен жүздесіп қайтқан болатын. Ендеше сюжет қарайық.

Ұшқындық 15 жасар миллионер

Ұшқын ауылдық округінің халқы көпке айрандай ұйыған ауызбіршілігі және жергілікті тұрғындардың еңбекқорлығымен танымал. Еңбекқорлық демекші, бұл ауылда жылына бір алқаптан 1 емес 2, тіпті 3 рет өнім алатын жас кәсіпкер тұрады. Ата-анаға масыл болмай, керісінше оларға көмектескім келеді деп адал тер төккен жас жеткіншек, биыл бірқатар өнімдерді экспорттап үлгеріпті. Әр алқаптан миллион тауып отырған Мейіржан Бекжанов туралы аладағы бейнесюжетте.

Шекарашылардың қатары толықты

Айбынды армия, әлеуеті мықты ел әскерінің қатары әр жыл сайын толығып келеді. Күні кеше көктемде әскер қатарына шақырылған Түркістан облысының жас сарбаздары Отан алдындағы борышын өтеу үшін Сарыағаш ауданы бойынша Шекара басқармасына келді. Олар үшін ашық есік күні де ұйымдастырылып, 3 айдан соң туған-туыспен ерекше қауышты. Толығырақ, тілші сюжетінде.