Табиғи газға қолы жетпей келеді…

«Қаншама күннен бері тефальмен шай ішіп, буға пісірілген роллтон жеп отырмыз». Шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары осылай дейді. Көгілдір отынның әлі күнге дейін берлімегеніне пәтер иелері өз уәждерін білдіріп отыр. Мәселе қашан толық шешімін табады? Жауаптылар не дейді? Алдағы сюжетте.
Сарыағаш аспанын әнге бөледі

Мәдениеті озған елдің ертеңі еңселі, болашағы жарқын болары анық. Айталық, мәдениет пен өркениеттің Отаны болған Сарыағаш ауданында тағы бір мәдени кеш бастау алды. «Ауылым – алтын бесігім» атты тақырыпта өтетін бағдарламаның шымылдығын «Ақниет» және «Бостандық» ауылдық мәдениет үйлерінің өнерпаздары түрді.
Тарыдай төгілген қоқыстан мезі болған…

«Біздің де өзге балалар сияқты жан-жағы таза, барлық жағдайы жасалған ойын алаңшасында ойнағымыз келеді». Сарыағаш қаласында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдегі балақайлар осылай дейді. Жазғы каникулда аулада жатқан қоқыс қалдықтарынан мезі болған бүлдіршіндер асыр салып таза жерде күндерін көтеріңкі күңіл-күйде өткізуден қалған. Себебі, айнала лас, қолқаны қабатын қолаңсаның иісі тағы бар…
Ішкі тұрақтылық бәрінен де маңызды

«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін». Бүгін дәл осындай тақырыпта көпұлтты өңір Жібек жолы ауылдық округінде елді бірлікке шақыратын, ортақ мүддеге ұйыстыратын келелі басқосу болып өтті. Алқалы жиынға Алдияр Қозыбаев, облыстық мәслихат депутататтары, облыстық дін басқармасының басшысы, құзырлы орган өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты. Толығырақ, тілші сюжетінде.
Саялы саябақ қолданысқа берілмек

Сарыағаш қаласының әкімі Мұхит Досболов қала халқымен бас қосып, оларды алаңдатқан түйткілдің түйінін тарқату үшін кездесу өткізді. Келелі басқосуда әрқашан күн тәртібінен түспейтін әдеттегі проблемалар көтерілді. Онан бөлек, жергілікті тұрғын өңірге өң беретін ел игілігі үшін ажарлы саябақ салуды бастап та кетіпті. Қаланы ілгерілету жолында атқарылып жатқан істердің бір парасын тілші көріп, естіп қайтқан еді. Досболовтың уәдесі қашан орындалады? Сюжет көорейік.
Құркелесте 37 көше асфальттанады

Құркелес ауылдық округіндегі өзекті проблемалардың бірі – жол мәселесі биыл шешімін тауып жатыр. Қаншама жылдан бері жол машақатынан азар да безер болған жергілікті бұқара, енді тақтайдай тегіс жолдармен жүретін болады. Тақырыпты толығырақ бұл жолы ауылдағы ағайынның базынасын емес, қуанышын көріп қайтқан тілшіміз тарқатсын.
«Мұздағы жауқазын» медалімен марапатталды

Желтоқсан айында ұлы дүрбелеңге қатысып, қара бастың қамын ғана емес, қазақ халқының азаттығын алуды аңсаған өрімдей сарыағаштық қарлығаштар араға қаншама жыл салып, «Мұздағы жауқазын» медалімен марапатталды. Бұған дейінде желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарды тиісті дәрежеде биліктегілер марапаттап, алғыс білдіруде ғой. Десек те, олар үшін бұқараның ыстық ықыласы аса маңызды.
Көптен күткен көгілдір отын

Тәулік жаңалықтарын қуанышты хабардан бастасақ. Қаншама жылдардан бері көгілдір отыннан тарыққан Бәйтерек ауылының тұрғындары үшін бүгін тарихи күн. Жергілікті бұқара табиғи газға қол жеткізді. Бүгін осы атаулы күнге орай, аудан басшысы, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясының бас директоры арнайы келіп, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
«Тонналап көмір жағудан құтылдық»

Бәйтерек елді мекеніненен бөлек, Жамбыл-2 ауылында да газ алауы жағылды. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында көгілдір отынға қол жеткізген мұндағы 260-тан астам үй тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Шіліңгір шілдеде көгілдір отын келіп көңілі жай тапқан ауылдағы ағайын туралы алдағы сюжеттен көрелік.
Жүктілікті жоспарлау маңызды

Кез келген шаңырақтың шаттығы – нәрестенің тәтті үні. Осылай дегенімізбен жүктілікті алдын ала жоспарлау мәселесіне келгенде бұған ерлі-зайыптылар баса назар аудара бермейді. Ал бұл дегеніміз ұрпақ саулығына балта шауып жатқандық дейді мамандар. Енді ашық айтыла бермейтін аса нәзік мәселе турасында алдағы сюжеттен көрейік.