Ел игілігі үшін жаңа нысандар ашылды

Оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуы үшін Бағыс ауылында 300 орындық жаңа мектеп бой көтерді. Енді осы уақытқа дейін сапасы сын көтермейтін, апатты жағдайдағы мектепте оқуға мәжбүр болған бағыстық балалар жаңа оқу жылын жаңа зәулім ғимаратта қарсы алмақ. Мектеп лентасын салтанатты түрде қиюға қатысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев, ауыл тұрғындары үшін маңызды болған шараға қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі.
Кезекте тұрғандарға жер телімі беріледі

Авторлар: Халима Мақсатқызы, Марат Жолдас
Ескі мектептен зәулім ғимаратқа

Биыл бағыстық оқушылар жаңа оқу жылын жаңа мектепте қарсы алады. 2021 жылы құрылысы басталған білім ордасының бүгінде жұмыстары аяқталып, 1 қыркүйекте балаларға есігін айқара ашуға дайын. Ендеше, өзге мектептерден ерек, заманауи талапқа сай жабдықталған 3 қабатты білім ұясы туралы Халима Мақсатқызының сюжетінен көрейік.
Облыс әкімі білім саласындағы былықтарды баса айтты

«Бізде білім саласы таза болуы керек. Біз сіздерге сонша қаржы бөліп отырмыз. Мектептерде парақорлық фактісі анықталған жағдайда бірінші кезекте сұрау сіздерден болады». Осылай деген облыс әкімі Дархан Сатыбалды сарыағаштықтармен кездесу барысында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысына қатаң ескерту жасады. Толығырақ, тілші сюжетінде.
«2051 арыз-шағым келіп түскен»

2021 жылы «Аmаnат» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 2051 арыз-шағым келіп түскен. Аталған шағымдар партияның ықпалымен тиісті мекемелерге жолданып оның 62 пайызы өз шешімін тапқан. Бұл туралы Құдірет Қыстаубаев кезекті 51-рет өткен конференцияда баяндады. Мұнан өзге қандай тындырымды тірліктер атқарылды? Партияның алға қойған жоспарлары қандай? Сюжет көрейік.
Есірткімен ұсталды

Шекарашылар есті кетірген есірткіні “Жібек жолы” кеден бекетінен алып өтпек болған азаматты әшкереледі. Күдіктіні анықтауға “Флора” есімді қызметтік ит көмектескен. Оқиғаның жай-жапсары толығырақ тілші бейнематериалында.
«Оқушылар далада қалмайды»

«Жаңа оқу жылы басталғанға дейін жұмыстар толығымен аяқталуына әрекет етеміз. Балалар далада қалмайды!». Осылай деген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев ауданда күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептердегі мердігер мекемелердің жұмысын сынға алды. Белгілі болғандай, компаниялардың кейбірі 1 ай кестеден кешігуде. Ал жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Құрылыс жұмыстары бәсең қарқынмен жалғасатын болса, оқушылар жаңа оқу жылын көрші мектептерде бастауы бек мүмкін.
1-қыркүйекке дейін үлгере ме?

Биыл Сарыағаш ауданында 5 мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы іссапармен өңірімізге келіп, жөндеуден өтіп жатқан білім ошақтарының жай-күйімен танысты. Құрылыс жұмыстары тұралап жатқан жоқ па? Істі қолға алған мердігер мекемелер жұмысты уақытында аяқтай ала ма? Нақтырақ, сюжет көрейік.
Талап орындалды

Осыдан бірер күн бұрын қоқыстан көз ашпаған қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бүгінгі жай-күйі турасында сюжет көрсеткен болатынбыз. Ондағы тұрғындар айналаның тазалығына алаңдаулы еді. Жауаптылар кері байланысқа шығып, ауланы қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізіпті. Ал қазір балақайлардың қуанышында шек жоқ.
Қыз алып қашатындарға жаза күшейтілмек

Енді қыз алып қашсаңыз қылмыскер атанып, темір торға тоғытылуыңыз әбден мүмкін. 1 емес, 2 емес 7 жылға. Бұған дейін елімізде қыз алып қашқандарға арнайы қылмыстық бап болмаған еді. Адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің ұсынысымен жаңа бап енгізілейін деп отыр. Мәжбүрлі түрде, еркінен тыс тұрмысқа шығатын қыздарды қорғау мақсатында жазаны күшейтуді Бас прокуратура да қолдап отыр.