Депутат мәселені шеше ала ма?

Келес ауданында шешілмей жатқан проблемалар шаш етектен. Оны халық қалаулыларының алдына арыз, талап-тілектерін арқалап келген келестіктерден байқауға болады. Мәселен, күні кеше «AMANAT» партиятиясының ғимаратында Жаңабай Ағабеков жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға 30 азамат өтініш тілектерімен келді. Ал енді 30 түрлі проблема көтерген тұрғындардың проблемасы қашан оң шешімін табады? Сюжет көрейік.
Төтеншеліктер төтеп бере ала ма?

Аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде табиғи апат орын алып, зілзаладан үйлердің қабырғалары сөгілді. Нәтижесінде, тұрғын үйлердегі 50-ге тарта азамат қауіпсіз жерге эвакуацияланып, ауыр жарақат алған 2 адамға жедел жәрдем көрсетілді. Көгілдір экран алдында отырған құрметті көрермен, мына хабарды есітіп байбалам салмаңыз, бұл күні кеше өткізілген «Жер-2023» оқу-жаттығу жиынының сценариі. Бетін аулақ қылсын, зілзала бола қалған жағдайда сарыағаштық төтеншеліктер айтып келмес апатқа төтеп бере ала ма екен? Сюжет көрелік.
Дарбазалықтардың жанайқайы

“Сіздерге бірінші кезекте мәдениет үйі керек пе, әлде көгілдір отын?” . Осылай деген аудан әкімінің кезекті кездесуі Дарбаза ауылдық округінің тұрғындарымен жалғасты. Ойдағы мәселе талқыға түскен жиында қаншама жылдардан бері түрлі жиында айтылып, жауыр болған жайылым жер мәселесі,инфрақұрылымды дамыту проблемалары көтерілді. Сонымен дарбазалықтардың жан-айқайы қашан шешіледі? Сюжет көрелік.
«Іс бітпесе маған айтыңыз, өзім келіп тексеремін»

“Іс бітпесе маған айтыңыз, өзім келіп тексеремін!” Аудан басшысы Арман Абдуллаевтың халықпен кезекті кездесуі Жылға ауылдық округінде жалғасты. Әкім мырзамен кездесуге келген жергілікті тұрғындар, ең алдымен, ауданда 7 айда атқарылған жұмыстармен танысып, кейіннен өздерін мазалаған көкейдегі сауалдарын қойды.
Шалғайдағы ағайын не дейді?

Ойдағы мәселе талқыға түскен аудан әкімінің кезекті кездесуі шалғайдағы әлімтаулық ағайындардың ауылында өтті. Жиында халық тарапынан өзекті проблемалар көтерілді. Әкім мырза одан бөлек, өңірде құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандардың жұмысымен танысты.
«Жолдау орындалуы тиіс»

«Жолдау нақты қадамдарға бағытталған». Бүгін «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері ҚР Президентінің 1-қыркүйектегі халыққа жолдауын талқылады. Жолдау жүктеген міндеттердің өңірде іске асуы үшін жоспарлар құрып, өз пайым пікірлерін ортаға салды.
«Заңсыз дүниені заңдастыру менің құзіретімде емес»

«Заңсыз дүниені заңдастыру менің құзіретімде емес». Ақжарлықтармен кездесу барысында аудан әкімі заңсыз салынған тұрғын үйді заңдастырып беруін сұраған азаматшаға осылай деп жауап берді. Халықпен жүздесуді Ақжар ауылдық округінен бастаған Арман Айдарұлы, ең алдымен, ауданда 7 ай көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталды.
MEBEL INC – элиталы жиһаздың мекені

Жоғары сапа мен сұлулықты қатар қоятын тұтынушыларға «MEBEL INC» дүкені эксклюзив жиһаздар топтамасының кең таңдауын ұсынады. Бүгінде тікелей әлемнің алпауыт елдерінен жеткізілетін жиһаз түрлері жаны жайлылыққа құмар сарыағаштықтардың ғана емес, қазақ еліндегі барша азаматтардың көңілінен шығып отыр. Тақырыпты толығырақ жоғары талғам мен сапасы үйлесім тапқан дүкенді көріп қайтқан тілші жалғасын.
Кәсіпкерлермен кездесті

Бүгінде ауданымызда жас та болса, өз кәсібін ашып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан жас кәсіпкерлер жетерлік. Олардың бизнесте аз да болса тәжірибелері бар. Бүгін сарыағаштық жастар, кәсібін өрге сүйреген өңірдегі кәсіпкерлермен жүздесіп, жұмыс барысымен танысып, пікір алмасты.
Алғашқы қоңырау сыңғыры

Жаңа оқу жылын қызылжарлық оқушылар да ерекше қарсы алды. Таңның атысымен-ақ албырт шақтың ең қызықты дәурені өтетін алтын ұя мектебіне асығып келе жатқан шәкірттердің қарасы қалың болды. Осынау айтулы күнде аудандық мәслихат хатшысы Смайыл Тасқұлов пен ауылдық округ әкімі Әбдіжаппар Рахымбердиевтер де салтанатты шараға қатысып, білім алушыларға жылы лебізін білдірді.