Сарыағаштықтардың базынасы қандай?

Әлімтаулықтар үшін көгілдір отынның шарапатын көретін күн алыс емес. Ауданға арнайы іссапармен келген облыс әкімінің бірінші орынбасарының қабылдауында болған ақсақал «табиғи газды кіргізіп береміз» деген ақжағалылардың жауабына риясыз рақметін айтты. Сонымен, жылдар бойы күткен газ қай уақытта кіреді? Жеке қабылдауда бұдан бөлек қандай мәселелер көтерілді? Сарыағаштықтардың базынасы қандай? Тілші жалғастырады.
Қылмыс саны өскен

Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы болып өтті. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, әр мәселе бойынша жауапты сала мамандары баяндама жасап, жиын қатысушылардың сұрақтарымен қыза түсті.
Бұқараның базынасын тыңдады

«Келін болып түскеніме 40 жылдан асты, жарықты әлі көрген жоқпын». Қошқарата ауылдық округі тұрғындарымен кездескен Жәнібек Ағыбаевқа толассыз сауалын жолдаған Жамбыл -1 ауылындағы жеңгей «интернет жоқ, мектеп жоқ, көше жарықшамдары жоқ, жол сапасы нашар» деп ағынан жарылды. Ауылда бар нәрсенің өзі қалды ма? Сюжет көрейік.
18 мектепте басшы жоқ

Келес ауданына қарасты мектептердің 18-і басшысыз отыр. Тіпті “директор” болуға ынталанып отырғандар да жоқ дейді. Осы және өзге де өзекті проблемалар аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевтың Жүзімдік ауылдық округі жұртшылығымен кездесуінде көтерілді. Жиында тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер қашан оң шешімін табады? Сюжет көрейік.
Кимешегін күн сүйген дарбазалық әжелер

Әжелер өнегесі ұрпақтан ұрпаққа ұласып, ғасырдан ғасырға жалғасатын тәрбиенің таусылмас қайнар көзі. Олардың айтқан әрбір әңгімесі, жасаған әрбір ісі – кейінгі буынға үлгі, өнеге. Биыл аудандағы әжелер алқасының құрылғанына – 10 жыл толып отыр. Осыған орай, Дарбаза ауылдық округінде қазыналы қарттар күні қарсаңында мерейлі қазақилықтың иісі аңқыған іс-шара болып өтті. Толығырақ, тілші сюжетінде.
Раушан Зұпаровтың жүлдесіне арналған біріншілік

Мақтааралдық жас футболшылар алғашқы ойында камбэк жасады. Осылайша, олар келестік мықты ойыншыларды жасыл алаңдағы бірінші кездесуде-ақ ойсырата жеңді. Ал Келес ауданында футболдан өтіп жатқан ашық біріншілік футболдан спортшы ардагер, ұстаз Раушан Зұпаровтың жүлдесіне арналған. Ендеше, қайталанбас тактика мен әсерлі эмоциялар орын алған сайыс барысы алдағы сюжетте.
Үздіктер ойыны

Бүгін жасыл алаңда сарыағаштық 130-ға тарта жас бас қосты. Теңбіл доп додасы «Жастар спортпен бірге. Біз нашақорлыққа қарсымыз» атты тақырыпта өтті. Әр команданың жеңіске ұмтылысы ерек. Ендеше, ойнау шеберлігі кәсіби футболшылардан кем түспейтін сарыағаштық жастардың ойыны алдағы сюжетте.
Абайлаңыз, тұмау!

Күз келді дегенше, күзбен бірге тұмау келді десейші. Жасыратыны жоқ, қазір кез келген отбасы мүшелерінің кемі бір-екеуі тұмаумен ауыруда. Олардың арасында жедел дәрігерге жүгінетіндері мен өз бетінше ем-дом жасайтындары да бар. Бұл өздігінен емделу – өте қауіпті дейді мамандар. Бүгін орталық аурухана мен аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарының қатысуымен тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекцияның алдын алу тақырыбында брифинг өтті. Алғаш болып сөз алған Шұғыла Әбдіқадырова, осы бағытта ауданда қандай жұмыстар жүріп жатқанын баяндады.
Ыстық тамақ: Кемшіліктер анықталды

Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы
Шекара басқармасының құрылғанына – 24 жыл

Биыл Сарыағаш ауданы бойынша Шекара басқармасының құрылғанына – 24 жыл толды. Алты құрлық алдында айбарымызды аспандатып тұрған сарыағаштық шекарашылар үшін айтулы болған датада аудандық мәдениет үйінде мерейлі меркеге орай салтанатты іс-шара болып өтті. Әр азаматтың бойына патриоттық сезімін ұялатқан жиынға жас сарбаздардан бастап, ардагер подполковниктерге дейін мәртебелі қонақтар қатысты. Нақтырақ, тілші сюжетінде.