987 157 тг қарызы бар

Келес ауданында 3166 жеке тұлға мемлекетке берешегін төлемей, бой тасалап жүрген сыңайлы. Жер және мүлік салықтары бойынша олардың мемлекет алдында 987 мың 157 теңге қарызы бар. Осы ретте аудандық Кірістер басқармасының мамандары ескерту жасауда.
Жасыл алаңда бас қосты

19-қазан Құтқарушылар күніне орай «Мамыр ата» спорт кешенінде кіші футболодан сайыс ұйымдастырылды. Бәсі биік былғары доп додасына Келес, Қазығұрт, Сарыағаш аудандарынан командалар келіп қатысты. Сонымен, тартысқа толы бәсекеде қай команда үздік деп танылды? Сюжет көрейік.
Ахуалың қалай, ауыл мектебі?

Шалғайда орналасқан Тентексай елді мекеніндегі №58 Ы.Алтынсарин атындағы шағын жинақтық мектебі 2022-2023 оқу жылында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Сапалы білімге сусындап өскен ауыл балалары аудандық, облыстық республикалық байқауларда жүлделі орындарды иеленуде. 130-ға тарта бала оқитын мектеп үшін бұл – үлкен жетістік. «Қыран түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға талап сылайды» демекші, мұның барлығы білім ұясындағы білікті де білімді мамандардың арқасы. Толығырақ, сюжет көрейік.
Әке деген бала үшін ұлы адам

“Әкелі бала – жаужүрек, жиын тойға барады, төрден орын алады, бітіреді жұмысын, тастан да өткізер жебесін» деп Бұқар жырау айтқандай, әр бала өзіне қорған болған әкесінің арқасында алшаң басып, бар шаруасын бітіріп, алдына кездескен кез-келген қорғанды бұзуға дайын болады. Бүгін Келес ауданында әкелердің отбасындағы рөлі қандай? Әкелер мектебінің негізгі жұмысына байланысты семинар болып өтті. Толығырақ, тілші сюжетінде.
Телевизия тарланының таңдауы – Сарыағаш

Шипалы суымен алыс жақын шет елдерге әйгілі болған ауданымызға жыл басынан бері бас-аяғы 73 мың турист келген екен. Солардың арасында 10 жылдан бері Сарыағаштың шипалы суынан ем қабылдап жүрген телевизия тарланы Әли Тойжігіт те бар. «Сары алтын қандай қымбат болса, Сарыағаш та маған солай қымбат» деп әр жылы саялы өлкеге сағынышпен оралатын журналист, ауданның туристік әлеуеті жыл санап артып келеді дегенді айтып, басшылыққа риясыз рақметін жаудырды.
«Мен кәсіби маманмын»

Сарыағаш ауданында алғаш рет “Мен кәсіби маманмын” атты тақырыпта ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар арасында бәсі биік байқау болып өтті. Өз саласының үздіктерін анықтайтын сайысқа аудандағы 17-ге тарта мәдени орданың қызметкерлері қатысты.
Облыста атой салған сарыағаштық жас боксшылар

Сарыағаштық боксшылар облыстық чемпионатта атой салды. Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында алғаш рет ұйымдастырылған додада «АБК» бокс клубының үздіктері аудан абыройын тағы да асқақтатты. Үздіктер додасында жас боксшылардың екеуі – алтыннан медаль тағынса, бірі – күміс жүлдені қанжығасына байлады. Күні кеше ел үшін туған оғландарды марапаттару рәсімі өтіп еді. Толығырақ, Халима Мақсатқызының сюжетінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету

Егер де сіз қандай да бір кәсіпкерлік нысанын ашпақ болсаңыз, мысалы жекеменшік мектеп, балабақша, қоғамдық тамақтану орны делік. Мұндай жағдайда заңға сәйкес, міндетті түрде аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан жаңадан ашып жатқан кәсіпкерлік нысаныңызға тиісті санитариялық эпидемиологиялық бақылау қорытындысын алуыңыз міндетті. Ал шынтуайтына келгенде бұл қорытынды нені көздейді? Қорытындыны алу жолдары қандай? Жауаптылар айтып берді, сюжет көрелік.
Ұлттық мәдениетті ұлықтаған ауылдық клуб

Кез келген шарада алты алаштың аспанын домбыраның күмбіріне бөлейтін «Самғау» домбырашылар ансамблінің 5 жылдығына орай, Дархан ауылдық клубында есептік концерт өтті. Таза саф дауысымен дараланған ақжаулықты әжелер тамылжыта ән салды. Бишілер жоғары деңгейде мың бұрала билеп, домбырашылар ұлттық мәдениетіміздің бойына қан жүгіртіп, бірқатар күйлерді нақышына келтіре орындады. Нақтырақ, алдағы бейнесюжетте.
Нысандарды аралады

Ауданға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі, басқарма басшылары өңірдегі 10 нысанға табан тіреді. Білім ұялары мен көпқабатты тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығын тексерді. Одан бөлек, құрылысы жүріп жатқан нысандардың басына барып, жұмыс барысымен танысты. Толығырақ, алдағы сюжетте.