Асылжан Есенгелді – Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Албания елінің Тирана қаласында еркін күрестен 23 жасқа дейінгі ересектер арасында өткен Әлем чемпионаты аяқталды. Тартысты сында 61 келі салмақта Қазақстан ұлттық құрамасының талантты балуаны, Түркістан облысының спортшысы Асылжан Есенгелді күміс жүлдегер атанды. Балуанды Түркістан Халықаралық әуежайынан спорт жанашырлары мен туған-туыстары, жаттықтырушылары құшақ жая қарсы алды.
Ақынның 130 жылдық мерейтойы тойланды

Биыл Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына – 130 жыл. Атаулы мерейтой елдің түкпір-түкіпірінде кеңінен тойлануда. Бұл ретте аудандағы №30 Сұлтанмахмұт Торайғыров мектебінің ұжымы да шет қалмады. Спорттық іс-шара ұйымдастырылып, әдеби сазды кеш те болып өтті. Толығырақ, тілші сюжетінде.
Республикалық ақындар айтысы

Сарыағашта республикадағы дүлдүл айтыскерлер бас қосты. Шаһарда өткен айтыс саялы өлкенің тумасы, айтыскер, жазған жырлары жұртшылықтың жүрегінде қалған, жыр жүйрігі Жарқынбек Наушабековты еске алуға, сондай-ақ Республика күніне орай ұйымдастырылды. «Жарқын бейне – жауһар жыр» атты тақырыпта өткен бәсі биік айтыста бас бәйге кімге бұйырды? Толығырақ, Халима Мақсатқызының бейнематериалында.
Республикалық турнир өтуде

Авторлар: Халима Мақсатқызы, Аман Асылбек
Мемлекеттік қызметкерлерді марапаттады

Республика күні ұлттық мерекесіне орай, бірқатар аудандағы мемлекеттік қызметшілер аймақ басшысы, сондай-ақ мәслихат төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Толығырақ, марапаттау рәсіміне қатысып қайтқан тілші сюжетінде.
Сарыағаштықтар ұлттық мерекені атап өтті

Республика күні ұлттық мерекесіне орай, бірқатар аудандағы мемлекеттік қызметшілер, аймақ басшысы, сондай-ақ мәслихат төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Толығырақ, марапаттау рәсіміне қатысып қайтқан тілші сюжетінде.
Республика күні – елдіктің еңселі белгісі

Республика күні – елдіктің еңселі белгісі. 1990 жылы 25-қазанда Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы адымын жасаған еді. Елеулі оқиға орын алған бұл дата әрқайсысымыз үшін ерекше. Әрбір қазақстандық үшін Республика күнінің маңызы зор. Осы ретте, сарыағаштық өнер майталмандары, ел ағалары, ақсақалдар баршаны мерейлі мерекемен құттықтап, ыстық ықыласы мен жылы лебізін жеткізуде.
Ауданаралық футбол сайысы өтті

Биыл талай футболшыларды шыңдаған «Жас Қанат» футбол командасының құрылғанына – 25 жыл толды. Ауданның футболсүйер қауымы үшін маңызды болған мерекелік күнге орай, шағын футболдан аладоп турнирі ұйымдастырылған болатын. Мерейтойға аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, өңірде бұқаралық спортты дамытуға өзіндік үлесін қосқан азаматтарды марапаттады.
Ұлттық мерекемен құттықтады

13 жылдан соң қайта оралған Республика күнін биыл екінші жыл қатарынан ұлттық мереке ретінде тойламақпыз. Осынау атаулы датада №14 Алыбай батыр мектебінің ұстаздары мен оқушылары баршаны айтулы мерекемен құттықтап, ыстық ықыласы мен жылы лебізін жеткізді. Ендеше, Алыбай батыр мектебі бастап Толыбай батыр мектебінің оқушылары қостаған мерекелік құттықтау челленджі алдағы сюжетте.
Республикалық семинар

Бүгін өңіріміздегі №4 мамандандырылған мектеп интернатында «Шағын жинақты мектептермен серіктестік аясында білім сапасын арттырудың проблемалары мен жаңашыл әдіс-тәсілдері» атты тақырыпта республикалық семинар болып өтті. Аталмыш алқалы жиынға 17 облыстан ұстаздар келіп қатысты. Жиынның мақсаты нені көздейді? Толығырақ, алдағы бейнесюжетте.