Бірліктегі ілкімді істер

Жел тұрса, жарықтың қайта-қайта сөнуінен, әбден мезі болған Бірлік ауылдық округі тұрғындарының майшам жағып отыратын күндері артта қалды. Себебі, аталмыш ауылда электр бағаналары мен трансформаторларды жаңасына ауыстыру жұмыстары жүруде. Бұл туралы аудан әкімі жергілікті халыққа 4-тоқсандағы кездесуінде мәлім етті. Өңірде бұдан бөлек, қандай ілкімді істер атқарылған толығырақ алдағы бейнематериалдан көрелік.
Сарыағаштық 8 жасар қыз Түркияны бағындырды

Сарыағаштық 8 жасар қыз Түркияны бағындырды. Таскескен ауылындағы №30 С.Торайғыров атындағы мектептің 3 сынып оқушысы Хиуаз Аршабай Түркия елінің Стамбул қаласында түркітілдес елдер арасында өткен байрақты байқауда түрік тілінде көркемсөздің көсегесін көгертіп, отан туралы шығарманы нақышына келтіре орындап, топ жарып шықты. Ендеше, болашағынан үлкен үміт күттіретін бүлдіршін жайлы тілші сюжетінен көрелік.
Сарыағаш – құс шаруашылығын дамытуда озат аудан

Түркістандық шаруалар «Алтын күзді» зор жетістіктермен қарсы алды. Республика бойынша өңіріміз 9 айда 803 млрд теңгеге жуық өнім өндіріп, 1-орынға шықты. Облыс төрінде жыл сайын ұйымдастырылатын «Алтын күз – 2023» мерекелік шарасы өтті. Жиынға арнайы қатысқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды барша шаруаларға құрмет көрсетіп, ыстық ықыласын жеткізді.
Ауыл тұрғындарымен кездесті

Ауылдағы ағайынның өмір сүру сапасын арттырып, түйткілді проблемлаардың түйінін тарқату мақсатында Сарыағаш ауданының әкімі Армн Абдуллаев Жемісті ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жемістіліктермен өткен кездесуде 31 мәселе көтерілген болатын. Проблемалар өз шешімін тапты ма? Ауыл халқының әкімге айтар базынасы қандай? Сюжет көрелік.
«Бейнекамералар орнату қажет»

«Базар маңына бейнекамералар орнату қажет. Көлік жүргізушілері жолаяқтың белгісіне баса назар аудармайды. Интернет желісі нашар» Осы секілді өзекті сұрақ Сарыағаш ауданының әкімі Арман Айдарұлының Жібек жолы а/о тұрғындарымен кездесуінде көтерілді. Толығырақ, алдағы сюжетте.
Бұрымды боксшылардың бәсекесі

Сарыағаштағы «АБК» бокс клубының мұрындық болуымен облыстық бұрымды боксшылардың арасында бәсі биік бәсеке өтуде. 3 жас ерекшелігі бойынша шаршы алаңда былғары қолғап шеберлері бағы мен бабын қатар сынауда. Аталмыш додада әр келі салмақта іріктеуден сүрінбей өтіп, асығы алшасынан түскен спортшы қыздар желтоқсан айында өтетін Қазақстан біріншілігіне жолдама алады.
Аудан әкімінің кубогы сарапқа салынды

Сарыағашта шағын футболдан өткен жарыста аудан әкімінің кубогы сарапқа салынды. Жыл сайын дәстүрге сай өткізілетін сайысқа бұл жолы ауылдық округтерден 12 команда келіп қатысты. Жүлде қоры – 300 000 теңге. Бұдан бөлек, жеңімпаздар арнайы кубок, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ендеше әуесқой футболсүйер қауымнан құралған тартысқа толы ойын барысы алдағы сюжетте.
Ашық есік күні өтті

Сарыағаш аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілерге арналған ашық есік күні өтті. Онда салық кодексіне енгізілген өзгертулер жайы сөз болды. Алқалы жиынның күн тәртібінде маңызды болған 5 мәселе қаралды. Толығырақ, алдағы бейнесюжетте.
Жас аяқдоп шеберлерін марапаттады

Жасөспірімдер арасында 6 айға жалғасқан фктбол сайысы өз мәресіне жетті. Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде аталмыш турнирде жеңімпаз танылған командалармен үздік ойыншыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Толығырақ, алдағы бейнесюжетте.
Жалғызбасты анаға көлік мінгізді

Сарыағаштықтар көптен күткен «Максмарт» дүкендер желісінің кезекті ұтыс ойыны өз мәресіне жетті. Әр 3 ай сайын тұтынушыларға ерекше көңіл-күймен қоса бағалы сыйлықтар тарту ететін дүкеннің бұл жолғы бас жүлдесі – құны 14 млн теңгелік нарықты жаулаған Черри тиго автокөлігі. Бұл жолы қолында мүмкіндігі шектеулі қызы бар жалғызбасты ананың бағы мен бабы қатар шапты. Ендеше, қуаныш пен түрлі эмоцияға толы сюжет барысы алдағы видеода.