Нысандарды аралады

Жібек жолы ауылдық округінде халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін қаншама тындырымды тірліктер атқарылуда. Жаз болса топыраққа, жаңбырлы күндері толарсақтан лай кешетін тұрғындардың қиын күндері артта қалды. Одан бөлек, ел игілігі үшін жаңа дәрігерлік амбулаторияның да негізі қалануда. Аталған нысандарды аудан әкімі аралап көрген болатын. Толығырақ, сюжет көрелік.

Қошқарата: «Әкімге айтар алғысымыз шексіз»

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың кезекті кездесуі Қошқарата ауылдық округінде жалғасын тапты. Биылғы жыл қошқараталықтар үшін жаңашылдыққа толы жыл болды. Жаңа нысандар пайдалануға беріліп, бірқатар ауылдар табиғи газға қосылды. Бұл туралы әкім мырза жергілікті бұқарамен кездесуінде баян еткен болатын, сюжет көрелік.

Жәнбек Ағыбаев сәбилерге құрмет көрсетті

14-қараша күні еліміздегі халық саны 20 миллионға жетті. Осынау ақжолтай жаңалықпен мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды құттықтады. Күні кеше Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев 20 миллионыншылардың көшіне ілесіп, аудандық перзентханада дүниеге келген нәрестелерге құрмет көрсетті.

«Жол апаты жиіледі»

«Жазықсыз бала о дүниеге аттанды. Көше бойына көліктердің жылдамдығын төмендететін белгілер мен жол кедергілерін орнатып беріңіздер!». Ұшқындағы ағайын осылай дейді. Одан бөлек, ауылдың ішінде жүрсе де, жылдамдықты шамадан тыс асырып, жол-көлік оқиғаларына әкеліп соқтыратын жайттар да жиі орын алады дейді тұрғындар әкіммен кездесуінде. Ұшқындықтардың жанайқайына әкім мырза не дейді? Мәселе оң шешімін таба ма? Ағыбаев жауаптыларға қандай тапсырмалар жүктеді? Тілші сюжетінен көрелік.

Халықаралық студенттер күнін атап өтті

17-қараша Халықаралық студенттер күніне орай, Келес ауданында гала-концерт болып өтті. Мәдениет үйінің маңында өткен мерекелік кешке аудан әкімінің орынбасары Дәурен Сариев пен келестік өнер жұлдыздары, сондай-ақ кештің бастың қонағы, негізгі себепшілері студенттер қауымы қатысты. Шарада әсем әндер шырқалып, студенттердің өз қолынан шыққан бұйымдары да көрмеге қойылды. Тақырыпты толығырақ сәні мен салтанаты жарасқан кешке қатысып қайтқан тілші жалғайды.

Алпамыстағы тірліктер

Проблемасы шаш етектен болған Алпамыс батыр ауылдық округінің бүгінде инфрақұрылым жүйесі қарқынды дамып келеді. Бұл туралы аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев жергілікті жұртшылықпен кездесуінде баяндады. Халықпен өткен кездесулерінде 14 мәселе көтерілген, соның бүгінде бірқатары шешіліп, оң шешімін тауып отыр. Әйтсе де, ауылдық округте атқарылатын жұмыстар да жетерлік. Тақырыпты толығырақ әкім мен халықтың кездесуіне барып қайтқан тілші жалғайды.

Үстел теннисінен жарыс өтті

«Ұйғыр» этномәдени орталығының ұйымдастыруымен жылдамдыққа бағытталған қатал сайыс үстел теннисінен кіші жасөсіпірмдер арасында жарыс болып өтті. Аталмыш сайыс балалардың арасында достық қарым-қатынасты нығайту мен бұқаралық спортты дамытуды көздейді. Ендеше 200-ге тарта ауыл балалары қатысқан тартысты бәсеке барысы алдағы бейнематериалда.

Ортақ жайылым жер көлемі ұлғайтылды

Жайылым жер мәселесі бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан емес. Келес ауданында ауыл маңындағы ортақ мал жайлымдарын ұлғайту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар әлі де жалғасуда. Мәселен, Бозай ауылдық округінде ортақ жайылым жер 10 020 гектарға ұлғайтылған. Бұл туралы аудан әкімі Жәнібек Есенұлы Бозай ауылдық округі тұрғындарымен кездесуінде баян етті.

Жамбыл: «Тақтайдай тегіс жол керек»

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың 4-тоқсандағы алғашқы кездесуі Жамбыл ауылдық округінде болып өтті. Еркін форматта өткен басқосуда аймақ басшысы тұрғындарға өткен кездесулерде көтерілген мәселелер бойынша шешімін тапқан жұмыстардың барысын баяндап, алда атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Толығырақ, тілші бейнематериалында.

Әлем чемпионын шекарадан қарсы алды

Келестіктер комбат джиу-джитсудан әлем чемпионын шекарадан қарсы алды. Латвия мемлекеті, Даугавпилс қаласында өткен байрақты бәсекеде келестік Досбол Ережеп спорттың комбат джиу-джитсу түрінен ел намысын қорғап, 2 дүркін Әлем чемионы атанған болатын. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.