«Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды

Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округінде жылына 600-ге тарта нейро-ортопедиялық ауруы және олардың туындау қаупі бар балаларды қабылдайтын «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды. Барлық заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған бұл орталықта балаларға қандай мүмкіндіктер қарастырылған? Ерекшелігі қандай? Тілші сюжетінен көрелік.
Алтын күз-2023: Биылғы жыл берекелі болды

Сарыағаш ауданында диқандар мен шаруаларға арналған «Алтын күз-2023» мерекесі болып өтті. Биылғы жыл сарыағаштық шаруалар үшін мол өнімге кенелген, толағай табысқа жеткен жыл болды. Аудандық мәдениет үйінде өткен мерекелік концертте ауыл шаруашылығы саласының мамандарына аудан әкімінің Алғыс хаттары мен «Өнім өндіруден үздік» деп танылған ауылдық округтер де анықталды. Толығырақ, алдағы сюжетте.
Теміржол құрылысынан жергілікті халық зардап шекпей ме?

Құркелес ауылдық округінде жыл басынан бері атқарылған ілкімді істер жетерлік. Тіпті кей саладағы жұмыстар жыл соңына жетпей-ақ артығымен орындалған. Бұл туралы ауылдық округ әкімі Қанат Иматов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлім етті.
Көктеректе қандай тірліктер атқарылған?

Облыстың брендіне айналған Көктерек кентінің бүгінгі ахуалы қандай? Туристік аймақты дамыту мақсатында қандай жұмыстар қолға алынған? Бұл туралы баспасөз мәслихатында Көктерек ауылдық округінің әкімі Үміт Тұржанова айтып берген болатын. Сюжет көрелік.
Тегісшіл: Жер телімдері берілмек

Тегісшіл ауылдық округінде келер жылы 1 млрдтан астам теңеге көшелер жөнделеді. Бұл туралы ауылдық округ әкімі. Таңсық Кемелбеков брифингте мәлім етті. Өңірде бұдан бөлек, қандай жұмыстар атқарылуда. Алдағы сюжеттен көрейік.
Жастармен ашық форматта кездесу өтті

Ауданда өтіп жатқан облыстық “Еңбек” лагерінің екінші күнінде жан-жақтан жиылған жастар аудан әкімі Арман Абдуллаев пен облыстық мәслихат депутаты Жәнібек Сүйлейменовпен ашық форматта кездесу өткізді. Мағжан сенген жастар өздерін мазалаған сауалдарын спикерлерге жолдап, тұшымды жауаптарын алды.
Отбасылық кикілжіңнен темір торға дейін…

Аудандық полиция бөлімінде бастау алған іс-шараның жалғасы арнайы қабылдау бөлімінде өтті. Уақытша ұстау орны әйел адамға зорлық көрсетіп, белгілі бір тәулікке қамалған азаматтармен жиынға қатысушылар түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сюжет көрейік.
Ұлтым басқа – тілім бір

Мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген этнос жастарын анықтау және қолдау мақсатында бәсі биік байқау өтті. Аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен “Елге құрмет – тілге құрмет” атты байқауға барлығы 20-ға тарта жас қатысты. Ендеше мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, тіл мәдениетін көтеруге атсалысып жүрген түрі басқа болса да тілі, жаны қазақ болған жалынды жастардың сайысы туралы алдағы бейнематериалдан көрейік.
Тұрап Айдаровты еске алу кеші өтті

Бүгін келестің тумасы, ақын, ғалым Тұрап Айдаровты еске алу кеші болып өтті. Ақын тірі болғанда биыл 90 жасқа толар еді. Іс-шараға жиналған шәкірттері мен жақын туыстары оның жарқын бейнесін сағынышпен еске алып, әбдеби сазды кеш өткізді. Өнегелі жанның өмір өлшемдері жайлы толығырақ алдағы сюжетте.
Сақтыққа салғырттықпен қарағандар

Қысқы жылу маусымына қыркүйектің басында қамданып, әр тұрғын үйді жекелей аралаған мамандардың үй иелеріне берген ескертулері жылыту маусымы басталғалы 1 айға жуықтаса да еленбеген. Бүгін аудан әкімдігінің тарапынан құрылған мобильді топ Ұшқын ауылдық округіне табан тіреп, жылыту маусымына қатысты қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, үгін-нсихат жұмыстарын жүргізді.