Жемістідегі жемісті тірліктер

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың Жемісті ауылдық округіндегі кезекті кездесуі халықпен тікелей диалогтың жарқын үлгісін көрсетті. Өткен жылы ауданымызда инфрақұрылым, макроэкономика, денсаулық сақтау және білім беру салаларында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Ал Жемісті ауылдық округінде де атқарылған жұмыстар легі көңіл қуантады.

Қандай мәселелер шешімін тапқан?

Сарыағаш ауданында өткен жыл жемісті аяқталды. Әлеуметтік-экономикалық салаларда бірқатар оң өзгерістер орын алып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асты. Дәстүрлі есеп беру жиынында аудан әкімі Арман Абдуллаев өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.

Ауғанның отты жалыны

Қызылжар ауылдық мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай тағылымы терең іс-шара өтті. Жиынның басты мақсаты – сол бір отты жылдарда ерлікпен ел қорғаған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, аман-есен оралған ардагерлерге құрмет көрсету, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезімді ұялату болды.

Назардан тыс қалмайды

Азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, шешімін табуға ықпал ету – халық қалаулысының басты міндеті. Осы мақсатта «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалы бекіткен қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Мақсат Тұрғынұлы Бекбаев тұрғындармен жеке қабылдау өткізді.

Жұмыссыз жандарға жаңа мүмкіндік

Жұмыссыздық – бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Әсіресе ауылдық жерлерде еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі байқалып, көптеген азаматтар күнкөріс қамымен қалаға ағылуда. Осы мәселені шешу мақсатында Келес ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Мәселелер оң шешімін таба ма?

Халық қалаулысы болу – тек уәде беру емес, нақты іспен көмектесу. «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы бекіткен кестеге сәйкес, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Кәдірбек Еркінұлы Ешанқұлов кезекті қоғамдық қабылдауын өткізіп, тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ түрді.

Поэтикалық кеш өтті

«Менің нәзік жанымды кім түсінер?!». Дәл осындай атаумен сарыағаш аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өлеңге адалдықтың, шынайылықтың символына айналған ақиық ақын Мұқағали Мақаьаевтың туған күні қарсаңында Сарыағаш ауданында ерекше поэтикалық кеш өткізді.

Қабылдауда қандай мәселелер көтерілді?

Келес аудандық мәслихатының депутаттары сайлаушыларымен жиі кездесіп, олардың жеке мәселелерін тыңдап, шешімін табуға тырысып келуде. Бұл жолы аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Қанат Мекенбаев жергілікті тұрғындармен кезекті қабылдау өткізді.

Сарыағаштық оқушы президент сыйлығын алды

Сұлтанмахмұт Торайғыров мектебінің 4-сынып оқушысы Хиуаз Аршабай жуырда ерекше оқиғаға тап болды. «Президент балалардың арманын орындайды» деген әлеуметтік желідегі жазбаны оқыған ол, өз арманын хатқа түсіріп, Мемлекет басшысына жолдап, Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйлық алды. Нақтырақ, тілші сюжетінде.

Әділ таңдау – әр елдің ұстанымы

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Қызылжар ауылдық округінде семинар болып өтті. Сайлау – мемлекеттің орнықты саясаты. Әрбір мемлекет саяси шешімдерді қабылдауда қоғаммен пікірлесу және азаматтардың таңдау құқығына сүйенеді. Осыған орай, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы аталған ауылдық округте алдағы уақытта өтетін сайлау науқаны жайында әңгіме өрбітіп, жиынға қатысушылармен бірқатар мәселелерді талқылады.