Тәуелсіздік – біздің қолымыздағы басты көзір

ҚР Тәуелсіздігіне 32 жыл толуына орай, аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Онда тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктер жайында қатысушылар арасында әңгіме өрбіп, егемендікке қол жеткізу жолында құрбан болған боздақтар туралы тағылымды ойлар айтылды. Нақтырақ, алдағы сюжетте.
Мешіттен кітапхана ашылды

Келес ауданындағы орталық мешіттің жанынан көркем әдеби кітаптар мен діни әдебиеттерге толы кітапхана ашылды. Аудан әкімдігі, орталық кітапхананың бірлесуімен ашылған кітапханада қазірде 1000-ға жуық кітап қоры бар. Алла үйіне мінәжәт етуге келген кітапоқыр жұртшылықтың игілігі үшін берілген кітапхана лентасын бүгін ауданның бас имамы, облыстық «Фараб» әмбебап кітапханасының басшысы, аудан зиялылары салтанатты түрде қиды. Толығырақ, тілші сюжетінде.
Балаларға қуаныш сыйлады

Сарыағаштық мүмкіндігі шектеулі балалар қуанышқа бөленді. Ертегі кейіпкерлерінің кейпінде аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары келіп, оларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Аталмыш қайырымды шара жастар ресрустық орталығының ұйымдастыруымен 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды. Нақтырақ, тілші сюжетінде.
Еркін күрестен Халықаралық турнир өтті

Сарыағаш ауданында еркін күрестен байрақты бәсеке өтті. Алғи ата рухына бағышталған халықаралық турнирге Дағыстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркеменстаннан, сонымен қатар еліміздің түкпір-түпкірінен жиналған 700-ге тарта спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Дәстүрге сай өткізілген кезекті жарыс тән саулығы мен рух тазалығын, достық қарым-қатынасты дәріптейді.
ТОЛАРСАҚТАН ЛАЙ КЕШПЕЙДІ

Достық ауылының тұрғындары үшін жол мәселесі осы уақытқа дейін шешілмейтіндей көрінетін. 1975 жылдан бері жол азабын тартып келе жатқан жергілікті халықтың қиын күндері енді артта қалды. Өңірде ерекше маңызы бар көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүруде? Күн райының қолайсыздығы мердігер мекеменің жұмысына өз кедергісін келтірмей ме? Сапасы қалай болмақ? Алдағы бейнематериалдан көрелік.
ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ

Жалпыға бірдей декларациялдаудың үшінші кезеңі басталады. Осылай деген Келес ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары аудан кәсіпкерлеріне құлаққағыс жасауда.
«ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЛЫ»

Биыл тәу еткен тәуелсіздігімізге – 32 жыл. Еліміздің тәуелсіздік алуы халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің есігін ашты. Бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп әкелді. Осы ретте, желтоқсанда азаттық үшін алаңға шыққан қайсар рухты аға, әпкелеріміздің ерлігі ерен екенін ұмытпауымыз шарт. Бүгін зағип жандар кітапханасының ұйымдастыруымен «Желтоқсан желі ызғары» атты кеш өткен болатын.
ДЕРБІСЕК: ЖЫЛ СОҢЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛМАҚ

Биыл Дербісек ауылдық округінде миллиардтарға түрлі нысандар салынуда. Жер кезегінде тұрған азаматтарға жер учаскелерін беру мақсатында 58 гектар жерге инфрақұрылым жүйесін жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Осылай деген Дербісек а/о әкімі Дәулет Тұрлыхан, бұдан бөлек өңірде сан сала бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталған болатын. Алдағы сюжетте.
ҚАБЛАНБЕК: 100 ШАҢЫРАҚ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ

Жақын арада Қабланбек ауылдық округінің тұрғындары 100 пайыз табиғи газбен қамтылмақ. Бүгінде Жонарық елді мекеніне қарасты 100 тұрғын үйді көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша бюджеттен 83 млн. теңге қаралып, мердігер мекеме тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, сондай-ақ қоғам белсенділерімен өткен жиында баян етті. Округте бұдан бөлек қандай жұмыстар атқарылуда? Нақтырақ, алдағы бейнематериалдан көрелік.
Қызылжар: Жаңа жылда табиғи газбен толық қамтылмақ

Қызылжар ауылы келер жылы толығымен табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы ауылдық округ әкімі Әбдіжаппар Рахымбердиев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен брифингте мәлім етті. Толығырақ, сюжет көрелік.