Ауданның дамуына айрықша үлес қосқандар марапатталды

Ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени, саяси- қоғамдық құндылықтарын, отбасы құндылықтарын қоғам арасында насихаттап жүрген, балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген зиялы қауым өкілдері марапатталды. Ауданның дамуына айырықша үлесін қосып келе жатқан азаматтарды аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев арнайы құттықтап, оларға ыстық ықыласы мен жылы лебізін білдірді.

8 айдағы жұмысты жіпке тізді

Жібек жолы ауылдық округінен сайланған депутат Ертай Тешебаев БАҚ өкілдеріне депутаттық мандатын алған кезеңнен бастап, күні бүгінге дейін атқарған жұмыстары бойынша брифинг өткізді. Онда, ең алдымен, сайлауалды бағдарламасының орындалуы турасында сөз алып, атқарылған жұмыстарды жіпке тізді. Толығырақ, тілші бейнематериалында.

Сарыағаштың үздіктері марапатталды

Бүгін Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде әр салада жемісті еңбек еткен, сан саланың қыр-сырын меңгерген азаматтарға «Жыл үздігі-2023” номинациясын тапсыру салтанатты кеші өтті. Мерекелік жиынға қатысып, алғаш болып сөз алған аудан әкімі жыл бойы атқарылған ілкімді істерге тоқталып, жиылған қауымды жаңа жылмен құттықтады.

Жабайы сауда реттелмек

Бүгін ала таңның атысымен-ақ жергілікті билік өкілдері мен тәртіп сақшылары заңсыз сауда нүктесінде сауда жасайтын саудагерлерге рейдтік жұмыстарын жүргізді. Одан бөлек, атқамінерлер алдағы уақытта күнделікті, жабайы саудаға қатысты кезекшілік жасауға бел буып отыр. Сюжет көрелік.

Сессияда қандай мәселе қаралды?

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезекті 8-ші сессиясы болып өтті. Сессияда аса маңызды мәселелер қаралып, ауданның 2024-2026 жылдарға бюджеті бекітілді. Одан бөлек, Абай ауылы мен Ғани Мұратбаев ауылдарын дамыту мақсатында бас жоспарлар талқыға салынып залға жиналған көптің көңілінен шықты. Нақтырақ, келесі бейнематериалда.

Әскери-патриоттық сайыста бағын сынады

Оқушылар әскери-патриоттық сайыста өзара бағын сынады. Өңірдегі М.Ломоносов білім ұясында өткен жарысқа қалада орналасқан 12-ге тарта білім ұясының 60-қа жуық оқушысы қатысты. Әскери патриоттық сайыс барысында жалынды жастар өздерінің ептілігі мен шеберлігін ортаға салып, жеңіске жету жолында барынша тырысып бақты. Толығырақ, алдағы бейнесюжетте.

Тіл мерейін үстем еткен этностар

Ауданда қазақ тілін жетік меңгерген түрлі этнос өкілдерінің арасында “Тіл мерейі” атты сайыс ұйымдастырылды. Тіл мәдениетін көтеру мақсатында өткізілген бәсі биік байқауға 18-ге тарта жас қатысты. Сонымен, қатысушылардың қазақ тілін меңгеруі қандай деңгейде? Нақтырақ, жарыс барысы алдағы сюжетте.

Футзалдан республикалық турнир өтті

Сарыағаш ауданында алғаш рет футзалдан республикалық турнир өтті. Теңбілдоп бәсекесіне барлығы 12 команда, 150-ге тарта футболшылар қатысты. Жүлде қоры да қомақты. Сонымен, аяқдоп шеберлерінің додасында қай команда оза шапты? Алдағы бейнематериалдан көрелік.