ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ ҚОЛДАУ

Қабланбек ауылдық округінде өткен жылдың соңында ашылған «Қамқорлық» ерте араласу орталығында бүгінгі күні 18-ге тарта ерекше бала ем алуда. «Қамқорлық» ерте араласу орталығының қазіргі жай-күйімен танысып, балалардың ата-аналарымен емшаралар турасында әңгімелескен болатынбыз. Сюжет көрейік.

МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ

Шәкірттерге бар білімін аямаған ұстаздар, полицейлер, ел басқарған ел ағалары мен дәрігерлер, БАҚ өкілдері, мәдениет саласының майталмандары №75 Ж.Жабаев атындағы мектепте бас қосты. Ондағы басты мақсат – аталмыш мектептің өмірдің жаңа белесіне қадам басқалы отырған 2024 жылғы түлектермен ашық форматта кездесу өткізіп, өз салалары бойынша ақыл кеңестерін беру. Толығырақ, тілші бейнематериалында.

КӨКПАР ҮЗДІКТЕРІ

Көкпар – қазақтың қанына сіңген қасиетті, дәстүрлі ойындардың бірі де бірегейі. Жігіттердің күш жігерін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастыратын ұлттық ойынның бұл түрі өңірімізде қара салқын түскеннен жер бауыры жылығанша әр жұма сайын ұйымдастырылып отырады. Бүгін аудандық мәдениет үйінде кең даланы дүбірге бөлеген көкпар ойынында әр түрлі номинация бойынша үздік деп танылған серілерге арналған салтанатты марапаттау кеші өтті. Марапаттау рәсіміне аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, жиылған көпке ыстық ықыласын білдірді.

ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҢ ДАМУЫ..

Жуырда ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық спорт түрлеріне ерекше мән беріп, оны дамытуға көңіл бөлу керек деді. Сәйкесінше, бала мен жастың ақыл ойын дамытуға, епті әрі жылдам, батыл болуға тәрбиелеген ұлттық ойын түрлері Сарыағашта да айрықша дамып келеді. Оған спорт десе, ішкен асын жерге қоятын өңір спортшылары дәлел.

36 ЖАСЫНДА СТУДЕНТ АТАНҒАН…

36 жасында студент атанған… Оқудың ерте кеші жоқ. Қай уақытта болмасын, қандай жасқа келсең де, ғылымға бет бұрып, жүрек қалаған мамандықты меңгеріп, сол арқылы наныңды табу – бұл ұят емес. Жоғарыда айтылған сөздерді дәлелдеп жүрген азаматтарымыз Сарыағашта жетерлік. Солардың бірі, 36 жасында «Қапланбек» жоғарғы агротехникалық колледжінің студенті атанған Ерболат Жассақов.

ЖАСТАРҒА ЖАППАЙ НЕСИЕ БЕРІЛМЕК

Биыл Түркістан облысының жастарына тағы да шағын несие беріледі. Президенттің тапсырмасымен өткен жылдан бастап жастарға берілген жеңілдетілген несиені былтыр сарыағаштық 46 жас ұтымды пайдаланып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Ал биыл облыс жастарының тың жобаларын жан-жақты қолдау мақсатында 3,9 млрд теңге қаржы қаралып отыр екен. 2,5 пайыздық несиені алудың шарттары қандай? Кімдер ала алады? Қандай жобалар ұсыну керек? Сюжет көрейік.

НАЗАЙЫМ СЕЙІТЖАППАР – АУДАННЫҢ ҮЗДІК ЖАСЫ

Бүгінде Мағжан сенген жастарымызға, мемлекетіміз де сенеді. Жастар – елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші екені айтпаса да анық. Сәйкесінше, біздің өңірімізде де жаңаша ойлай алатын, бәсекеге қабілетті жастардың қатары басым. Солардың бірі, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Сарыағаш ауданының Үздік жасы атанған – Назайым Сейітжаппар.

«ЖҰМЫС САПАСЫЗ АЯҚТАЛҒАН»

«AMANAT» партиясы Келес ауданындық филиалы депутаттарының ұйымдастыруымен өткен партиялық бақылау жұмыстары Тәуелсіздік күні қарсаңында ел игілігіне пайдалануға берілген Ошақтыдағы 300 орындық білім ошағында жалғасты. Ғимараттың іші, сыртын аралаған депутаттар қандай кемшіліктерді анықтады? Алдағы сюжетте.

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Бесқұбыр елді мекеніндегі жаңадан салынған 300 орындық білім ошағының жай-күйімен танысты. Жоспар бойынша желтоқсан айында қолданысқа берілуі керек болған нысанға оқушылар неліктен әлі кірген жоқ? Бақылау барысында қандай кемшіліктер анықталды? Сюжет көрелік.

Жабайы сауда реттелуде

Әдепкі бірқалыпты өмірінен танбайтын сарыағаштықтардың тіршілігі дүйсенбі күні қызатындай. Олай дейтініміздің себебі – дүйсенбі бола салысымен-ақ жабайы сауданы күнкөріс жасайтындар Майлықожа көшесінің бойына бар тауарын әкеліп, енді бірі тратуарға жая салып, сауда жасайды. Заңсыз саудамен күресіп келе жатқан билік өкілдері мен тәртіп сақшыларының жұмысы өз нәтижесін беріп жатқан сыңайлы. Олар бүгін таңғы 7-ден бастап ретсіз сауданы реттеуге кірісіп кеткен. Сюжет көрелік.