ҚАРЫЗСЫЗ ӨМІР СҮРЕМІН ДЕСЕҢІЗ…

Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта түрлі банктермен, микроқаржыұйымдардан ертеңін ойламай несие алып, қарызға белшеден батқандардың қатары артып келеді. Бұл – кейбір отбасылар үшін үлкен қасірет. Тұрғындар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында «Қарызсыз қоғам» акциясы қайта бастау алды. 5 күнге жалғасатын тренингте тыңдаушыларға не айтылады? Күтілетін нәтиже қандай? Тілші сюжетінде.
ШИПАЖАЙҒА ТЕГІН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Көктеректік бір топ аналар шипажайға тегін шақырту алды. Бүгін Көктерек ауылдық округі Аналар кеңесінің төрайымы Майра Салыбекқызының ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы болып өтті. Толығырақ, қай уақытта болмасын кез келген көмекке зәру адамға қолын созатын азаматшаның жарқын істері туралы алдағы сюжеттен көрелік.
ТӨЛ ӨНЕР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

Ауданымызда төл өнерімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Халық қазынасы айдары аясында “Дара дарын” концерттік бағдарламасы өткізілді. Телекөрерменнің назарына ұсынылған аталмыш жоба дәстүрлі ән мен халық әндерін әспеттеп, термемізді дәріптеп, күйімізді сарыағаштықтардың құлағына сіңіруді көздейді. Толығырақ, алдағы сюжетте.
ӨНЕРЛІ БАЛАЛАР БАЙҚАУЫ

«Ақжелең» республикалық байқауының екінші күнінде мектеп қабырғансындағы өнерпаздар ұлттық би және хормен ән айту бағыттары бойынша жүлделерді өзара сарапқа салды. 7 ауданнан келген 1000-ға тарта кішкентай бүлдіршіндер бағын сынаған бәсі биік байқау жоғары деңгейде болып өтті. Киелі сахна төрінде мың бұрала билеп, залды әсем әуенге бөлеген жас дарындылардың байқауы алдағы бейнесюжетте.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАЛАНТТЫЛАР БАЙҚАУЫ

Сарыағашта алғаш рет «Ақжелең» республикалық байқауы болып өтті. «Атадан мұра» қорының ұйымдастыруымен өткен бәсі биік байқауға Түркістан облысының түкпір-түкпірінен шығармашылық ұжымдар мен талантты балалар келіп қатысты. Байқаудың алғашқы күнінде балалар ұлы күйшілердің мұрасын жоғалтпай, саф күйінде болып өткен шарада орындап шықты. Сюжет көрейік.
АУДАН ӘКІМІ ҮШЕМДЕРДІ ҚҰТТЫҚТАП БАРДЫ

Аудан әкімі Арман Абдуллаев ауданның демографиялық өсіуіне өз үлесін қосқан, дүниеге үшемді әкелген Гүлмира Дауырбаеваны арнайы құттықтап, үйіне барды. Бақыт құшағындағы отбасына табан тіреген әкім мырза үш қызғалдаққа жүректен шыққан ақ тілегін жаудырып, сый-сияпаттар тарту етті.
ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ – ҚОҒАМ ҚАПЕРІНДЕ

Жақсы мен жаманның, ақ пен қараның алмасуымен қатар, ақпарат ағынының дамыған шағында жас ұрпақты тәрбиелі де саналы азамат ретінде сақтап қалу өте күрделі мәселелердің бірі. Апта басында аудандық прокуратураның бастамасымен жүзеге асып жатқан профилактикалық іс-шараның бірі №49 «Қоңыртөбе» мектебінде жалғасты. Жас ұрпаққа берері мол, тәрбиелік мәні зор жиында оқушылар қаперге біршама дүниені түйді. Нақтырақ, сюжет көрейік.
ТІЛ САЯСАТЫНА ТЫҢ СЕРПІН

Мемлекеттік тіл саясаты – еліміздегі идеологиялық басым бағыттардың бірі. Ал соның ішінде барлық қазақстандықтардың басын біріктіруші фактор ретінде қазақ тілін ілгерілету – баршаға ортақ міндет екенін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та баса айтқан болатын. Өңірімізде 2023 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында қандай жұмыстар атқарылды? Тілшіміз тарқатып айтып береді.
ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Бүгінде ұрпаққа үлгілі тәрбие бере алу – өлшеуі жоқ қазына. Апта басында Келес ауданында басталған мектеп оқушыларымен еркін форматтағы кездесулер легі бүгін №5 мектепте жалғасты. Прокурор, билер, имам, тәртіп сақшылары мен білім бөлімі мамандарынан құрылған жұмысшы топтың негізгі мақсаты – жастар тәрбиесіндегі өзекті проблемалардың төңірегінде әңгіме қозғап, жас ұрпақтың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өзге проблемаларды ортаға салу.
11 ҚЫЛМЫС ОРЫН АЛҒАН

Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – қоғамның басты парызы. Осыған байланысты, Келес аудандық Прокуратурасының ұйымдастыруымен аудандағы бірқатар мектепте оқушылармен кездесу өтті. №1 Омар Есимов мектебінде басталған жиынға құқық қорғау саласының қызметкерлері, білім, ішкі саясат бөлімдерінің мамандары мен имамдар қатысып, залға жиылған қауымға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.