Саудагерлермен кездесті

Сарыағаш аудандық МКБ мамандары мен аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы аймағымыздағы «Жібек жолы» сауда орталығының саудагерлерімен кездесті. Жиында Салық кодексіне енгізілген өзгертулер, тамақтан уланудың алдын алу мақсатында атқарылатын жұмыстар жайы сөз болды. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.
Қазақ қызы, сен ұлтыңның арысың

Ауданымыздағы «Мәңгілік ел» мектебінде «Қазақ қызы, сен ұлтыңның арысың» атты тақырыпта оқушы қыздармен кездесу болып өтті. Келбеті күнге келіскен, нәзіктен нәзік сыр ұққан ару қыздарға дәрігер-гинеколог, көпті көрген әжелер, қыз баланың тәрбиесі мен ертеңіне алаңдаушылықпен қарайтын кітапханашылар мен мектеп директоры, тәрбие ісінің орынбасарлары сөз алып рухани құндылықтар, бүгінгі жастар менталитеті және қоғамдағы әйел мәртебесі жайында да әңгімеледі.
Қайта жанған үміт

Өткен ғасырдың қаралы беттеріне қанды әріппен жазылған Ауған соғысының аяқталғанына биыл 35 жыл толып отыр. Өлім мен өмірдің ортасында әскери антына адал болып, небәрі 18, 19 жасында ауған топырағында батылдықпен, қайсарлықпен азаматтық борышын өтеген боздақтардың құрметіне бүгін Қызылжар ауылдық мәдениет үйінде рухани кеш ұйымдастырылды.
Келес: «27 отбасы солтүстікке қоныс аударған»

Ақпараттық-насихаттық топтың қарашамен кездесуі Келес ауданында жалғасты. Әлеуеті зор, іскерлік кезеңдегі жастардың проблемасы – қашан да күн тәртібінен түспеуі тиіс мәселе. Ойлы жастың ерік-жігерін дұрыс жолға бағыттап, ертеңгі күні елдің әлеуетін көтеретін алпауыт күшке айналдыру мақсатында елімізде атқарылып жатқан жұмыстар сөз болған келелі басқосу барысы алдағы сюжетте.
Жастардың мәселесі талқыланды

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық-насихаттық топ аймақтағы аудандарды аралап, жергілікті бұқарамен кездесіп жүр. Ондағы басты мақсат – президенттің сындарлы саясатын насихаттап қана қоймай, жастар мәселесіне кеңінен тоқталу, оларға жасалған мүмкіндіктерді баяндау. Ендеше Сарыағаш ауданында өткен алқалы жиында қандай мәселелер қозғалды? Сюжет көрелік.
Мақатаевтың туған күніне орай ғажап кеш өтті

9 ақпан – қазақ поэзиясының Хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Алаш поэзиясына айтарлықтай олжа салған ақынның 93 жылдық мерейтойы елдің түкпірінде барынша сән салтанатымен өтуде. Бұл қатардан Сарыағаш ауданы да шет қалмады. Сарыағаштық өнерпаздар мен өнерсүйер жастар қауымы бір сағатқа жуық киелі сахнада бір тынбастан жыр нөсерін кезек-кезегімен төпелетіп, елдің көңілін сергітті. Бұған өлең оқыған сайын ықылас білдіріп, дүр сілкініп отырған көрерермен дәлел.
Ерекше форматтағы әдеби кеш

«Мен өмірге жырлау үшін келгенмін». Биыл қазақтың ақиық ақыны, поэзия әлемінде ойып алар орны бар, жастардың сүйікті сыршыл ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 93 жыл. Мұзбалақ ақынның туған күніне орай, №75 Жамбыл Жабаев атындағы мектепте ерекше форматта әдеби-сазды кеш болып өтті. Ата-аналар мен оқушылар ақынның жалынды өлеңдерін кезек-кезегімен төпелетіп, жиылған көптің көңілін сергітті.
Рейдтік іс-шара өтуде

Ауданымызда ағымдағы жылдың 5-29 ақпан аралығында жол-көлік оқиғаларын болдырмау, оның алдын алу мақсатында жедел профилактикалық шара өтуде. Рейдтік шарада жол патрульдық полиция қызметкерлері көлікті заңсыз жабдықтаған, жол жүру ережесін бұзған көлік жүргізушілерді анықтайды. Нақтырақ, алдағы сюжетте.
100 млн-ға тарта берешегі бар

Сарыағаш аудандық полиция бөлімі, МКБ және жеке сот орындаушыларының ұйымдастыруымен көлік салығын төлемеген көлік жүргізушілерінен салықты мәжбүрлі түрде өндіріп алу бойынша рейдтік іс-шара өткізілді. Сарыағаш қаласының аумағында ұйымдастырылған шарада 50-ге тарта көлік тоқталды. Жалпы жеке тұлғалардың мемлекет алдында 100 млн-ға тарта берешегі бар екен. Олар салықты уақытылы төлемеген жағдайда заң бойынша қандай шаралар қабылданбақ? Тілші сюжетінде.
24 895 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылған

Қылмыстың алдын алып, тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз еткен полицейлердің қатысуымен Арман Айдарұлының төрағалығында жиын болып өтті. Басқосуда Сарыағаш аудандық полияция бөлімінің бастығы Есенғали Елікбайұлы баяндама жасап, өз ұсыныс, тілектерін әкім мырзаға жеткізіп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Қылмыс деңгейі қанша пайызға төмендеген? Жасөсіпірімдерге қатысты қылмыстарды алдын алу мақсатында қандай жұмыстар жүзеге асуда? Тілші тарқатып айтады.