Лудомания – қоғам дерті

Елімізде құмар ойынға салынып, оның құрығынан шыға алмай жүрген жастардың қатары өкінішке қарай кемеймесе, азаймай отыр. Олардың дені түрлі әлеуметтік-экономикалық шараларға қатысатын қоғамның белсенді тобы. Бүгін Келес ауданында «Лудомания – қоғамның дерті» атты тақырыпта алқалы жиын болып өтті. Кеште сөз алған спикерлер залға жиылған қарасы қалың жастарға құмар ойыны туралы мағлұматтар берді. Нақтырақ, алдағы бейнематериалда.
Мал ұрлаған азаматтар құрықталды

Келес ауданының полицейлері мал ұрлаған қылмыстық топты құрықтады. Төрт түлікті барымталаған азаматтар Келес ауданының тұрғындары екен. Сорақысы, олар бұған дейін де 2 рет істі болғандар. Жәбірленушінің арызы бойынша жедел іс-әрекет еткен полицейлердің арқасында қылмыс әшкереленіп, күдіктілер құрықталды.
Шебер ұстаз – 2024

Педагогтардың кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында №75 Ж.Жабаев мектебінде жыл сайын дәстүрге сай өтетін «Шебер ұстаз – 2024» байқауы ұйымдастырылды. Бірегей білім ордасындағы сайысқа 10 ұстаз қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жаңашылдыққа құмар, ел болашағын тәрбиелеп отырған бала бағбандарының қайсысы жеңіске жетті. Толығырақ, алдағы бейнематериалдан көрелік.
Келестіктердің базынасын тыңдады

Заңда жиі кездесетін қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін «Құқықтық көмек» жобасы аясында күні кеше «Amanat» партиясы Келес аудандық филиалында қабылдау болып өтті. Қабылдауда тұрғындар алимент өндіру, АӘК алу, МӘМС жүйесінде туындаған проблемаларын көтерді. Толығырақ, алдағы сюжетте.
Әкем – асқар тауым

Қазақта төрдің иесі де, киесі де – әке. Әке шаңырағы – теңдесі жоқ тұңғыш өмір мектебі. Отбасының құндылықтарын сақтау, әкелердің бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру мақсатында ауданымыздағы №60 іргелі білім ордасында «Әкешім – асқар тауым» атты тақырыпта тағылымы мол аудандық семинар болып өтті. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, түрлі сыныпта түрлі тақырыпта ашық сабақтар өткен өткізілді. Нақтырақ, алдағы сюжетте.
«Арай-2024» байқауы өз мәресіне жетті

«Арай» байқауы биыл ауданымызда 28-рет ұйымдастырылды. Талантты жастарды анықтап, оларды көпке танытуды көздейтін өнер сайысына 40-қа тарта жас қатысуға өтінім берген. Олардың 22-сі ақтық кезеңде бағын сынауға жолдама алды. Кезекті байқауда кімдер жеңімпаз атанып, асығы алшасынан түсті? Алдағы сюжетте. Авторлар: Халима Мақсатқызы, Сағындық Ислам
Кім темір тұлпардың иесі атанды?

Әр тоқсан сайын өз тұтынушыларына бағалы сыйлықтар ұсынатын «MAKSMART» дүкендер желісінің кезекті ойыны өз мәресіне жетті. Бұл жолғы ұтыс ойынының бас жүлдесі – құны 14 млн теңгелік су жаңа Changan CS55 автокөлігі. Аталмыш тұлпарды бағы мен бабы қатар шапқан сарыағаштық көпбалалы әке тізгіндеді. Толығырақ, ерекше толқыныс пен эмоцияға толы сюжет барысын алдағы сюжеттен көрелік.
Тың тәсілмен құлпынай өсіруде

Сарыағаштық кәсіпкер Ашрафи Шымбергенов қыстың суығында жылуды қажет етпейтін жылыжайда құлпынай өсіруде. Аталмыш жылыжайдың ерекшелігі өте көп. Одан бөлек, кәсіпкер құлпынайдың шетелдік түрлерін де әкеліп жерсіндіруде екен. Облыс басшысы Дархан Сатыбалды «Абдураман» ШҚ болып, шарулармен жүздесіп, шығарған өнімдерін көріп еді. Тілші сюжетінен көрелік.
Облыс әкімі: Кемшілікке жол бергендерге қатаң шара көріледі

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына іссапар жасап, күрделі жөндеуден өтіп жатқан аураухананың жұмысымен, сондай-ақ қалада бой көтеріп жатқан 300 орындық жайлы мектептің құрылысымен танысты. Өз кезегінде, облыс басшысы аурухана құрылысын кешеуілдетіп жатқан мердігер мекемеге қатаң ескерту беріп, жауаптыларға тендерді ұтып алып, оны қосалқы мердігерлерге беріп, жауапкершіліктен қашатын компаниялардың әрекетін әшкерелеуді тапсырды. Толығырақ, тілші бейнематериалында.
Тәулігіне 6000 дана сөмке шығарады

Ауданда күніне 6000 дана сөмке шығаратын кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Осыдан 4 жыл бұрын мемлекеттен көк тиын да алмай өз кәсібін бастаған Қожабек Егембердиев бүгінде 65 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Белсенді бизнес берекеге бастайды деген кәсіпкер мемлекеттен көрсетілетін қолдаудан құр алақан болғысы келмейтінін де жасырмады. Аталмыш нысанды Арман Айдарұлы аралап, ондағы жұмыстармен танысқан болатын. Нақтырақ, алдағы бейнематериалда.