Төтеншеліктер ескертеді!

Қазығұрттық төтеншеліктер үйді-үйді аралап жүр. Ондағы басты мақсат – жылыту маусымы кезінде жергілікті бұқараның газдан улануын, сондай-ақ өрт оқиғаларының алдын алу. Өткен жылы ауданда 5 өрт оқиғасы тіркелген. Олардың басты себебі – мұржалардың тазаланбауынан. Толығырақ, алдағы сюжетте.
Сұлулық сыры – жүректе

«Сұлулық сыры – жүректе». Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде сөз сиқырын жанымен түсінген, әдебиет әлеміне ессіз ғашық ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қоғам қайраткері Әкім Ысқақтың әдеби-сазды концерті өтті. Думанды кеште ақынның жүректен шыққан өлең жолдары нөсердей төпелеп, залға жиылған қауымға ерекше әсер сыйлады. Толығырақ, тілші сюжетінде.
Мерейлі мерекеңмен, анашым!

Шұғылалы көктемнің шуақты күндерімен қатар келетін 8 наурыз- Халықаралық әйелдер мерекесін қаламыздағы “Қалдықыз” бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндері жоғары дәрежеде атап өтті. Жанды жадыратар думанды кеште “Күншуақ” тобының балалары тамылжыта ән салып, мың бұрала биледі. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.
Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздіктің символы

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты тақырыпта байқау өтті. Мақсат – қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, тіл мәдениетін көтеру болып табылады. Аталмыш бәсі биік байқауға 22 адам қатысты. Толығырақ, алдағы бейнесюжетте.
Айбыны тасыған алау жігер

Жақын арада облыстық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының жалауы желбірейді. Осыған байланысты ауданымызда сымдай тартылған мектеп оқушыларын іріктеу мақсатында №63 мектепте сайыс ұйымдастырылды. 8 аймақтан қатысқан 84-ке тарта болашақ Отан қорғаушылар 7 сайыс бойынша өзара бақтарын сынады.
Ауылдастардың әсерлі алғысы

Бүгін Құркелес ауылдық округі, Ақниет елді мекенінің ер-азаматтары 1 наурыз – Алғыс айту мерекесінің мәнін ерекше айшықтады. Ізгілікке негізделген айтулы күнге орай, құшағына алқызыл гүлдер толған белсенді азаматтар ауылдағы мемлекеттік мекемелерге табан тіреді. Толығырақ, алдағы сюжеттен көрелік.
«Достық дастарханы» атты фестиваль өтті

Бүгін еліміздің барлық аймағында 1-наурыз «Алғыс айту күні» барынша сән-салтанатымен аталып өтуде. Мәні зор мейрам ұлттардың татулығы мен бекем бірлігін жаңа деңгейге көтеретін мереке. Сарыағаш ауданы да атаулы мейрамды тойлаудан шет қалмады. Ауданымызда өмір сүретін түрлі этнос өкілдерінің арасында «Достық дастарханы» атты фестиваль өтті. Аталған шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев та қатысып, думанды кештің куәсі болды.
Ерекше әсер сыйлаған думанды кеш

Келес ауданындағы №7 ж.о.б.б.м. «Алғыс айту» күніне орай, №2 Балалар «Саз» мектебінің бірлесуімен салтанатты кеш болып өтті. Көпке ерекше әсер сыйлаған кеште бала – ата анасына, шәкірт ұстазына алғысын жаудырды. Киелі сахнада балалар көмбеден көсілген жүйрік секілденіп, жиылған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Дархан елге мың алғыс

Шуақты көктеммен асыға жететін «Алғыс айту» мерекесі қарсаңында қиын-қыстау заманда түрлі ұлт пен ұлысқа құшағын кең жайған қазақ халқына Келес ауданында бір шаңырақтың астында өмір сүретін түрлі этнос өкілдері алғысын жаудырды. Осы ретте, «АMANAT» партиясы Келес аудандық филиалында қоғамдық іс шараларға белсене қатысатын бірқатар этнос өкілдері марапатталды.
«Домалақ ана» дүкені ашылды

Талғамы жоғары, талабы биік келестіктер үшін ауданда алғашқы «Домалақ ана» дүкені ашылды. Енді баяғыша қыздың жасауын дайындау үшін айлап базарда жүретін күндер артта қалды. Себебі, жаңа ашылысымен көптің таңданысын тудырған сауда үйінде қыз жасауына қажетті керек-жарақтардың кең таңдауы топтастырылған. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.