Дихан бабадағы думанды той

Жақсылықтың жаршысы, жаңалықтың бастауы болған Әз-Наурыз мейрамын Дихан баба ауылының тұрғындары жоғары дәрежеде атап өтті. Ауылды түгелдей аралап, ізгіліктің нышанын білдірген Қыдыр атаның Ұлыстың ұлы күніне арнап айтқан ақ батасы бүкіл ауылға тарады. Ұлттық құндылықтар дәріптелген кеш барысы тілші сюжетінде.

Құрсақ шашу

Бүгін Сарыағаш қаласындағы шаңырағына шаттық ұялаған әулеттердің бірінде құрсақ шашу рәсімі өтті. Жыл өткен сайын ұмытылып бара жатқан дәстүрімізді жандандыру мақсатында думандатып өтілген шараға Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері де қатысып, жүкті әйелге ақыл-кеңестерін берді.

Баспана аңсаған балаларға көмек қажет

Келестік мүгедек ерлі-зайыптыға үй сатып алып беру үшін жаны ізгілікке құмар жомарт жандардың көмегі керек! Естеріңізде болса, арнамыздан бірнеше рет Келес ауданына қарасты Біртілек а/о-де тұратын сөйлей, ести алмайтын жұбайлар туралы көрсеткен болатынбыз. Бүгінде әкімдік мамандары сенімді қайрыымдылық қорын тауып, қаржы жинауды бастап та кетті. Осы ретте, аталмыш отбасының отанасы қайырымды жаны жомарт жандардан баспаналы болуы үшін көмек сұрайды.

Жасыл алаңдағы ауылдастар

Ұшқын ауылдық округінде «Тәуелсіздіктің құрдастары» 1991 жылы туған азаматтардың ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс болып өтті. Оған 18 адамнан жасақталған 15-ке тарта команда қатысты. Жыл сайын ұйымдастырлатын жарыс жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту мен бұқаралық спортты дамытуды көздейді.

Шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдік ұсталды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Сарыағаш ауданы бойынша Шекара басқармасының жауынгерлері қазақ-өзбек шекарасын заңсыз кесіп өткен азаматты ұстады. Шекараны бұзған тұлға Өзбекстан Республикасының азаматы екені анықталды. Оны құрықтауға жергілікті тұрғындар да атсалысқан.

«Шабыты шалқып тұрған қаламгер»

Келес ауданынында Әкім ақынның жыр кеші ұйымдастырылды. Думанды кеште өз буынында көш бастап жүрген кең тынысты сыршыл ақынның туындыларын оның шығармашылығын сүйетін өскелең ұрпақ нақышына келтіре орындады. Бір мезет Келес аспанында жыр төпелеген кеш барысы алдағы сюжетте.

Су тасқынының алдын алу үшін…

2022 жылдың сәуір айында толассыз жауған жауынның салдарынан Қазығұрт ауданына қарасты 9 елді мекенді су басқан еді. Бүгінде аталмыш табиғи апатты болдырмау, оның алдын алу мақсатында аудан көлемінде тиісті жұмыстар атқарылып, арық-атыздар мен каналдар тазалануда. Жұмыс барысы алдағы сюжетте.

Сарыағаштық дарынды ұстаздың бағындырған белесі

Ауданымыздағы «High School of Saryagash» зияткерлік мектебінің мұғалімі облыс намысын республикалық «Дарынды балаларға – талантты «ұстаз» педагогикалық олимпиадасына қатысып, 3-орынды иеленді. Жаңа заман талабына сай балалрға сапалы білім мен саналы тәрбие тінін еккен ұстазды бүгін ерекше құрметпен оқушылары мен мектеп ұжымы қарсы алды. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.

Ғасыр жасаған әзиз аналар құрмет құшағында

Жер ана жаңарып, тіршілік атаулы нұрға бөленген шақта Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауданымыздағы ғасыр жасаған ғазиз аналарды мерейлі мерекемен құттықтап, шаңырақтарына табан тіреді. Әр шаңырақтың ақылшысы, берекесі болып, ауыздарынан «айналайыны» түспей отырған ғасыр жасаған аналар өздеріне көңіл бөліп, арнайы келген азаматтарға алғыстарын білдіріп, баталарын берді.

Әлемді тербеген аналар

Аудан әкімдігінде мерейлі мерекеге орай басталған жиын Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Мерекелік думанды кеш тосын сыйға тола болды. Қызыл кілемді жағалай тұрған ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары кешке келген барша қыз-келіншектер қауымына сый-сияпаттар үлестірді. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.