Шаруаларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар

Ауыл шаруашылығы – экономиканың негізгі драйвері. Ал ауыл болашағы болған агросаланы дамытып, шаруаларға қолдау көрсету ол, әрине, мемлекеттің еншісінде. Дегенмен де біз қолда бар мүмкіндіктерді толықтай пайдаланып отырған жоқпыз. Осы ретте Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы сарыағаштық шаруалармен кездесу өткізіп, өңірдегі агроөнеркәсіптік кешеніне көрсетілетін мемлекеттік қолдауларды түсіндірді.
Отбасы – өмір аясы

Бүгінде өкінішке орай, отбасындағы қорлық пен зорлық күн сайын өршіп келе жатыр. Ал мемлекет бірнеше жыл қатарынан шешеміз деген елдегі басты өзекті проблеманың бірі де осы отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық. Қоғам болып бұл жәйтқа тоқтау саламыз дегенменен бұдан нәтиже шықпай отыр. Былтыр статистика бойынша елімізде агрессорлар қолынан 69 әйел мен 7 бала қаза тапқан. Бүгін Сарыағаш аудандық полция бөлімі, аудан әкімдігі сондай-ақ аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында форум ұйымдастырылды.
Шипажайдағы Наурыз мерекесі

Шипалы суымен көпке танылған Сарыағаш ауданындағы шипажайлардың бірінде ұлыстың ұлы мерекесі Наурыз ерекше аталып өтті. “Kazakhstan kz” санаториіне ем іздеп келген демалушылар үшін арнайы наурыз көже үлестіріліп, мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Бірлік пен татулықтың бастауы

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы болған Наурыз мерекесін қабланбектіктер де тойлады. Ұлт пен ұлысты бір арнаға тоғыстырған мейрамда жергілікті бұқара үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ауылдың өнерпаздары бар өнерлерін ортада паш етті.
Ұлттық ойындар ұлықталған күн

Сарыағаш ауданында Наурызнамадағы «Ұлттық спорт» күніне орай, тақымында тұлпарын тулатқан, ұлтымыздың айбынын асқақтатқан, Алты алаш азаматтарының ерлігін паш ететін ұлттық ойындардан даланы дүбірге бөлеген дода болып өтті. Рухтың байрағындай байырғы өнерді жандандырған сайыс барысы тілші сюжетінде.
Ұлыстың ұлы күні – Сарыағашта

Жер жаһанды сері самалға өпкізіп, жұрттың аузын аққа жеткізіп, жеті қат аспан астына дейін балқытып жеткен ұлыстың ұлық мерекесін дәстүрінен жаңылмаған сарыағаштықтар кең көлемде атап өтті. Төле би алаңына жиылған халықтың қарасы қалың болды. Барлығы да аудан өнерпаздарының мерекеге арналған театрландырылған көрінісін тамашалап, ерекше әсерге бөленді. Толығырақ, аудандағы наурыз тойы туралы тілші сюжетінде.
«Аида» би тобы Алматыдан олжалы оралды

Ауданымыздағы «Аида» балалар би тобы республикалық «Қазақстан таланттары» байқауынан Бас жүлдемен оралды. 16-наурыз күні Алматы қаласында өткен жарысқа 60-қа тарта би ұжымы қатысқан. Республикалық байқауда топ жарған биші қыздарды олардың ата-аналары бар сән-салтанатымен қарсы алған еді. Толығырақ, алдағы сюжетте.
Ақ үй – таланттылар мекені

Таланттың бәрі – ауылдан шығады. Сондықтан жер-жерлердегі жасырынып жатқан жас дарындарды өнерге баулып, оларды үлкен сахнаға шығару – аға буынның еншісіндегі іс. Әсіресе, танылмай жүрген таланттарға бағыт-бағдар беріп, таудай талабы бар балаларды үлкен сахнаға дайындап жатқан үйірмелердің рөлі орасан екенін атап өткен жөн. Бүгін де дәл сондай мақсатта құрылған Ақ үй ауылдық клубы үйірмелерінің есептік концерті болып өтті.
Жалпыұлттық ағаш егу акциясына атсалысыңыз!

Наурызнаманың алтыншы күні яғни ертең еліміз бойынша жаппай ағаш отырғызу бойынша жалпыұлттық акция өтеді. Аудан бойынша өтетін сенбіліктерде пәленше түп ағаш отырғыздық деп сүйіншілеп жатамыз. Алайда санды көздегенімізбен сапасы қаншалықты дұрыс екендігіне мән беріп жатырмыз ба? Осы ретте, ауыл шаруашылығы ғылымдарының профессоры, PhD докторы Битөре Жұмаханов сарыағаштықтарды ағаш егудің өзіндік мәдениетін сақтап, баршаны еліміздің гүлденуіне атсалысуға шақырды.
Балғындар Наурыз мейрамын тойлады

Сарыағаш қаласындағы «Мақтақыз» бөбекжай балабақшасының балғындары Әз-Наурыз мейрамын тойлады. Мереке қарсаңында өткен думанды кеште ұлттық құндылықтар насихатталып, ұлттық ойындарымыз кеңінен дәріптелді. Толығырақ, алдағы сюжетте.