«Көгілдір отын үйімізде»

Жонарықтық тұрғындар үшін тонналап көмір жағып, қара күйеге малынатын күндер артта қалды. Себебі ауыл, халық көптен күткен көгілдір отынмен қамтылды. Әзірге құжаттары толықтай дайын 1 тұрғын-үй газға қосылған болса, алдағы уақытта кезек кезегімен, табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілмек.
Жанды жадыратқан жайдарман

Жастар жалау еткен «Жайдарман» Сарыағаш ауданында биыл да бастау алды. Ағымдағы жылы Сарыағаш ауданы әкімінің кубогы үшін аудандық ЖРО ұйымдастыруымен өткен маусымашарға 20 команда өтінім берген. Бүгінде оның 10-ы байқауда өз бағын сынамақшы.
271 мың гектар жер химиялық өңдеуден өтеді

Былтыр Түркістан облысында шегіртке қаптап, егістік жерлерді тып-типыл еткен болатын. Былтырғы жылы небәрі 71 мың гектар жер өңделген болса, биыл 271 мың га жер химиялық өңдеуден өтпек. Оның да өзіндік себептері көп. Морокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстарын пысықтау мақсатында Дарбаза ауылдық округінде облыстық семинар өткен болатын. Аса қауіпті зиянкеске қарсы күрес шаралары қалай жүзеге аспақ? Толығырақ сюжет көрелік.
Қабланбек: «Мәдениет үйін қайтарып аламыз»

Қабланбек ауылдық округі тұрғындары қаншама жылдардан бері қаңырап бос жатқан мәдениет үйін мемлекеттің меншігіне қайтару бойынша бармаған жері, баспаған тауы, жасамаған үндеуі қалмаған еді. Бүгін әкім мен халықтың кездесуінде Арман Абдуллаев жағымды жаңалықты жалпақ жұртқа жайып салды. «Мәдениет үйін жерімен қоса қайтарып аламыз» деген әкім мырзаның сөзіне залға жиылған жұрт қуанғаннан қос қолдап шапалақ ұрды. Ағымдағы жылы өңірде қандай жұмыстар атқарылады? Халықтың уәжі қандай? Толығырақ сюжет көрелік.
Қызылжар: Жер телімдері беріледі

Қызылжар ауылдық округінде тұрғын үй құрлыысы үшін жер учаскелері беріледі. Осы мақсатта Қызылжар және Жаскешу елді мекендерінде арнайы жер белігленіп, оған инфрақұрылым жүйелерін жүргізу бойынша тиісті құжаттар әзірленген. Одан бөлек, топырақта доп қуалаған ауыл балалары үшін кіші футбол алаңын салу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. осы және өзге де бағытта атқарылған сондай-ақ алда атқарылатын жұмыстар жайы Арман Абдуллаевтың қызылжарлықтармен кездесуінде айтылды.
Кимешегін күн сүйген дархандық әжелер

Биыл Дархан ауылдық клубы жанындағы «Шұғыла» әжелер ансамбілінің құрылғанына 10 жыл толып отыр. Осынау мерейлі мерекені тойлау мақсатында бүгін Дархан ауылдық клубының ұйымдастыруымен жанға жылу сыйлар ерекше кеш болып өтті. Ендеше, бойдағы тамаша талантынан бөлек ұрпақтан ұрпаққа ұласып, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан тәрбиенің қайнар көзін келешек ұрпақтың бойына дарытуды мақсат еткен әзиз әжелер туралы сюжет көрелік.
«Көшелерді жарықтандыру керек»

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың тұрғындармен кездесу жиыны басталды. Бүгін аудан басшысы Ақжар ауылдық округі тұрғындарымен жүздесіп, өткен жылы ауданда атқарылған тірліктерге тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Толығырақ алдағы сюжетте.
Кездесуде қандай проблемалар көтерілді?

Аудан басшысының кезекті кездесуі Дербісек ауылдық округінде жалғасты. Кездесу барысында бірқатар өзекті проблемалар көтерілді. Айта кетерлік жайт, жиында аңқасы кеуіп, кенезесі кебірсіген ауылдағы ағайын тірішілік нәрін тататын күннің ауылы алыс еместігі де айтылды. Жиында бұдан бөлек қандай проблемалар көтерілді? Тілші сюжетінен көрелік.
Ұлым, саған айтам

15 жылдан бері театрсүйер қауымға тың спектакльдер қойып келе жатқан «Сарыағаш» халықтық драма ұжымы 27-наурыз Театр күнінде сарыағаштықтарды тағы да сүйсінтті. Күні кеше аудандық мәдениет үйінде ақын Бақыт Беделханның “Ұлым, саған айтам…” моно драмасын сахналаған шығармашылық ұжым көрерменге салиқалы ой салды.
«Кәріс келін» сарыағаштықтардың көңілінен шықты

«Түркістан» телеарнасының алғашқы төл туындысы «Кәріс келін» көркем фильмі қалың қауымға 1-наурызда жол тартқан еді. Шынайы оқиғаға негізделіп түсірлген тың кинокартинаны күні кеше аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге 600-ге тарта сарыағаштық тамашалады.