«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы Ұшқында жүзеге аспақ

Ұшқындықтар биыл өз кәсіптерін бастап «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5 пайыздық несиеге қол жеткізе алады. Жергілікті бұқара үшін жағымды болған жаңалықты Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ұшқын ауылдық округі тұрғындарымен кездесуінде мәлім етті. Есептік жиында бұдан бөле қандай проблемалар көтерілді? Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Экоакция қыза түсті

Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында қызу тірліктер жалғасуда. Республикалық экоакцияның үшінші апталығында ауылдық округ тұрғындары мен еріктілер республикалық маңызы бар автожол бойына шығып оның маңын күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүрпгізуде.
Мәселелер оң шешімін таба ма?

Келес ауданы әкімінің халықпен кездесу жиындары жалғасуда. Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев күні кеше Алпамыс батыр ауылдық округі тұрғындарымен жүздесіп, 2023 жылы өңірде атқарылған тірліктерге тоқталып, әр саланың даму көрсеткішін және алда атқарылатын жұмыстарды жіпке тізді.
Сұңқар болмысты азаматтардың құрметіне сынып ашылды

Елдің дамуына еселі еңбегі сіңген,елін емірене сүйген ағайынды Төлеуішовтердің құрметіне Әлімтау ауылдық округіне қарасты Тасқұдық елді мекеніндегі «Әл-Фараби» атындағы ШЖМ мектепте қос кабинет ашылды. Белгілі журналист, ақын, сазгер Жаңабай Төлеуіш пен Әділет полковнигі Жұмабек Төлеуіштің атына сынып ашудың өзі ұрпақтар сабақтастығының жалғандығын білдіреді.Тақырыпты толығырақ алдағы сюжеттен көрелік.
Гуманитарлық көмек: Құркелестіктер де шет қалмады

Қазір су басқан өңірлердегі ахуал күрделі. Осыған байланысты гуманитарлық көмек жөнелту әлі де жалғасуда. Құркелес ауылдық округінің тұрғындары мен халық қалаулылары сол аймаққа қарасты сауда үйінің саудагерлері қажетті заттарды жинап, бірліктерінің бекем екендіктерін көрсетті.
Тегісшілде қандай проблемалар көтерілді?

Ауылдағы ағайынның өмір сүру сапасын арттырып, түйткілді проблемлаардың түйінін тарқату мақсатында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Тегісшілдіктермен өткен кездесуде 27 мәселе көтерілген болатын. Проблемалар өз шешімін тапты ма? Ауыл халқының әкімге айтар базынасы қандай? Сюжет көрелік.
Білім ордасының жұмысымен танысты

Сарыағаш ауданында жас ұрпақтың санасына сәуле ұялатқан ұстаздар шоғырланған білім ошақтары жетерлік. Солардың бірі Тегісшіл ауылдық округінде орналасқан “Анар апа” мектебі. Аудан басшысы аталған білім ордасында табан тіреп, жекеменшік мектептің тыныс тіршілігімен танысты.
200 адам тазалық жұмыстарына қатысты

Ауылдың ажары, берекелі базары үшін барын салатын Жібек жолы ауылдық округінің тұрғындары “Таза Қазақстан” республикалық акциясынан шет қалмады. Аталған тазалық жұмыстарына 200-ге тарта азаматтар қатысты.
Гуманитарлық көмек жөнелтілді

Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы
Дарбаза: «Спорт алаңшасы салынады»

Биыл Дарбаза ауылдық округінде атқарылатын жұмыстар легі көп. Ағымдағы жылы көшелерге жарықшамдар орнатып, бірқатар көшелерге шағал төсеу жұмыстары жүреді. Балалардың игілігі үшін спорт алаңшасы салынып, Ердәуіт ауылына ФАП құрылысы басталады. Осы және өзге де атқарылатын жұмыстарды Арман Абдуллаев дарбазалықтармен кезекті кездесуінде мәлім етті.