Жаскешудегі жайлы мектептің жайы қалай?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасыменен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауданымызда 10 заманауи білім ордасы бой көтеруде. Олардың бірқатарының құрылысы басталып, жұмыстар қарқынды жүруде. Арна тілшілері Қызылжар ауылдық округі, Жаскешу елді мекеніндегі 900 орындық жайлы мектептің жұмыс қарқынымен танысып қайтқан болатын. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.

Сүлеймен Тұрдықұл – аударыспақтан ҚР чемпионы

Қызылжарлық Тұрдықұлов Сүлеймен Рақымжанұлы аударыспақтан Қазақстан Республикасының 3 дүркін чемпионы атанды. Ол ағымдағы жылдың 10 және 13 мамыр аралығында Алматы облысында жастар арасындағы аударыспақтан өткен ҚР 18 чемпионатында топ жарып, алтынды еншіледі. Аталған сайысқа елдің түкпір-түкпірінен кіл мықтылар қатысқан. Бүгін чемпионды ауылдастары бар сән-салтанатымен қарсы алған болатын. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Білімділер бәйгесі басталды

Бүгін Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінде ветеринария құзіреттілігі бойынша «Worldskills Turkistan – 2024» облыстық чемпионатының ашылу салтанаты болып өтті. Аталған білім бәйгесіне Түркістан облысынан 6 колледжден студент қатысып, бағын сынамақ.

Әділ билер абырой биігінде

7- мамыр Отан қорғаушылар күні және 9-мамыр Жеңіс күніне орай жас ұрпақтың тәрбиесіне айырықша көңіл бөлген бір топ азаматтарға Түркістан облысы полиция депаратаменті бастығының алғыс хаты мен ел сенімі медалі тарту етілді.

Бағжан – бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Бағжан Отынбай бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ағымдағы жылдың 25 сәуірі мен 8 мамыр аралығында 22 жасқа дейінгі жас боксшылар арасында өткен Азия чемпионатына 25 мемлекеттен 500-ге тарта спортшылар қатысқан. Шаршы алаңда бағы жанып, ел қоржынына күміс салған Бағжан Абайқызын ауылдастары зор құрметпен қарсы алды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Ерлік рухы аласармайды

Күні кеше сарыағаштықтар 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9- мамыр Жеңі күнін атап өтті. Арасына 1 күн ұзартып келетін қос ұлық мерекені сарыағаштықтар жыл сайын Жеңіс саябағына жиналып татулық пен тыныштықтан асқан бақыт жоқ екендігін түсініп, отан қорғау жолында шейіт кеткен батыр баба рухына тағзым жасайды. Толығырақ алдағы бейнематериалда

Бабалар рухына тағзым

Бүгін келестіктер таңның атысымен Жеңіс саябағына қолдарына шоқ қызыл гүлдерін ұстап бас қосты. Мақсат пен мүдде біреу ғана. Сұрапыл соғыста отанды қорғау жолында жанын берген боздақтардың рухына тағзым ету.

Шегірткеге қарсы күрес жалғасуда

Аса қауіпті зиянкес шегірткелерге қарсы жасалып жатқан жұмыстар қатаң бақылауда. Биылғы жылы ауданда 75,4 мың гектар жер химиялық өңдеуден өтетіндігі жоспарланған болса, бүгінде оның 10,8 мың гектары өңдеуден өтті. Жылға ауылдық округінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен үйірлі шегірткелерге қарсы штаб отырысы өтті. Онда аса қауіпті морокко шегірткесін жою үшін атқарылып жатқан жұмыстар барысы талқыланып, жиынға қатысушылар бірқатар мәселелерді ортаға салды.

Абай: Жер телімдері беріле бастады

Қазіргі таңда аймақтардағы ең өзекті мәселелердің бірі – тұрғын-үй салу үшін азаматтарға жер учаскелерін беру. Бүгінде Абай ауылы аумағында жеке үй салу үшін тұрғындарға жер телімдері беріле бастады. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев абайлықтармен кездесуінде мәлім етті. Одан бөлек , биыл Абай ауылында әлеуметтік нысандардың қатары да артады. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Келес: Аудан басшысы этнос өкілдерімен сенбілікке қатысты

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев этнос өкілдерімен бірге ағаш отырғызды. Ауданда бүгін өткен сенбілікке 100-ден астам азамат қатысты. Бірліктерінің бекем екендіктерін көрсеткен олар 900-ге тарта гүл көшеттері мен ағаштар екті.