Балғындар балабақшамен қоштасты

Қоштасып бала бақшамен мектепке кетіп барасың! Бүгін Жылға ауылындағы “Қасиет” бөбекжай балабақшасындағы балғын балалық шақтың бақытын сезінген 24 бала мектепке жолдама алды. Бақша түлектерінің қоштасу кешіне арналып ұйымдастырылған шарада балалар тамылжыта ән салып, мың бұрала биледі.

Облыс әкімінің Сарыағашқа сапары

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды халықпен кездесуінен соң, халықты жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онда жергілікті бұқара әкім мырзаға білім саласындағы жемқорлыш, күн тәртібінен түспейтін инфрақұрылым мәселелері бойынша өз өтініштері мен талап тілектерін жеткізді.

Патриоттық әндерді орындаушылар байқауы

Құркелес ауылдық мәдениет үйінде патриоттық әндерді орындаушылардың үздіктері анықталды. Болып өткен байқауда туған жер, Отан, рухты көтеретін әсем әндерді қатысушылар нақышына келтіре орындап, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Тұғырда – мәдениет майталмандары

21-мамыр мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерейлі мерекесінде бірқатар мәденит саласында еселі еңбек еткен үздіктердің еңбегі бағаланды. Өмірін шығырмашылыққа арнаған азаматтарға аудан әкімі Арман Абдуллаев пен бөлім басшысы Әбіләзім Жаншуақовтың алғыс хаттары мен сыйлықтары тарту етілді. Одан бөлек, аудандық мәдениет үйіне қарасты ауылдық округтердегі мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар арасында «Мен кәсіби маманмын» атты байқау өткізілді.

Абай облысына 50 адам аттанды

“Ұлы көш” қоғамының төрағасы Жаңабай Ағабековтың ұйымдастыруымен “Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері” ұлттық жобасы аясында Абай облысына 50 азамат Түркістан облысынан аттанды. Ондағы басты мақсат – оңтүстіктен солтүстікке көшуді ниет еткен азаматтарға онда жасалатын жағдаймен ұсынылатын жұмыс орындарын көрсету.

Еркебұлан Ахат – самбодан Азия чемпионы

Дарбазалық Еркебұлан Ахат самбодан Азия чемпионы атанды. Ағымдағы жылдың 11-16 мамыры аралығында өткен сары құрлық бәсекесіне 25 мемлекеттен 500-ге тарта бозкілем шеберлері қатысты. 58 келі салмақта өз бағын сынаған Еркебұлан ел қоржынын алтынмен майлады. Азия чемпионын билік өкілдері мен ауылдастары зор қошеметпен күтіп алған еді. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

20 жылды қорытындылау кеші

Сарыағаш ауданындағы би мэтрі, педагог-хареограф Айнұр Бердібекованың аудандық мәдениет үйінде «Ай-нұр» әлемі атты 20 жылды қорытындылау кеші өтті. Аталған салтанатты кешке аудан әкімі Арман Абдуллаев, хареографтың шәкірттері мен оның өнеріне ғашық өнерсүйер қауым жиналды. Ендеше ерекше әсер мен қимастық сезімі ұштасқан кеш барысы алдағы сюжетте.

Президент кеңесшісі жастармен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сарыағаштың жастарына ерекше ыстық ықыласымды білдіріңіз» деген ілтипатын Президенттің кеңесшісі сарыағаштық жалынды жастарға жеткізді. Өңірге іссапармен келген Мәлік Отарбаев орталық кітапханаға жиналған жастармен кездесіп, орамды ой өрбітіп, пікір алмасты. Нақтырақ алдағы бейнематериалда.

Қызылжар: 180 млн теңгеге спорт кешені салынбақ

«Қызылжар ауылдық округінде биыл атқарылатын жұмыстар қыруар» дейді ауылдық округ әкімі. Бүгінде бұқаралық спортты дамытудың маңызы артып келеді. Осы мақсатта Қызылжар ауылдық округінде замануи спорт кешенін салу мақсатында республикалық бюджеттен 180 млн тг бөлінгелі отыр. Аймақта бұдан бөлек ағымдағы жылы қандай жұмыстар атқарылмақ? Алдағы сюжетте.