Алаяқтан сақ болыңыз!

Келес ауданында ағымдағы жылдың 5 айында суицид 60 пайызға, мал ұрлығы 16,6 пайызға өскен. Келес ауданының прокуротурасының мамандары осылай дейді. Жан түршіктірер статистикалық мәліметтерге байланысты аудандағы әрбір ауылдық округтерде алаяқтықтың алдын алу, өз өзіне қол жұмсау жаратқанға қарсы шығу атты іс шаралар легі ұйымдастырылды.

Көк аспанда қалықтады…

Келес ауданында мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс шара жоғары дәрежеде аталып өтті. Өскелең ұрпақты отаншылдыққа үндейтін мерекелік шарада патриоттық рухта әндер шырқалып, елдігіміздің нышаны болған көк туымыз әуе шарында биікте қалықтады.

Сыйлайықшы бар жақсыны балаға

1-маусым балаларды қорғау күні Сарыағаш ауданында кең көлемде тойланды. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары орталық саябақта концерттік бағдарлама ұйымдастырып, жиналған көпшілік қауымның күңіл-күйін көтерді. Осы және өзге де қызыққа толы балалар мерекесі жайлы алдағы сюжеттен көрелік.

Кезекті қабылдау

«Аманат» партиясының Сарыағаш аудандық филиалының ғимаратында аудан әкімі Арман Абдуллаев сарыағаштықтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға барлығы 17 тұрғын келіп, әкім мырза сондай-ақ жауапты сала мамандарынан тұщымды жауаптарын алды. Толығырақ алдағы бейнесюжетте

Жастар жемқорлыққа қарсы

«Қапланбек» жоғары аграрлық техникалық колледжінде «Адал адам, Адал еңбек, Адал табыс» ашық диалог алаңы өтті. Аталған жиынға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінен өкілдер келіп сыбайлас жемқорлық төңірегінде сөз қаузады. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.

Тегін құқықтық көмек алды

Бүгін ауданымызда «Халық заңгері» атты республикалық әлеуметтік акция болып өтті. Аталған науқанда үздік заңгерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері халыққа тегін кеңестер берді. Сарыағаштықтар көбіне қандай мәселелері бойынша мамандарға жүгінді? Тиісті дәрежеде кеңестерін ала алды ма? Тілші сюжетінде.

54 әкім семинарды сәтті аяқтады

Үш күн бойы «Қарызсыз қоғам» оқу семинарына қатысқан 5 ауданның ауылдық округ әкімдері бүгін семинарды сәтті аяқтады. Сертификаттарды табыстау рәсіміне Аманат партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев қатысты. Нақтырақ алдағы сюжетте.

Табиғи газдың шарапатын көрмек

Бүгін ауданда стратегиялық маңызы бар нысан ашылды. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Таболино» автоматтандырылған газ тарату станциясын ресми түрде іске қосты. Аталған нысанның қуаттылығы сағатына 20 000 кубты құрайды. Тұрғындар үшін қуанышты болған күнде олар игі істің жүзеге асуына сеп болған азаматтарға алғысын жаудырды. Толығырақ тілші сюжетінен көрелік.

Әкімдер де қаржылық сауаттылықты арттыру семинарына қатысуда

Ресми мәліметтерге сәйкес, бүгінде 6,3 миллионға жуық қазақстандықтың банк алдындағы несиелері өтелмеген. Одан бөлек, 102 млн қазақстандық микроқаржы ұйымдарынан несие алып, оны төлеуге қабілеті жетпей, қарызға белшесінен батуда. Әрине бұл көңіл қуантарлық жайт емес. Мұның барлығы азаматтардың қаржылай сауатсыздығынан туындап отыр. Бұқараның қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында бүгін Сарыағаш ауданында 5 ауданның ауылдық округ әкімдері арасында оқу-тренингі бастау алды. Бұл тренингке әкімдердің қандай қатысы бар? Тілші сюжетінде.

Соңғы қоңырау салтанаты

Келес ауданында да 25-мамыр соңғы қоңырау салтанатты шарасы жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Келес ауданы бойынша биыл 2000-ға жуық түлек білім ошағыменен қошатып, жаңа өмірге қадам басты. Оның ішінде 89 оқушы алтын белгіге үміткер. Білім ошағынан қанат қаққан түлектердің маңызды сәтін біздің арнаның түсірілім тобы да көріп қайтқан еді. Алдағы сюжетте.