Жол жөндеу жұмыстары қарқынды

Тұрғындар ойдым-ойдым жолдардан мезі болғалы қашан? Әкіммен қандай жиын өтпесін күн тәртібінен жол мәселесі түспейді. Бүгінде Келес ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылішілік жолдарды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде.

Гүлнара Садықова – құрмет құшағында

Келес ауданына қарасты 13 колледжде 30 жылдан астам қызмет еткен Гүлнара Садықова қадірлі зейнеткерлікке шықты. Бар саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнап, қаншама жылдардан бері жас ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу жолында аянбай тер төккен азаматшаны ұжымдастары бар сән салтанатымен, арнайы қоштасу кешін ұйымдастырып құрмет көрсетті.

Ауылдағы бір күнім

“Ауылдағы бір күнім». Бүгін Келес аудандық ЖРО-ның ұйымдастыруымен ерекше форматтағы сайыс өткізілді. Аталған бәсі биік жарысқа ауданға қарасты барлық ауылдық окрутерден ауыл жастары келіп қатысты. Ендеше қазақилықтың иісі аңқыған сайыс барысы тілші сюжетінде.

Жеңімпаздарды қабылдады

Белоруссиядан олжалы оралған «Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамбілін аудан әкімі Арман Абдуллаев қабылдап, құрмет көрсетті. Өңір басшысы талай халықаралық өнер додаларында ел намысын қорғап келе жатқан өнер ұжымына алдағы уақытта да қолдау ерекше болатындығын жеткізді.

Белоруссиядан бас жүлдемен оралды

Талантымен талайды тамсандырған «Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамблі тағы да ел мерейін үстем етті. Белоруссия Республикасы Пастава қаласында 34-рет өткізілген «Ұлттық аспаптар әуені» атты фестивальде сарыағаштық өнерпаздар 3 бірдей жүлдені қанжығысана байлады. Ұлттық аспаптарды насихаттауға зор үлесін қосып жүрген жеңімпаздарды аудан жұртшылығы зор қошеметпен қарсы алды.

Мал ұрлаған ағайындылар…

Келес ауданында жыл басынан бері мал ұрлығының 8 дерегі тіркелген. Ағымдағы жылдың маусым айында келестік тұрғын 2 бас жылқысының жоғалғандығы туралы ауданбық полиция бөліміне хабар береді. Белгілі болғандай, бөтеннің малын қолды қылып, өзгеге сатқан ағайындылар болып шықты. Олар енді қандай жаза арқаламақ? Алдағы сюжетте.

Қылмыстық құқықбұзушылық дерегі артқан

Өткен жылға қарағанда ауданда адам өлтіру, телефон ұрлығы, суицид, мал ұрлығы фактілері артқан. Осыған байланысты Келес ауданында құқықтық бұзушылықты алдын алу мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары құрылып, 12 ауылдық округте тиісті жұмыстар атқарылуда.

Жас воркаутшылар бәсекесі

«Turworkout» Fest бүгін Сарыағаш ауданында жалғасты. Белтімерге тартылудан нағыз шеберлер аймаққа қарасты барлық ауылдық округтерден келіп қатысты. Көктерек ауылдық округінде болып өткен сайыста жас воркаутшылар бар ептіліктерін ортаға салды. Толығырақ алдағы бейнесюжетте

WORKOUT: ЕР ЖІГІТТІҢ ЕПТІЛІГІ СЫНАЛДЫ

Келес ауданында темірдің тілін тапқан жастар белтемірге тартылып, өздерінің қара күшін сынады. Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «TURWORKAUT» сайысында ауданға қарасты ауылдық округтерден жігіттер келіп қатысты.

Облыстық турнир

Келес ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мен 4-маусым ҚР мемлекеттік рәміздері күніне орай футболдан жасөспірімдер арасында сайыс өтті. Оған 2010-2011 жылы туған жастардан құралған 8 команда қатысты. Ендеше қайталанбас тактикалар мен ерекше эмоциялар орыналған сайыс барысы алдағы сюжетте.