Алқаптағы қарбалас

Сарығаш ауданында биылғы жылы 45 мың гектар жерден астық жинау міндеті тұр. Қазірдің өзінде кейбір шаруашылықтар өзінің жұмысын бастап та кеткен. Алқаптағы жұмыстармен танысу мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіндегі «Қазығұрт-Бәйтерек» ЖШС-ның бидай алқабына барған болатын. Нақтырақ алдағы сюжетте.
Ұлбосын Адилова – Азияның 5 дүркін чемпионы

4 жылдың ішінде 5 рет самбодан Азия чемпионы атанған Ұлбосын Адилованы ауылдастары бар сән салтанатымен қарсы алды. ҚХР 1 шілдеде өткен чемпионатта 80 келі салмақта бағын сынаған ол, қарсыластарын алып та шалып та жығып ел мерейін тағы да асқақтатты. Ел қоржынын алғаш болып алтынмен майлаған, жүрегінде намыс оты ұшқындаған Ұлбосынды ауылдастарынан бөлек зиялы қауым өкілдері мен аудан әкімінің орынбасары келіп құттықтап ақ жарма тілегін жеткізді.
Кеден бекетінің адам өткізу қабілеті жоғарылайды

Жақын арада Парламент Мәжілісіндегілер демалысқа кетті. Десе де күні кеше ауданымызға Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков іссапармен келіп, бірқатар нысандарды аралады. «Жібек жолы» кеден бекетінің жай-күйімен танысқан ол бекеттің өткізу қабілетін арттыру жайын, өзге де өзекті проблемаларды талқылады. Толығырақ алдағы сюжетте.
Су жаңа автокөліктің иегері анықталды

«Максмарт» сауда дүкенінің су жаңа 16 автокөлігінің жеңімпазы – Лесбай Айбек атанды. 8 наурыз қарсаңында әулеттің шамшырағы болған ақ жаулықты әжеге 160 мың теңгеге ұялы телефон алған аталған отбасы ұтыс ойынының бас жүлдесінің иегері атануды мүмкін емес деп ойлаған. Су жаңа чанган темір тұлпарды сауда орталығының қызметкерлері салтанатты түрде иелеріне табыс етті. Одан бөлек шынайы ұтыс ойынында автокөліктен бөлек бағалы сыйлықтардың да иегерлері анықталды.
Ұшқындық жас спортшылар абырой биігінде

Ұшқындық жас спортшылар Өзбекстан Республикасында өткен халықаралық сайыста ел қоржынын алтын және күміспен майлады. Спорттың жекпе -жек түрінен сынға түскен батырлар шаршы алаңда қарсыластарын алып та шалып та жығып көк байрағымызды көкте желбіретті. Ел мерейін үстем еткен спорт саңлақтарын Ұшқын ауылдық округінің азаматтары бар сән салтанатымен қарсы алды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Телевизия тарланын еске алу турнирі

Жетісай ауданында Мақтаарал ауданының құрметті азаматы, телевизия тарланы, ондағы «Санур» телеарнасының негізін қалаушы Саржанов Тұрсынхан Құдайқұлұлын еске алуға арналған турнир болып өтті. 28-маусым БАҚ қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған аладоп бәсекесіне облысқа қарасты аудандардан барлығы 16 команда келіп қатысты. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Төртінші билік өкілдері құрмет құшағында

Бүгін Келес ауданында өңір журналистикасының дамуына елеулі үлес қосып жүрген БАҚ қызметкерлері марапатталды. Елдегі елеулі оқиғалар мен Президенттің сындарлы саясатын халыққа жеткізіп, бұқара мен биліктің арасында алтын көпір болып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Келес ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Сариев құрмет көрсетті.
Репродуктивті денсаулық – ұлттың саулығы

Бүгінде еліміз бойынша репродуктивті денсаулық апталығы өтуде. Дені сау ұрпақ әкелуге бағыттайтын апталық аясында ауданға қарасты барлық медицина мекемелерінде ашық есік күндері ұйымдастырылып, азаматтарға ақыл кеңестер беріліп жатыр. Дәл осы сынды игі шараның бірі Құркелес ауылдық округінде орналасқан «Құркелес» емханасында өтті. Нақтырақ алдағы сюжетте.
Қайта жаңғырған ұлттық ойындар

Сарыағаштық палуан 70 келілік қошқарды 151 рет көтеріп көпті таңқалдырды. 21-22 маусымда Түркістан төрінде өткен Сарыағаш ауданының мәдениет күндері аясында өткен спорттық сайыста 100-ге тарта спортшылар түрлі спорт түрлерінен өз бақтарын сынады. Талас пен тартысқа толы болып өткен сайыс пен туристерді таң қалдырған қара күштің иелері туралы сюжерт алдағы бейнематериалда.
Келес: Бокстан байрақты бәсеке бастау алды

Келес ауданында кезекті рет былғары қолғап бәсекесі өтуде. Бокстан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Нұржан Смановтың жүлдесіне арналған рингтегі айқас халықаралық деңгейде өтуде. Ойын барысы алдағы сюжетте