22 адамның өтініші…

Келес ауданында «Қызмет алушылар күні» іс шарасы өткізілді. Бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылатын шарада жергілікті тұрғындар көкейдегі сауалдарын жауапты сала мамандарына жеткізіп, бағыт-бағдар алып немесе мәселесін шешуге ықпал жасайды. Күні кеше халық кеңсесі ғимаратында өткенде жиында 22 қызмет алушы тұрғындар қамтылды. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
«2 жыл жұмыссыз жүрдім»

«Жастарға жұмыс». Келес аданында аталған жобаны іске асыру мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. «Аманат» партиясының ұйытқы болуымен мансап орталығында кезектен тыс ұйымдастырылған жәрмеңкеде табақтай дипломымен екі қолға бір күрек таппай жүрген жастар қауымы жиналды. Оларға қандай жұмыс орындары ұсынылып, нешеуі жұмысқа орналасты.
Тазалық жұмыстары жандана түсті

Өткен аптаның сенбісінбе әдепкі үрдіс бойынша аудан аумағында сенбілік жұмыстары өтті. Аудан әкімі Арман Абдуллаевтан бастап, ауданның белсенді ардагерлері, белсенді тұрғындары, еріктілер, жастар тазалық акциясына үн қосты. Өскелең ұрпақтың тәрбиесіне бей-жай қарамайтын сарыағаштық ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер де бүгінгі сенбілікке қатысып, жастарға өнеге көрсетті.
Бала бағбандары тазалыққа үн қосты

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өңірлерде қарқынды түрде жүзеге асуда. Жалпы Келес ауданында «Таза Қазақстан» акциясын науқан емес, қалыпты өмір дағдысына айналдырып, жыл он екі ай бойы осы бағытта жұмыс жүргізу жолға қойылған. Алдағы уақытта қалада тазалық, абаттандыру жұмыстары жаңаша бағытта үйлестіріліп, жүйелене түспек. Осы ретте, Келес аудандық білім бөлімінің мамандары да тазалық жұмыстарына белсене қатысып, қоршаған ортаны қоқыстардан тазартуда.
Өңірге көрік берген акция

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Абай ауылында қарқынды түрде жалғасуда.«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына аймақтағы барлық мекеме ұжымдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, волонтерлер, қоғам белсенділері мен жастар және тұрғындар белсенді қатысуда.
Бітімгерлік жолы

Еліміздің ілгері дамуының бірден-бір факторы саяси тұрақтылық, адамдар арасындағы өзара сенім мен татулыққа негізделген жасампаз еңбек екені белгілі. Көпұлтты, алуан сенімдегі адамдар, түрлі әлеуметтік топтар қоғамдық келісімнің арқасында бейбіт өмір сүруде. Оны қамтамасыз ету үшін елімізде тиісті заңдардан бөлек көптеген мемлекеттік және қоғамдық институттар жұмыс жасайды. Солардың бірі азаматтардың арасындағы дау-шарды сотқа жеткізбей шешу. Аталған үрдіс Келес ауданында да қарқынды түрде дамып келеді.
ҰБТ: Негізгі қорытындылар жарияланды

Негізгі ҰБТ қортындылары жарияланды. Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова бірқатар мәліметтерді жеткізді. Оның сөзінше, биыл 181 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 20 мыңға көп. Одан бөлек, талапкерлер грант конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау да басталып кетті.
Балдәурен – бақытты балалар мекені

Жаздың үш айында алаңсыз асыр салып демалғысы келетін балалар лагерьге асығады. Оқу жылы аяқталғанда балаларын түрлі демалыс орындарына жібергісі келетін ата-аналар да көбейеді. Ауданымызда білім бөліміне қарасты сарыағаштық балалардың сүйікті сауықтыру орталығына айналған «Балдәурен» сауықтыру орталығы жұмыс істеп тұр. Аталған нысанда демалушыларға жасалған мүмкіндіктер қандай? Толығырақ тілші сюжетінде.
Салада алға жылжу бар

Ауыл шарушалығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бүгінде аталған саланы дамыту бойынша ауданымызда айтарлықтай жұмыстар атқарылып келуде. Жыл басынан бері 35 млрд теңгеге ауыл шаруалышылығы өнімдері өндірілген. Жалпы ел дамуының негізгі драйвері саналған саланың бүгінгі ахуалы қандай? Шаруаларға қандай көмектер көрсетілуде? Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Сарыағаш: Экоакция қыза түсті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Сарыағаш ауданында қыза түсті. Әр аптаның сенбісінде аумақтарды тазалау үшін аудан әкімі Арман Абдуллаевтан бастап, барлық бөлімнің мамандары аймақтың тазалығына бей-жай қарамай біркісідей атсалысты. Одан бөлек, аудан басшысы барша тұрғындар мен кәсіпкерлерді тазалықө жұмыстарына қатысуға шақыруда.