Спорт алаңшасы қолданысқа берілді

Бұқаралық спортты дамытуға аудан басшылығы ерекше көңіл бөлуде. 30-тамыз Конституция күні қарсаңында Қызылжар ауылдық округі Жаскешу елді мекенінде замануи үлгідегі спорт алаңшасы ашылды. Ауыл балалары үшін қуанышты болған күнде олардың жанынан аудан әкімінің орынбасары, мәслихат төрағасы, округтің ақсақалдары табылып, алаңның лентасын салтанатты түрде қиды.

Ата заң ардақталды

Конституция кез келген мемлекеттің құқықтық темірқазығы. Бүгін Ата заң мерекесі қарсаңында Сарыағаш ауданында кең көлемде іс шара аталып өтті. Салтанатты мерекелік жиында бірқатар азаматтар елге еткен елеулі еңбегі үшін марапатталды. Толығырақ тілші сюжетінде.

«Аңсаған сәби»: 68 квота бөлінді

Қаншама жылдан бері бедеулікпен есепте тұратын, сәби сүюді армандап жүрген жандар үшін жағымды жаңалық. Биыл ауданымызда “Аңсаған сәби” бағдарламасы аясында 68 квота бөлінді. Аңсаған сәбимен қалай бала сүюге болады? Бағдарламаға кімдер қатысады? Толығырақ алдағы сюжетте:

Жиделіде мектеп тапшылығы жойылмақ

Ошақты ауылдық округіне қарасты Жиделі елді мекенінде 300 орынды мектеп құрылысы қарқынды жүруде. Бұған дейін №54 Тұрар Рысқұлов атындағы мектепте оқушылар 3 ауысымда оқитын еді. Енді міне мектеп тапшылығы жойылмақ. Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын қашан аяқтайды отыр? Жұмыс сапалы жүруде ме? Сюжет көрейік.

Көше бойында қызған жабайы сауданың жайы

Ошақтыда заңсыз сауданы жою мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып келуде. Бей-берекет жол бойында ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып жатқан кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жарату үшін билік өкілдері “Ошақты өнімдері” атты атаумен арнайы орын да жасаған. Десе де кей азаматтар бұған немқұрайлы қарауда. Оларға қандай шара қаралды? Толығырақ алдағы сюжетте:

«Асфальт көше көрмеген едік»

Ошақтыда халықтың игілігі үшін бірқатар игі жұмыстар жүзеге асуда. Мәселен, жаздыгүні топырақтан көз ашпай, қыстыгүні тобығына дейін лай кешкен Жетітөбе ауылының тұрғындары мәз-мейрам. Неге, себебі жергілікті бұқара көптен бері аңсаған асфальт жол ішкі көшелерге төселді. Бұдан бөлек ауылдық округтегі ішкі жолдарды асфальттау неше пайызды құрап отыр? Алдағы бейнесюжетте.

Ауыл аманаты: Шираған шаруа

Ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, табысын арттыруға бағытталған “Ауыл аманаты” жобасы аясында бірқатар құркелестіктер кешенді жоба арқылы 2,5 пайыздық несие алып, кәсібін дөңгелетуде. Солардың бірі Еңкес ауылының тұрғыны – Фархад Рақманқұлов. Аталған азаматтың шаруасын көру мақсатында самсаған жылыжайына біз де барып көрген болатынбыз. Ендеше сюжет көрелік.

15 жылдан кейін күрделі жөндеуден өтуде

Соңғы рет 2009 жылы күрделі жөндеуден өткен Дербісек а/о Елшібек батыр мектебі араға 15 жыл салып кезекті рет толықтай күрделі жөндеуден өтуде. Жаңа оқу жылының басталуына небәрі 1 айға жуық уақыт қалды. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырған мердігер мекеме 1 қыркүйекке дейін мектепті табыстап үлгере ме? Сюжет көрелік.

Түйеқұс өсіруде

Құркелестік тұрғын Алтынбек Өтешов, Африка түйеқұстарын өсірумен айналысып келуде. Мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алып, кәсібін кеңейтіп, бүгінде шаруасын дөңгелетуде. Өңірімізге таңсық болған түйеқұсты жерсіндірген жеке кәсіпкердің жұмысымен біз де танысып қайтқан болатынбыз. Толығырақ сюжет көрейік.

Түйе шаруашылығын дамытуда

Келесте түйе шаруалышылығын дамытып отырған кәсіпкер бар. Ақтөбе ауылдық округінің тұрғыны Мархабай Есиркепов мемлекеттен 2,5 пайызбен несие алып, ойсылқара төлін көбейтуді жолға қойған. Шаруасын ширатып отырған кәсіпкер бұдан бөлек, түйенің қымыраны және шұбатымен жергілікті бұқараны қамтамасыз етуде.