Сарыағаштағы жайлы мектептердің жайы…

Аудан басшысы ауданда құрылысы жүріп жатқан 4 жайлы мектептің құрылыс жұмыстарымен танысу мақсатында, нысан басына барды. Арман Абдуллаев мұнда да мердігер мекеменің өкілдерімен кездесіп, жұмыс қарқыны мен сапасын талқылады. Толығырақ тілші сюжетінде.

Алдаберген Есбаевтың құрметіне сынып ашылды

Келес ауданына қарасты Құйған елді мекеніндегі №44 Сырдария мектебінде құқық қорғау қызметінде ерлікпен қаза тапқан Есбаев Алдабергеннің құрметіне “Жас сақшы” сыныбы ашылды. Шара барысында қаза тапқан батырдың ерлігі еске алынып, оның қызмет жолы жас ұрпаққа үлгі ретінде көрсетілді. Толығырақ алдағы сюжетте.

Ауылішілік жолдар жөнделуде

Қызылжар ауылдық округінде ауылішілік жолдарды асфальттау жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл жұмыстар елді мекеннің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған және облыстық бюджеттен қаржыландырылып отыр. Ауылдағы тұрғындар қашаннан бері жол мәселесін көтеріп келген болатын. Енді міне көп ұзамай бұл мәселе шешілуде.

«Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі»

Отбасы күні елімізде жоғары дәрежеде аталып өтті. Өңірлер бойынша түрлі іс шаралар ұйымдастырылды. Келес ауданында да Отбасын қолдау орталығында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған тәртіп сақшылары мен, ауыл ақсақалдары, ақ жаулықты әжелер қауымы қатысты. Шарада одан бөлек, әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларына мектепке қажетті құрал жабдықтар мен, мектеп формалары тарту етілді. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Кардиологтар сарыағаштықтарды қабылдады

Сарыағаштық тұрғындар үшін арнайы тағы да Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығының кардиологтары іс-сапармен келді. Олардың қатарында ультра дыбысты зерттеу маманы да бар. Ақ халаттылар жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасып, тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап берді. Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы

Судьялар сөйлейді

Бүгін Сарыағаш аудан әкімдігінің ғимаратында сарыағаштық судьялардың, аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев және ауыл ақсақалдарының қатысуымен өзекті тақырыпта басқосу өтті. Жиында татуластыру рәсімдері мен “Азамат банкрот деп тану” тақырыптарында түсіндіру жұмыстары өтті. Толығырақ алдағы сюжетте:

Чемпиондар құрмет құшағында

Кореяның Мунген қаласында өткен дзюдодан Азия біріншілігінде жүлделі оралған жерлестеріміз Тағай Сымбат пен Сейітжан Маметовты сарыағаштықтар бар сән салтанатымен қарсы алды. Байрақты бәсекеде аудан атын асқақтатуды мақсат еткег жас жеткіншектер ыстық ықыласы мен құшағын жайып қарсы алған қалың бұқараға алғысын білдірді.

Заңға енгізілген өзгерістер

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде ауданның прокурор ы Мошқалов Мақсат Мырзабайұлының жетекшілігінде тәртіп сақшыларымен кездесу өтті. Онда қылмыстық кодекстің 108,109 баптарына енгізілген өзгерістер жайы кеңнен талқыланды. Толығырақ тілші сюжетінде.

Шекара шебі – қырағы қолда

Биыл Сарыағаш шекара басқармасының құрылғанына – 25 жыл. Осыншама уақыт ішінде сарыағаштық шекарашылар кірпік қақпай ел тыныштығын күзету жолында жанқиярлықпен елеулі еңбек етіп келуде. Олар қаншама құқықбұзушылықты анықтап, қылмыстың жолын кесті. Мемлекеттік шекараны міз қақпай күзету, оңай шаруа емес. Ендеше бұл қызметтің ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген азаматтар туралы сюжет көрелік.

Спорт алаңшасы қолданысқа берілді

Бұқаралық спортты дамытуға аудан басшылығы ерекше көңіл бөлуде. 30-тамыз Конституция күні қарсаңында Қызылжар ауылдық округі Жаскешу елді мекенінде замануи үлгідегі спорт алаңшасы ашылды. Ауыл балалары үшін қуанышты болған күнде олардың жанынан аудан әкімінің орынбасары, мәслихат төрағасы, округтің ақсақалдары табылып, алаңның лентасын салтанатты түрде қиды.