Жаскешуге газ берілді

Арман Абдуллаев Қызылжар елді мекеніне жұмыс сапарымен барып, көптен күткен қуанышты оқиғаның куәсі болды. Ұзақ жылдар бойы көмір тасып, от жағып, күл шығару сияқты ауыртпалықтарды енді жаскешуліктер енді табиғи газдың игілігін көрмек. Жаскешу ауылындағы 78 үйге көгілдір отын қосылып, тұрғындар үшін жайлы өмірдің жаңа кезеңі басталмақ.

Жаскешу: Шағал ұрлығы әшкере болды

Сулы Келестің маңында орналасқан Жаскешу ауылында заңсыз шағал ұрлап, қалтасын табиғаттың есебінен қампайтатындардың қатары азаймай тұр. Аудан әкімінің Қызылжар а/о жасаған жұмыс сапары барысында, экологияға нұқсан келтірген «іскерлердің» заңсыз әрекеті Арман Айдарұлын бей-жай қалдырмады. Шағал ұрлау фактісіне куә болған аймақ басшысы, бірден полицейлерді шақырып, істі соңына дейін жеткізуді тапсырды. Толығырақ Халима Мақсатқызы жалғайды.

Біліктілікті шыңдау

Сарыағаш ауданына ерекше ауқымды іс-шара өтті. Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыруға арналған бұл семинар оқушылардың Отан қорғауға деген қызығушылығын ояту мен әскери білім беру әдістемесін жетілдіруге бағытталған.

АЭС: Жастар да ел ертеңіне сенеді

Сарыағаш ауданында АЭС-ті қолдау мақсатында құрылған халықтық штаб бүгін аудан жастарының басын қосты. Кездесу барысында атом электр станциясының артықшылықтары мен оның экономикалық тиімділігі кеңінен талқыланды. Жастар да бұл маңызды мәселе бойынша өз ойларын ортаға салып, референдумның маңыздылығын атап өтті.

Пробация: Жаңа өмірге қадам

Қоғамның қиын жағдайына тап болып, құқықтық жауапкершілікке тартылған азаматтар үшін жаңа өмірге қадам жасау үлкен сынақ екені белгілі. Дегенмен, сол азаматтарға екінші мүмкіндік беру, оларды қоғамға бейімдеу және жаңа өмірге бағыттау тек жеке бастың емес, бүкіл қоғамның мүддесі. Осы орайда, аудандық прокуратура мен пробация қызметі өздеріне жүктелген міндетті толықтай орындап, пробация есебінде тұрған азаматтарға көмектесуде белсенді жұмыстар атқаруда. Толығырақ сюжет көрелік.

АЭС: Батыл шешімдер уақыты

Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев Сарыағаш ауданындағы білім мекемесінде ондағы қызметкерлермен кездесіп, 6 қазанда өтетін референдумның маңызы мен атом электр станциясын салудың артықшылықтарын түсіндірді. Кездесуде білім қызметкерлері өз пікірлерін еркін айтып, АЭС салу жөніндегі референдумға қатысудың әр азаматтың міндеті екенін атап өтті

АЭС салу – ең тиімді шешім

Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев жергілікті кітапханашылар мен мәдениет қызметкерлерімен маңызды кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – 6 қазанда өтетін Республикалық референдумның мән-маңызын түсіндіру және атом электр станциясының ел экономикасына қосатын үлесін халыққа жеткізу. Бұл жиында облыстық және аудандық деңгейдегі депутаттар да өз пікірлерін білдіріп, АЭС мәселесіне байланысты сұрақтарға жауап берді.

Батагөй қариялар байқауы

Бүгін Сарыағаш ауданында халқымыздың рухани қазынасын дәріптейтін тамаша шара – «Батагөй қариялар» байқауы өтті. Бұл жолы сайыстың басты ерекшелігі – абыз ақсақалдар немерелерімен бірге бата беріп, ұрпақтар сабақтастығының көрінісін паш етті. Шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, сайыстың маңыздылығын атап өтті.

Әркімнің дауысы маңызды

Сарыағаштағы АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері халықпен белсенді кездесулерін өткізуде. Бұл жолғы кездесу адам көп шоғырланған Алып сауда қалашығында өтіп, халыққа атом электр станциясының салынуының маңыздылығы мен артықшылықтары түсіндірілді. Штаб мүшелері мен жастар қауымы тұрғындармен тікелей диалог орнатып, АЭС жобасының экономикалық және экологиялық аспектілерін ашып көрсетті.

АЭС Қазақстанның болашағы ма?

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі қоғамда қызу талқылануда. Энергия тапшылығы мен экологиялық талаптарды ескере отырып, кейбір сарапшылар бұл бастаманың тиімді екенін алға тартады. Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты Жақсылық Баянов та осы бастаманы қолдайтындардың бірі.