Қолжетімді спорт

Келес ауданындағы “Қазыналы қария – тең қоғам” орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында шахмат, үстел теннисі және дойбы ойындарынан жарыс өтті. 25- қазан Ұлттық республика күніне арналған шараға аудан басшының орынбасары Дәурен Сариев арнайы қатысып, қатысушыларды марапаттады.
Келестен сәлем

Авторлар: Айгерім Айтбаева, Марат Жолдас
Жыл үздіктері таңдалды

Авторлар: Айгерім Айтбаева, Майра Нұрмахан, Марат Жолдас
Алтыннан алқа тақты

Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында алтын алқа иелерін марапаттау рәсімі өтті. Аудан басшысының орынбасары Алдияр Қозыбаев алтынқұрсақты аналарға ҚР Жарлығымен “Алтын алқа” және “Күміс алқа” мемлекеттік төсбелгілерін табыстады.
Көк байрағымыз асқақтаған күн

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Республика» күніне арналған мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Шара «Ана мен бала» аллеясы алдында өтті. Сондай-ақ, ұлттық мереке аясында ауданда бірнеше нысанның лентасы қиылып, тұрғындарға пайдалануға берілді.
Тұғыры биік мереке

Авторлар: Айгерім Айтбаева, Сағындық Ислам
Кітапханашылар мерекесі

24-қазан Кітапханашылар күні мерекесі. Былтыр ғана айтулы дата боп бекітілген жаңа мереке аясында Сарыағаш аудандық орталық кітапханалар жүйесіне қарасты Дарбаза ауылдық кітапханасы бүгінде облысымызға танымал. Қорында 18722 кітабы бар ауылдың рухани орталығы туралы алдағы сюжетте.
Спорт – мүмкіндікті шектемейді

Елімізде тағдырдың тәлкегіне ұшыраса да, сынға сүрінбей, өмірдің соқпағына қарымта соққы жасап жүрген спортшылар бар. Бүгін біз әңгімелейтін жандар нағыз қайсарлық пен төзімділіктің құнын көрсетіп, “қалауын тапсаң – қар жанадының” дәлелі бола алады. Келестік батыр спортшылармен сұхбаттасып қайтқан әріптесім Айгерім Айтбаеваның сюжеті назарларыңызда.
Жаңа жоба

Келес аудандық мәдениет үйінде “Шағын жинақты мектептермен серіктестік аясында білім сапасын арттырудың проблемалары мен жаңашыл әдістәсілдері” тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты – мамандандырылған мектеп тәжірибесі негізінде серіктес шағын жинақты білім мекемелерінде білім сапасын арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдермен алмасу.
«Жүректен жүрекке»

Келес ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазыналы қария – Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған мерекелік жиын өтті. Аудан басшысының орынбасары Дәурен Сариев арнайы келіп, ерекше азаматтарды құттықтады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жүректен жүрекке» іс-шарасы барысын әріптесім Айгерім Айтбаева жалғайды.