ДАРБАЗАНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ ҚАНДАЙ?

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тұрғындармен кездесуі Дарбаза ауылдық округінде жалғасты. Кездесуде аудан басшысы ағымдағы жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды баяндады. Мақсат – тұрғындармен еркін пікір алмасып, маңызды мәселелерді талқылау екенін айтып өтті аудан басшысы.

ЕРСІН ӘМІРЕ САРЫАҒАШТЫҚ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Сарыағаштық жастар республикамызға танымал дінтанушы Ерсін Әміремен кездесті. Басқосудың негізгі мақсаты – аудандағы діни ахуалды тұрақтандыру, деструктивті ағымдардың алдын алу және діни құндылықтарымызды дәріптеу. Жиын аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде «Күрең тұлпар» қоғамдық бірлестігімен арнайы ұйымдастырылған.

Бір шаңырақ астында

1944 жылы қарашада Орта Азия мен Қазақстан аумағына көптеген ұлт өкілдері қоныс аударған болатын. Солардың бірі – түрік халқы. Қиын – қыстау сәтте «дініміз бір, діліміз бір» деп қол ұшын созған қазақ халқының жақсылығын түрік бауырларымыз әлі де ұмытпақ емес. Осы орайда, Сарыағаш аудандық түрік этно – мәдени орталығы қаламыздағы дәмханалардың бірінде кең дастархан жайып, ас берді. Бабалар рухына Құран бағыштады. Жиынға аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы қатысты.

Жаңа арка орнатылды

Сарыағаш қаласын өркендету жұмыстары жалғасуда. Енді ауданымызға қонаққа келген азаматтар темір жол вокзалынан шыға сала қала куәлігіне айналатын әдемі аркамен тамсанатын болады. Онда өңір мен халық саны туралы толық ақпарат берілген. Ажарлы арканың ашылу салтанатына аудан басшысы АрманАбдуллаев пен мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы қатысты.

«CodiPlay»: Келесте жеті мектеп жобаға қатысады

Түркістан облысы бойынша “CODIPLAY” жобасы алғаш Келес ауданы мектептеріне енгізілмек. Келес ауданы білім бөліміне қарасты 7 мектеп биылдан бастап «CodiPlay» жобасына қатысады. Жоба геймификация элементтері арқылы балаларды бағдарламалауға үйретуге бағытталған. Енді келестік оқушылар арнайы қосымша арқылы ойындармен бағдарламалау мен гаджеттерді (IoT жобалары) жасауға үйрене алады.

Жібек жолы ауылындағы кездесу

Аудан тұрғындарымен кездесу Жібек жолы ауылдық округінде жалғасты. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы М. Байгабулов аудан бойынша 2024 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың нәтижесін баяндап, алдағы уақытта іске асырылатын жоспарларды атап өтті.

Жемістіде 17 мәселе шешімін тапқан

Сарыағаш ауданы әкімінің халықпен кездесуі жалғасуда. Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мұрат Байғабұлов Жемісті ауылының тұрғындарымен жүздесті. Есептік жиында алғашқы жартыжылдық кездесуде көтерілген мәселелердің шешілу барысына тоқталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жоспарын баян етті.

Еңбекпен жеткен биігің қашан да заңғар

«Еңбекпен жеткен биігің заңғар болып көрінер, еңбексіз жеткен биігің бір күн жоқ боп төгілер» дегендей, ауданымызда адал еңбегімен үлкен белестерді бағындырған жандар көп. Жалғыз өзі ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын жалғап, еңбегін ата кәсіпке айналдырған жанұялар да аз емес. Еңбексүйгіш жанұялардың бірі Жылға ауылында тұратын Меңлібаевтар әулеті. Жуырда ғана Меңлібаевтар отбасы республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінен жеңімпаз болып, республикалық сайыстың лауреаты атанды.

Мәслихат төрағасы сайланды

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІІ сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі Арман Абдуллаев Түркістан облыстық мәслихат депутаттары А. Салимов, Ж. Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.