«Тіл – достық пен ынтымақтастықтың кепілі»

Үкімет қаулысымен 7-ші жыл қатарынан 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі тойланып келеді. Мейрамға орай Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде “Тіл достық пен ынтымақтастықтың көпірі “ атты шара өтті. Мерекелік кеште Сарыағаш ауланы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев тіл жанашырларын айтулы мерекемен құттықтап, алғыс хат тапсырды. Жиынға ауданымыздағы этно-мәдени орталықтарының өкілдері, филологтар мен өзге де сала өкілдері қатысты.

300 орындық қосымша мектеп ғимараты ашылды

Әдеттегідей 1-қыркүйек күні соғылған алғашқы қоңырау мерекесінде биыл 345мың бүлдіршін алғаш мектеп табалдырығын аттады. Республика көлемінде көптеп жаңа білім ошақтары ашылды. Мәселен, Келес ауданы Қошқар ата ауылдық округінде білім күні мерекесіне орай 300 орындық қосымша мектеп ғимараты пайдалануға берілді.

Қоғам тұрақтылығы – басты назарда

Сарыағаш аудан әкімдігінде ҚР Президенті әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан және ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің қатысуымен кездесу өтті. Мақсат – этносаралық татулықты нығайту. Қос аудан басшылығы қатысқан жиын жайн тілші тәмпіштесін.

275 іс оң шешімін тапқан

Сарыағаш аудандық сотында дөңгелек үстел өтті. Тақырып: борышкерлердің ҚР-нан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушылардың қаулыларын қарау және талқылау.Жиынға заңгерлер, сот орындаушылар мен судьялар қатысты. Дөңгелек заң қызметкерлерінің басқосуында көтерілген екінші тақырып татуласудың негізгі формасы- медиация турасында болды.

Қоныс аудару бағдарламасы

Бүгінде еліміздің оңтүстігінде солтүстік аймақтарға қарағанда халықтың тығыздылығы 4 есе жоғары көрсеткішке ие. Сол көрсеткішті теңдестіру мақсатында тұрғындарды солтүстікке көшіру жұмыстары жүргізілуде. Павлодар облысынан келген делегация келесі кездесуді Келес ауданында өткізді.

Мықтылар анықталды

«Аманат ақылман» интеллектуалды ойыны Келес ауданында жалғасын тапты. Сайысқа12 ауылдық округтің командалары қатысты. Жарыс 4 кезеңнен құралды. Қай команда жеңімпаз атанды? Бірге білейік.

Спортшылар мерекесі

Спорт күні мерекесіне орай Келес ауданында мекеме қызметшілері арасында спартакиада өтті. Шарада мамандар ләңгі тебу, үстел теннисі, асық ату, арқан тартыс сынды спорт түрлерінен бақ сынады. Сайыс соңында жүлдегерлерді Дәурен Сариев арнайы дипломдармен марапаттады.

Қоқысқа кім жауапты?

Сарыағаштан сән кетті. Барлық көшелерде дерлік төбе – төбе қоқыс жиналып тұр. Бұған тұрғындар емес, өз жұмыстарын тыңғылықты атқармаған мердігер мекеме кінәлі. Халықтың наразылығы мен шағымдары әлеужеліден бір – ақ шығып “рекке” айналып жатса, мердігердің қисынсыз жауаптары тұрғындардың төбе шашын тік тұрғызып жатыр. Қоқыс қалдықтарын қалдырып кететін жауапты мекеменің шаруасы енді не болмақ? Апта сайын жиналып жатқан қоқыстың проблемасы шешілді. Көреміз.

«Amanat aqylman»

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен әр ауданда өтіп жатқан «AMANAT AQYLMAN» зияткерлік додасы дәстүрлі түрде Сарыағаш ауданында жалғасын тапты. Интеллектуалды жобаға 20 команда қатысты. Кіл мықтылардың басын қосқан білім бәйгесінде қандай қызықтар орын алды? Бас жүлде кімге бұйырды? Облыстық сайысқа қай команда қатысады? Бірге білейік.