Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте

Сарыағаш аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен мәдениет үйінде «Тарихыңды таны- тұлғаңды құрметте» атты акция өтті. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы және облыстық Фараб ғылыми әмбебап кітапханасының бастамасымен өткен шараның мақсаты – өз өлкеміздің тарихы мен мәдениетін, танымал тұлғаларын өзге ауданға, ел болашағы жастарға таныстыру арқылы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Арнайы акция кезінде «Құрмет» медалінің иегері Арслан Арынұлының өнегеге толы ғұмыры дәріптелді.

“AES2024.kz” сайты іске қосылды

АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты. Кейінгі кездеріжаңартылатын әрі баламалы қуат көздерін дамытуға нақты бағыт алдық. АЭС құрылысының мемлекетіміздің дамуына мультипликативті әсерін түсініп келе жатқан халық жаңашылдық қолдап пікір білдіруде.

АЭС-тің тиімділігі

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жарлығына сәйкес елімізде 6 қазан жалпыхалықтық референдум өтеді. Мақсат- қауіпсіз әрі тиімді энергия көзі ретінде саналып отырған атом электр станциясын салу бойынша халықтың таңдауын анықтау. Осы орайда АЭС-тың тиімді тұстарын түсіндіру, халық арасында алып қашпа әңгімелердің алдын алу мақсатында Түркістан облысы бойынша құралған штаб өкілдері Сарыағаш тұрғындарымен кездесу өткізді

Мәдени кеш

Орталық саябақта кезекті концертті Жаңатұрмыс ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырды. «Ауылым – алтын бесігім» атты шараға округтің үздік мәдениет майталмандары, сондай – ақ, өнерлі оқушылар қатысты. Саусағы сүйрік бишілер мың бұрала билеп, әншілер әуелете ән салды.

Кеңесіп пішкен тон-келте болмас

Кеңесіп пішкен тон келте болмас. Елімізде атом электр станциясын салу – қоғамда кеңінен талқылануда. Идеяның тиімді тұсы қандай? энергетикалық саладағы еңселі жұмыс жайлы тұрғындардың пікірін біліп қайтты.

Композитормен кездесу

Сарыағаштық мәдениет қызметкерлері сазгер Абдуғафур Кенжебаевпен кездесті. Аудан жұртшылығына ғана емес, жалпы есімі елімізге балалар композиторы ретінде танымал өнер адамымен басқосу Қызылжар ауылдық мәдениет үйінде өтті. Дөңгелек үстел кезінде копозитордың биографиясы, шабыт, ғұмыры ұзақ ән жазудың қыр – сыры сөз болды.

Ат үстіндегі жекпе-жек

Келес ауданы Қоңыртөбе ауылында қазақтық ұлттық ойыны аударыспақтан ашық біріншілік өтті. Додаға 100ге жуық балуан қатысты. Жүлделі орын алған спортшылар облыстық турнирге жолдама алды.